Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Басқарманың жаңалықтары

«Қазақ тілінен латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуі туралы» жоба

26.07.2017

Ел Басы «Болашаққа көз қарас: қоғамдық сананы жаңғырту» негізгі баптың ережелері туралы халыққа қазіргі заманғы және кешенді ақпараттандыру мақсатында «Севказэнерго» АҚ, «Петропавл жылу желілері» ЖШС және «Солтүстік-Қазақстандық Электр желілік Тарату компаниясы» АҚ электр үнемдейтін кәсіп орындар еңбек ұжымдарымен әнгімелесу жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарының өткізілуіндегі шешуші сәтіне және «Қазақ тілінен латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуі туралы» жобасына негізгі назарына алынып отырды.

Әңгіме не туралы болып отыр?

Перезидент «Болашаққа көз қарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ-тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшуін бастама етіп көтерді. Бұл ретте, латын әліпбиіне көшудің негізінде, бір жағынан, терең тарихи логика, ал екінші жағынан, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі, қазіргі XXI ғасырдағы ғылым-білім беру процесі үшін маңызы зор әлемдегі технологиялық орта және коммуникация ерекшеліктері жатыр.

Халықтық үлкен өнертабыстарының бірі-жазу. Жазу қоғамның жинап түйген тәжірбиесінің бәрін бір жерге шоғырландырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беруге мүмкіндік береді.

Өзіңнің дамуы барысында қазақ тілі нақты тарихи кезеңінің талаптарына бейімделе отырып, жазуын бірнеше рет өзгертті.

Қазіргі қазақстан аумағына ислам діні келгеннен бастап, яғни X ғасырдан бастап араб жазуына көшкен, бұл жазу XX ғасырдың басына дейін қолданылған.

1923 жылдан бастап Қазақстан аумағында жаңа, латынға бейімделген әліпби — «Бірыңғай түркі әліпбиі» пайда болды. Латын жазуына негізделген бұл жазу 1939 жылға дейін қолданылып, 11 жылдан кейін латын жазуының орынына кирилл әліпбиі келді. 1940 жылы «Латын жазуына бейімделген қазақ жазуын орыс жазуының негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» Заң қабылданды.

Қазақстан саясатының ерекше белгісі-белгілі бір бастамалар мен реформаларды іске асыру тәсілдерінің ойластырылғандығы болып табылады. Френсис Бэкон «Уақытында жасалмаған іс — бекер іс» деген екен.

Қазақ тілін латын жазуына көшіру туралы ұсыныс, жаңа әліпби дайындау және құжат айналымы мен кітап басып шығаруды латын тіліне ауыстыру қазақстандықтар үшін кенеттен туындаған мәселе емес. Бұл мемлекеттің мақсатты түрде және кезең-кезеңімен бет алған бұрыннан мәлімделген мақсаты. Сондай-ақ бұл бастама «сырттан» келген жоқ, оны бастама етіп көтерген — Қазақстан азаматтары.

Латын жазуына көшудің қажеттігі туралы мәселені Қазақстанның қоғам қайраткерілері мен білім саласындағы мамандар тәуілсіздіктің алғашқы жылдары-ақ ұсынған болатын. Қазақ тілінің жазуын өзгертудің орындылығы туралы мәселе алғаш рет 1992 жылы бұрынғы КСРО аумағында туратын түркітілдес халықтардың өкілдері қатысқан Түркияда өткен Түркологиялық Конгресс аясында айтылған болатын.

Алайда сараптамалық бағалар қоғамның мұндай күрт өзгерістерге дайын еместігін көрсетті.

Бұл мәселе 2006 жылы тағы да күн тәртібіне қойылды, Қазақстан халқтар ассамблеясында Елбасымыз әлемдік коммуникациялық кеңістікте латын жазуының көшу мүмкіндігі туралы мәселені талқылауға шақырды.

Латын жазуына кезең-кезеңмен көшу туралы мәселенің жаңа «Қазақстан — 2050» стратегиясында» көтерілуі қисынды. Президенттің 2012 жылғы «Қазақстан — 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында қазақ тіліне жаңғырту жүргізетін кез келді делінген. Қазақ тілі «Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс».

Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз... Осылайша, тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз — туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде», — деді Президент. Сол кезде қазақ жазуының латын жазуына көшуінің нақты датасы 2025 жыл деп көрсетілген.

Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты мақаласында қазақ жазуын латын графикасына көшірі тақырыбын нақтылай келе, мамандар мен Үкіметтің алдына мынандай міндеттер қойды:

  • 2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау;
  • 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын кадрлар даярлау мен орта мектептерге арналған оқулықтар даярлауды бастау;
  • Қазақ тілін латын қарпіне көшірудің нақты кестесін әзірлеу;
  • 2025 жылдан бастап іс қағаздарын латын қарпіне жүргізі, мерзімді баспасөзді, оқулықтар мен басқа басылымдардың барлығын латын қарпінде жариялау.

Қазақ жазуын латын графикасына көшіру қажеттілігі туралы айта келе, Ұлт көшбасшысы қазақ тілін латын қарпіне көшіру процесі жақсы дайындықпен және байыпты түрде жүргізілуге тиіс деп атап көрсетті. Бұл біздің әлемдік өркениетпен ықпалдасуымызға, ағылшын тілін және интернет тілін үйренуімізге жағдай жасайды.

Латын графикасына көшуге байланысты жиі қойылатын сұрақтардың бірі: «Не үшін кирилл қарпінен бас тартуымыз керек және не үшін қазақтар 900 жыл бойы пайдаланған арабтың өрме жазуын емес, латын қарпін таңдаймыз?»

Мәселенің басты себебі — әлемнәң жаһандану процесіне ұмтылуында. Латын қарпі қазіргі кезде жаһанданудың графикасына айналды. Латын қарпі жаңа технологиямен, компьютермен, сапалы жетістіктермен байланыстырылады. Тіпті жапон тілінде аталатын жапон фирмаларының өздері атауларын латын қарпімен жазғанды дұрыс санайды. Тіпті, Қытайда экономиканың бірнеше секторларында әлемдік нарыққа шығу үшін, әлемдік деңгейдегі тұтынушыға түсінікті болу үшін латын қарпін қолданылатындығы белгілі. Латын қарпі брендік графикаға айналып отыр. Латын қарпіне көшу уақыт талабынан қалмау үшін, әлемдік кеңістікке табысты интеграциялау үшін, бір қызығы, интеграцияланып қана қоймай, өзінің кескін-келбетін сақтап қалу үшін маңызды болып отыр.

Қазақстан жастарының шет тілдерін меңгеруге деген ұмтылысы, қоғамды компьютерлердіру, интернетті пайдалану, шығыс мәдениетінің телевидение, кино арқылы ықпал етуі, еуропалық сапаға ұмтылу — осының барлығы бідің қоғамды «латын қарпінің құшағына» еріксіз әрі біртіндеп тартып келеді.

Doing Business Дүниежүзілік банктің рейтінгісінде Қазақстан 35 орынға тұрақтап, қатарынан төрт жыл бойы үздік реформатор ретінде мойындалып келеді. Шетелдік азаматтардың Қазақстанға деген қызығушылығының артуы олардың қазақ тілін білуге деген мүддесін де ынталандырады. Қазақстанмен экономикалық байланыстарын кеңейтуді жоспарлай отырып, көптеген шетелдік компаниялар өз қызметкерлерінің қазақ тілін үйренуге жағдай жасауда.

Латын графикасына көшудің таза лингвистикалық сипаттағы бірқатар себептері де бар. Латын қарпіне көшу қазақ тілін дамытуға жаңа серпін береді. Өйткені бұл процесс тілдің грамматикалық, әсіресе фонетикалық жүйесі үйлестіруге жәрдемдеседі. Ғалымдар латын графикасы пайдалануға өте қолайлы әрі қазақ тілінің фонетикалық жүйесін дәл береді деген пікірде.

Қазіргі қазақ әліпбиінде 42 әріп бар, оның 33-і орыс тілінің және тоғызы — қазақ тілінің төл әріптері. Ал қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі дыбыс саны — баржоғы 28. Линвистика заңдарына сәйкес, дыбыстарға қарағанда әріптер саны аз болуы керек. Ал қазақ тілінде керісінше болып отыр, өйткені біз орыстың барлық әріптеріне қазақ тіліне тән дыбыстарды білдіретін әріптерді қостық. Егер біз латын қарпіне көшсек, бір дыбыс белгілі бір әріппен ған таңбаланатын болады.

Кейбір адамдарда латын қарпіне көшу мәселесі қандай да бір басқа мүдделерге, мысалы, геосаяси мәселелерге қатысты жасалып отыр деген пікір қалыптасқан. Қазақстан латын қарпіне көшсе Ресейден іргесін аулақ салады деген сөздерді де естіп қаламыз. Бұл сын көтермейтін тұжырым деп есептейміз. Қазақстанның Ресеймен құрлық шекарасы — әлемдегі ең ұзын шекара, ортақ тарихы, мәдени, экономикалық, туыстық байланыстар — мұның бәрі екі елдің бір-бірінен алшақтауына мүмкіндік бермейді. «Өркениетті таңдау» деген ұғымды «геосаяси таңдау» деген түсініктің синонимі ретінде қабылдауға болмайды. Қазақстан Президенті бірнеше дүркін атап өткеніндей, біз орыс тіліне байыппен қараймыз, орыс тілін білу мәдениетіміздің деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Шымкент қаласында жұртшылықпен кездесу кезінде сөйлеген сөзінде Президент: «Біз кирилл қаріпінен қол үзіп кете алмаймыз және орыс тілі мен мәдениетін ұмыта алмаймыз. Бұл қазақтар үшін мүмкін нәрсе емес. Біз орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетті, әлемдік прогресті таныдық. Сондықтан ол әрқашан бізбен бірге. Адам қанша көп тіл білсе, ол соншалықты зиялы. Ресей біздің үлкен көршіміз және біз әрқашан бірге боламыз».

Сонымен, тілдік графика реформасын қазақ тілін жаңғырту тұрғысынан ғана қарастыру керек. Бұл — графикаға ғана қатысты жүргізілетін реформа. Біз қандай да бір өзге тілге көшіп кетпейміз, графиканы ғана жаңғыртамыз.

Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, түркітілдес мемлекеттердің барлығы дерлік (Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан) латын әліпбиіне өтіп болғандығы латын графикасының түркі тілдерінің фонетикалық құрылымын дәл бейнелейтіндігін растайды. Осы ретте латын графикасына көшу — бұл елдердің сыртқы саяси бағыт-бағдарына әсер етпегендігін атап айтуымыз қажет. Егер мәселеге сезімге берілмей, прагматикалық тұрғыдан келетін болсақ, онда бұл тілдің қызмет етуі мен практикалық қолданысының мәселесі болып табылады.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Байланыс, ақпараты

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қ.
Парковая, 57 в, 226 каб
индекс: 150008
телефон: +7 7152 46-90-14
веб-сайты: ueikh.sko.gov.kz
e-mail: energetika@sko.kz
сенім телефоны: +7 7152 53-41-95

Яндекс.Метрика