Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Басқарма туралы || Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық аруашылық басқармасы» ММ (бұдан әрi — Басқарма) 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткiзiлген жұмыс туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармамен келесi жұмыстар жүргiзiледi.

Барлық мемелекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары мен мiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiледi. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерiмен салық органына жыл сайынғы кiрiс және мүлкi туралы мағлұмдама бередi. Өтiнушiлер үшiн жағдайды жақсарту үшiн Басқармада өтiнiштер мен жүгiнулер үшiн жәшiк орнатылған, сондай-ақ Басқармада БАҚ жарияланатын сенiм телефоны жұмыс iстейдi.

Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде бекiтiлген жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Ар-намыс кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттiк сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша сабақтар жүргiзiледi, мемлекеттiк сатып алулар бойынша семинарларға қатыстырылып, оқытылып үйретiледi. Басқармамен 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сақталады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесi ерекше бақылауға алынған, басқарма басшысы және орынбасарларының азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлген және жаппай көру үшiн көпшiлiкке қолжетiмдi жерде орналасқан.

Басқармамен конкурстық таңдау өткiзiлген кезде мемлекеттiк қызметке түсушiлер үшiн отырыстарды қадағалаушылар мен сараптамашылардың қатысуымен айқындық пен әдiлдiк қамтамсыз етiледi. Сондай-ақ Басқарманың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлiмiмен апатты үйлердiң тұрғын үй кезегiне қатысты шағымдардың себебiн анықтау бойынша жұмыстар жүргiзiледi және оларды жою бойынша шаралар қолданылады. Мемлекеттiк сатып алулар өткiзу кезiнде айқындық қамтамасыз етiледi.

19.10.2017 15:27

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Байланыс, ақпараты

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қ.
Парковая, 57 в, 226 каб
индекс: 150008
телефон: +7 7152 46-90-14
веб-сайты: ueikh.sko.gov.kz
e-mail: energetika@sko.kz
сенім телефоны: +7 7152 53-41-95

Яндекс.Метрика