Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Бастысы || Зейнетақы жүйесін жаңғырту

Зейнетақы жүйесін жаңғырту

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді ашық есік күніне шақырады!

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы 
  2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы  
  3. Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 Қаулысы (2015.28.11. берiлген өзгерiстермен)
  4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  5. Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi № 341 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстермен)
  6. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  7. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер меншiктi қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы (2015.10.12. берiлген өзгерiстермен)

ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті сауалдары

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесiн жаңғырту жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық материал

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың мақсаты мен ерекшелiктерi:

1. Зейнетақы төлемдерiнiң алдыңғы табысқа және елiмiздегi өмiр сүру деңгейiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету.

2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету(зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердiң, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсiмдердiң зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемi сәйкес келуi).

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлi жүйесiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажеттi және өзара байланысты өзгерiстер базалық деңгейде жүргiзiлетiн болады, ал мiндеттi деңгейде — ынтымақты және жинақтаушы, және ерiктi құрамдас бөлiктерде жүргiзiледi.

Алдағы өзгерiстер тұрғындар мен зейнеткерлердiң қандай топтарына бағытталатын болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiнiң ерекшелiгi бүкiл және әрбiр адамға қатысты болатындығында: бүгiнгi зейнеткерлердi де, зейнетке шығу құқығына әлi еңбек сiңiретiндерге де, әйелдер мен ер кiсiлерге; жұмыс iстейтiндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерiстер мемлекет, жұмыс берушi және тiкелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажеттi қамтамасыз етуге жауапкершiлiктi бөлудi көздейтiн адам мүддесiнде жүзеге асырылады.

Жаңғырту бағыттары

1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi институционалдық өзгерiстер, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметiндегi ерекшелiктер.

2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына ауыстыру.

3. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңiмен ұлғайту.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру моделi, оның негiзгi құрамдас бөлiктерi

Бүгiнгi таңда Қазақстанда базалық, мiндеттi және ерiктi деңгейлерден тұратын көпдеңгейлiзейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Базалық деңгейдезейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж.) және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысуды ескергенде) базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) төленедi. Бұл төлем еңбек өтiлiне және алдын алған табыстарына қарамастан барлық мөлшерде бiркелкi белгiленедi.

Анықтама үшiн: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шiлдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның iшiнде шамамен 830 мың адамы — ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы — зейнетақымен қамсыздандырудың аралас (ынтымақты және жинақтаушы) жүйесi. БЗТ мөлшерi 2013 жылы 9 330 теңгенi немесе ЕТКД-нiң 50%-н құрады.

Мiндеттi деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты (еңбек) және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебiнен –жинақтаушы зейнетақылар төленедi.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өту кезiнде азаматтар үшiн оларда 01.01.1998 ж. кемiнде 6 ай еңбек өтiлi және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл үшiн жалақысы болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшiн мiндеттi еңбек өтiлi әйелдер үшiн 20 жылды және ер кiсiлер үшiн — 25 жылды құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақылар жалақының 10% мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы жүйе қатысушыларына төленедi.

Әйелдер өз зейнетақы жинақтарын аннуитеттiк (сақтандыру) компанияға аудару арқылы зейнетақы аннуитетiн сатып алу жолымен зейнетке шыққаннан кейiн 18 жыл iшiнде оның ең төмен мөлшерiнен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеу үшiн жеткiлiктi болған жағдайда әйелдерге — 50 жастан, ер кiсiлерге — 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ертелеу алуға құқық көзделген.

I. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

2013 жылғы 1 тамызда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құрылтайшысы мен акционерi болып белгiлендi.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

  • мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсiмдерiнiң және зейнетақы активтерiн пайдаланудың тиiстi есебiн қамтамасыз ету;
  • инвестициялық стратегияларды жетiлдiру және зейнетақы активтерiнiң табыстылығын арттыру, әкiмшiлiк шығыстарды азайту;
  • тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және оның қозғалысының барынша тазалығын қамтамасыз ету.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлiнген барлық зейнетақы активтерiн шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару биылғы жылдың қыркүйегiнен бастап кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншiк құқығы сақтала отырып (бұл өте маңызды!), толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ негiзгi мiндеттерi:

  • мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және салымшының қалауы бойынша ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) тарту;
  • салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;
  • салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;
  • зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;
  • ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту
  • халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiнҚазақстанның Ұлттық Банкi басқаратын болады.

Инвестициялауды ұйымдастыру үшiн ҚР ҰБ-ға инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдердi басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы берiледi. Алайда инвестициялық стратегия мен БЖЗҚ зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн рұқсат берiлген қаржылық құралдардың тiзбесi жөнiндегi ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мақұлдайтын болады.

Оның дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Кеңестiң құрамына ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Ұлттық Банкiнiң өкiлдерi, қаржылық нарық қатысушылары мен отандық тәуелсiз сарапшылар кiретiн болады.

Кеңестiң негiзгi функциясы:

  • Қордың зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
  • Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат берiлген құралдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және осы тiзбенi мақұлдау;
  • Қордың инвестициялық стратегиясын бекiту.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттiң зейнетақы жинақтарының сақталуы жөнiндегi кепiлдiк сақталатын болады.

Осылайша, мемлекеттiң зейнетақы активтерiнiң сақталуы және инвестициялық табыстылығын қамтамасыз етуге жауаптылығы арттырылады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

II. Ерiктiден мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына өту

Зейнетақы жүйесiн жаңғырту бағытындағы қайта құрулар қолданыстағы үлгiнiң ерекше еңбек жағдайларында жұмыс iстеуiмен байланысты тәуекелдердi өтей алмауына байланысты.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi кәсiптiк схемасы тиiстi деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын көбейтiп және 53-55 жаста зейнеткерлiкке шығуға мүмкiндiк бередi деп болжанған едi. Алайда, қазiргi уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгенi құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста iстейтiн адамдардың жұмыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.

Бұл ендi еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда iстейтiн адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетiн болады, оның 10 пайызы қызметкердiң өзiнiң еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс берушi есебiнен жүргiзiледi. Бұл олардың жүйеге үздiксiз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелi түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезiнде зейнеткерлiкке ерте шығуы үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарына мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Бұл ретте жұмыс берушiге де жүктеме азаяды, өйткенi кәсiптiк зейнетақы жарналарына төленетiн сома салық төлемдерiн жүзеге асырған кезде шегерiмге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшiн:

1) базалық зейнетақы төлемдерi;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 6 ай стажы болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсiби аурулар салдарынан еңбек ету қабiлетiнен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетiн өмiрлiк сақтандыру төлемдерi сақталады.

Бүгiнде, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншiктi қаражаты есебiнен олардың пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндiрiстердiң, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды.

Тiзбе жобасының түпкiлiктi нұсқасы 17 бөлiмнен — өндiрiс түрлерiнен және кәсiптер, лауазымдар және оларды бiрiктiретiн мазмұндардың атаулары көрсетiлген үш мыңнан астам ұстанымдардан тұрады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары зиянды, қауiптi жағдайлардағы еңбегi еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау нәтижесiмен расталған қызметкерлерге қолданылады, аттестаттауды өткiзу тәртiбiн елiмiздiң Үкiметi айқындайды.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау мамандандырылған 146 ұйымда жүргiзiлуде. Аталған ұйымдарды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау бойынша қызметтердi жүргiзу құқығына аккредиттеуге тиiс.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациядан өткiзу сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Сондықтан, ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығын күшейтедi және елiмiздегi артып келе жатқан өмiр деңгейiн зейнетақымен қамсыздандыру шегiнiң барабарлығын арттырады.

III. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтiлiнiң азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшiн өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң 12 астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтiлi жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердiң барлығында толық өтiл болмайды.

Бұл, 2018 жылдан кейiн зейнетке шығатын әйелдердiң зейнетақысы:

  • базалық зейнетақыны;
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшерi толық емес еңбек өтiлiне байланысты жыл сайын бекiтiлетiн ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн,
  • зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.

Болжамды есептер бойынша әйелдердiң алатынзейнетақысының мөлшерi осы онжылдықтың өзiнде бұрынғы орташа айлық жалақысының 40 пайызынан төмен болады.

Мұндай жағдайларда, зейнетақы жасын бiрiздендiру бюджет қаражатын үнемдеу үшiн емес, әйелдердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн және зейнетақы жинақтарының көлемiн арттыру үшiн ұсынылады, бұл тиiсiнше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерiнiң артуына алып келуге тиiс.

Қазiргi кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Оңтүстiк Корея, Чехия, Әзiрбайжан, Украина, Эстония және т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебiнен зейнетақы жүйесiн халықтың жасына бейiмдеу пайдаланылады.

Бұл ретте Еуроодақтың 18 елiнде әйелдердiң зейнеткерлiк жасы ер адамдардың зейнеткерлiк жасына 2020 жылға теңестiрiледi, бесеуi оны кейiн жасауды жоспарлап отыр.

Әлемдiк тәжiрибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейiн iске асырылған қазақстандық тәжiрибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңiмен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл iшiнде жүзеге асырылады.

Бұл:

  • бiрiншiден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өтуге мүмкiндiк бередi. Мысалы, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға бередi, яғни 6 айдан кейiн, ал 57-ге толғандар бiр жылдан кейiн немесе 59 жасында зейнетке шығады;
  • екiншiден, психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейiмделуге (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшiн);
  • үшiншiден, әйелдердiң нәтижелi жұмыспен қамтылу мүмкiндiктерiн кеңейту шараларын қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған үлгi, барлық әлеуметтiк ерекшелiктердi ескерiп, ауыртпалық салмай және негiзделiп 5 жылдан кейiн — 2018 жылы қолданыла бастайды.

Себебi ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейiн жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын бiрiздендiру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.

Зейнеткерлiк жасты ұлғайта отырып, Үкiмет халықты, оның iшiнде ең алдымен орташа жастағы әйелдердi жұмыспен қамту бойынша қосымша шараларды қолға алу қажеттiгiн түсiндi.

Бұған мемлекет iске асырып отырған, нәтижелi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек табыстарының өсiмiне бағытталған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы септiгiн тигiзедi, оның шеңберiнде әйелдер халықтың жұмысқа орналасуда және өзге де әлеуметтiк қолдау нысандары бойынша басымды құқыққа ие нысаналы тобына жатқызылған.

Аталған бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарламада әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтылуына баса назар аударылған. Әйелдердiң еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi болуы мақсатында Жол картасы шеңберiнде оларға:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегiн оқу, оларды мемлекет субсидиялайтын әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл ретте оқу кезеңiне оларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек берiледi, степендия төленедi;
  • микрокредит алу арқылы өз iсiн ашу және кеңейту және кәсiпкерлiк негiздерiне оқу;
  • еңбек ресурстарына қажеттiлiк бар әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге өз еркiмен көшудi жүзеге асыру мүмкiндiгi берiледi. Осындай отбасыларға жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуына, қызметтiк тұрғын үймен қамтамасыз етуде, көшуге субсидия беруде көмек көрсетiледi.

2011 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн Бағдарлама шараларымен 100 мыңнан әйел қамтылды.

Әйелдерге бала күтiмi бойынша демалыстан шыққаннан кейiн еңбек нарығында бейiмделуiне жәрдемдесу. Бәсекеге қабiлеттiлiгi арттыру мақсатында жұмыспен қамту орталықтары еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен бiлiктiлiгiн арттыруды, қажетiне қарай қайта оқуын және сұранысқа ие мамандық алуын қамтамасыз етедi.

Әйелдердiң еңбегiн кеңiнен қолдануға, қашықтықтан жұмыспен қамту түрлерiн пайдалануға, үйде еңбек етудi дамытуға, сондай-ақ әйелдер үшiн кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған бiрқатар шаралар көзделуде.

Бұдан басқа, Еңбек кодексiне жұмысқа орналастыру кезiнде кемсiтушiлiктi жоюға және 55 жастан асқан адамдардың жұмыспен қамтылуын сақтауға бағытталған кепiлдiктердi күшейтудi, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсiтушiлiк сипаттағы талаптарды (жынысты және жасты көрсету) қамтитын ақпаратты орналастырғаны үшiн өсiмпұл енгiзудi көздейтiн түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек өтiлi бар әйелдер үшiн зейнеткерлiкке ерте шығу құқығы сақталады:

  • 5 және одан көп бала туған(немесе асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтiлi 6 айдан кем емес;
  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемiнде 20 жыл жалпы еңбек өтiлi бар әйелдерге 45 жаста.

Сондай-ақ еңбек өтiлiне жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейiн, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт есептеледi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

IV. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту

Қазақстанның еңбекке қабiлеттi халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуының ағымдағы деңгейi 67,7%, оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер 98%-ын құрайды.

Сондықтан, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тартымдылығын арттыру, көлеңкелi сектор қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылуын кеңейту жөнiнде ұсыныстар қарастырылуда.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардың негiзгi үлесi жалақының 10% мөлшерiнде зейнетақы жарналарын төлейдi.

Егер қарапайым есептеулер жүргiзетiн болсақ, онда осындай жарналарды жүзеге асыратын азаматта 35 жылда қандай жинақ болатынын есептеуге болады: жыл сайын адам 23 мың теңгедей жинайды (егер 2013 жылды алатын болсақ), тиiсiнше 35 жыл iшiнде жинақтар 42 ең төменгi жалақыны құрайды. Мұндай жинақтар 3,5 жылға ең төменгi жалақы мөлшерiнде зейнетақы төлеуге жетедi.

Егер өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар зейнетақы жүйесiне қатыспайтын болса, зейнеткерлiк жасқа толған кезде оларға жасына байланысты мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызынан аспайтын әлеуметтiк жәрдемақы төленедi, ол 2013 жылдың үлгiсi бойынша 9330 теңгенi құрайды.

Бұл мәселенi шешу үшiн мынадай жұмыстар жоспарлануда:

  • өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн нақтылау және оларды нәтижелi жұмыспен қамтуға тарту жөнiнде (Жұмыспен қамту 2020 картасы шеңберiнде) жүргiзiлетiн шараларды ескере отырып, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне мiндеттi қатыстыру туралы талап енгiзiлетiн болады;
  • жарналарды төлеу тәртiбi өзгередi;өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар бүкiл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиiс болады.
  •  ең төменгi кепiлдiктер жүйесi өзгертiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғырту жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу бойынша тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына 2013 жылғы 7 маусымдағы үндеуiнде жария еткен тапсырмаларын ескер отырып, халықты әлеуметтiк қорғау деңгейiне мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және қызметкердiң ынтымақты жауапкершiлiгiн көздейтiн зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғыртудың кешендi шаралары әзiрленетiн болады, атап айтқанда:

А)жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн бала туу және бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiң субсидиялауы.

Әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болуы, бiрiншiден жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiңүзiлуiне, екiншi жағынан — зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң объективтi түрде артта қалуына (ерлермен салыстырғанда) әкеледi.

Есептеулер мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға қатысушылар (бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша) үшiн жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталған жағдайда бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңде (Заң бойынша — 3 жыл) жинақ мөлшерi тиiсiнше 2,5 есеге төмендейдi.

2014 жылғы 14 қаңтардан бастап әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген. Бюджеттен субсидияланатын мiндеттi зейнетақы жарналары Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен төленетiн әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын зейнетақы жарналарымен қоса белгiленетiн болады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерi аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген бұрынғы табыстан 10% құрайды.

Ел Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетiлген мақсаттарға 30,6 млрд. теңге сомада шығыстар көзделген.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

1-мысал, баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 150 мың теңге құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ. Егер қазiргi уақытқа дейiн бала бiр жасқа дейiн оның күтiмi кезiнде оның зейнетақы жарналары айына 6 мың теңгенi құраса, ұсынылып отырған тетiк бойынша 9 мың теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 15 мың теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Назарға алыңыз! Әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн ескерiлетiн табысқа арналған қолданыстағы шектеудi ескере отырып, субсидиялау мөлшерi ең төмен жалақы мөлшерiнен (ағымдағы жылы 18 600 теңге) аспайтын болады.

Зейнетақы жарналарын есептеу объектiсiн 10 ең төмен жалақымен шектеу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында енгiзiлген жоқ. Ол МӘСҚ-тан төленетiн сақтандыру төлемдерiне, сол сияқты мемлекет субсидиялайтын зейнетақы жарналарын мөлшерiн айқындауға зейнетақы жарналарын есептеуге бiрыңғай тәсiл қолдану қажеттiгiмен байланысты. Осындай тәсiл/шектеу әдiл болып отыр және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк заңнамасына сәйкес ол өзге де әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруда қолданылады.

2-мысал. баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 1399,5 мың теңге (75 ең төмен жалақы) құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ.Ұсынылып отырған тетiк бойынша 11 196 теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 18 660 теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Б) жұмыс берушiнiң есебiнен барлық қызметкерлер үшiн 5 % мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу.

Мiндеттi жинақтаушы деңгей шеңберiнде әрбiр қызметкер (салымшы) өзiнiң қарттығын қамтамасыз етуге (өзiнiң табыстарынан 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналары) жауапкершiлiкте болады. Бұл ретте, мемлекет зейнеткерлiкке шығу және өмiр бойы базалық зейнетақы төлемдерiмен қамсыздандыру кезiнде әрбiр салымшы бойынша зейнетақы жинақтарының нақты құнына кепiлдiктi қамтитын бiрқатар мәселелер бойынша жауапты болады.

Осыған байланысты, жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiнiң пайдасына аударатын мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiледi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, аудару тәртiбiн, осы жарналарды қалыптастыру және пайдалану тетiгiн әзiрлеу ұсынылады.

Осындай негiзде қол жеткiзiлетiн базалық және ерiктi құрамдауыштарды сақтау кезiнде жұмыс берушiлердiң тiкелей қатысуы есебiнен мiндеттi деңгейде зейнетақымен қамсыздандыру көздерiн кеңейту зейнетақы жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын күшейтедi және зейнетақы төлемдерiнiң сәйкестiгiн және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.

В) жұмыс берушi есебiненмiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын кезең-кезеңiмен тағы 5 пайызға арттыру (жыл сайын 1%).

2014 жылдан бастап еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушiлер есебiнен еңбекақы қорынан 5 % мөлшерiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiледi.

Кәсiптiк жүйенi одан әрi дамыту мақсатында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi 5-тен 10 %-ға дейiн кезең-кезеңiмен арттырылатын болады.

Осы өзгерiстер:

  • зиянды өндiрiсте жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуына және жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн арттыруға;
  • жұмыс берушiнiң салық салу базасындағы кәсiптiк зейнетақы жарналарын шегеруге жатқызу бөлiгiнде салық жеңiлдiгi бойынша нормалардың сақталуына әкеледi.

Осылайша, зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн адамдар үшiн зейнетақы жинақтары айтарлықтай тез көбейетiн болады, өз кезегiнде, оларға зейнетақы төлемдерiн ерте алу мүмкiндiгiн берiледi. Бұл жүйеге үздiксiз (кемiнде 30 жыл) қатысқан және жарнаны ұдайы (жылына 12 рет) аударған кезде зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн адамдарға 50 жасқа жеткенде зейнетақы аннуитетiн сатып алу арқылы зейнеткерлiкке ерте шығу үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкiндiк туады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және
әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ

12.12.2017 ж.

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелердің заманауи жай-күйін салымшыларға түсіндіріп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшін өзектілігі мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тақырыбы алынды.

Аталған іс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына инвестиция түрінде қалай құйылатындығы жөнінде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетін табыстың инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін екеніне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерін алуға құқық берілген кезде төленеді. Мемлекет кепілдігі бойынша төлемге құқықтың кімге берілетіні, сондай-ақ төлемді алу үшін қайда бару керектігі жайлы Қор қызметкерлері толық айтып берді.

Ашық есік күні бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тұсаукесері қамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелеріне қатысты толық ақпарат таратылды. Іс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерін қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.

БЖЗҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей жүйесі жұмыс істейтінін атап көрсетті. Мемлекет БЖЗҚ-ға нақты салынған міндетті зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескеріп сақтауға кепілдік береді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық берілген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіндегі инфляция деңгейіне қатынасы есептеледі. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитініне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенімді түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерін сақтау кепілдігі барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етіледі. БЖЗҚ акционері — Үкімет, ал сенімді басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі», — деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Р.Ж.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерінің топтамасы ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар олар зейнетақы жүйесі және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлімет ала алады.

Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында іс-шараға шамамен 476 қала тұрғыны келді. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің сөзіне сүйенсек, іс-шара өте қызықты болған. «Мен жаңа әрі пайдалы көп ақпарат алдым. Жеке кеңес алып, келешекте де осындай кездесулерге келіп тұратынымды түсіндім. Енді өз туыстарыма, таныстарыма, әріптестеріме, көршілеріме де келуге кеңес беремін. Зейнетақы мәселесі баршамызға қатысты. Сондықтан біз зейнетке шыққанда болатын өзгерістер, жаңалықтар туралы біле жүруіміз керек. Ең бастысы, жинағымыз түгел», — деді іс-шараға қатысушы.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

21.11.2017 ж.

«БЖЗҚ» туралы 5 сұрақ

1. Ерiктi зейнетақы жарналарын кiм және қашан ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

  • елу жасқа толған;
  • мүгедек болып табылатын;
  • Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгiленген мерзiмде зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асырады (ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күнi белгiленген, бiрақ iс жүзiнде бұл бар болғаны 3-4 күндi алады).

Қажеттi құжаттардың маңызды тiзбесi, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (Қорға өзi келгенде/пошта байланысы/үшiншi тұлға арқылы жүгiнгенде), сондай-ақ төлем валютасының түрiне қарай өтiнiш бланкiлерi мен оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.

БЖЗҚ кеңсесiне өзi келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы және алушының банктiк шоты туралы мәлiметтер қажет.

Сенiм бiлдiрiлген тұлға немесе қамқоршы арқылы жүгiнгенде:

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

2) нотариат куәландырған сенiмхат немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi/заңды өкiлдiң куәлiгi/заңды өкiлдi тағайындау туралы анықтама;

3) сенiм бiлдiрiлген тұлғаның/заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;

4) алушының банктiк шоты туралы мәлiметтер.

Пошта байланысы арқылы жүгiнгенде: БЖЗҚ белгiленген нысандағы алушы өздiгiнен толтыратын зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш (өтiнiш бланкiсiнiң өзектi нысаны — №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiштегi қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

3) БЖЗҚ белгiленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi мен талаптары туралы қосымша келiсiмдi алушының өзi 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келiсiм бланкiсiнiң өзектi нысаны «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған);

4) алушының банктiк шоты туралы мәлiмет.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

2. Зейнетақы жинақтарын алу барысында түпкiлiктi сомаға қандай салық салынады?

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң 158, 160 және 170-бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Зейнетақы төлемдерiн алушыдан Салық кодексiнде қарастырылған түзетулер мен салық шегерiмдерiн ескере отырып, 10 пайыз мөлшерiнде жеке табыс салығы салынады. Жеке табыс салығы зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалардан салық шегерiмi қолданылған соң барып зейнетақы төлемдерiнен ұсталады. Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын, ең төмен жалақы мөлшерiндегi салық шегерiмi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген. Ол әрбiр табыс есептелген айда қолданылады.

Кiрiс түзетулерi қолданылмайтын адамдар үшiн жеке табыс салығы салынбайтын салық шегерiмiнiң сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiне тең. Басқа сөзбен айтқанда, биыл ең төмен жалақы мөлшерi 24 459 теңгенi құрайды. Сәйкесiнше жеке табыс салығы салынбайтын жылдық сома 293 508 теңгенi құрайды деген сөз (12 x 24 459). Мысалы, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы 937 350 теңгенi құрайтын болса, бұл сомадан 293 508 теңгенi алып тастаймыз, сонда 643 842 теңге қалады. Мiнеки, осы 643 842 теңгеге жеке табыс салығы салынады.

БЖЗҚ кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiне өткен жағдайда да республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнiне қарай қолданыста болған бiр ең төмен жалақы мөлшерiнде салық шегерiмi қолданылады. Сәйкесiнше егер кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң сомасы ең төмен жалақыдан аз болатын болса, онда зейнетақы төлемiне жеке табыс салығы салынбайды.

3. Қазiр зейнеткерлер өздерiне тиесiлi зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитiне салу мүмкiндiгiне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкiндiктен айрылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме?

Қазiргi таңда зейнеткерлердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн белгiленген кесте бойынша жылына бiр рет, яғни «жыл сайынғы» кесте бойынша алады. Ал «ай сайын» және «тоқсан сайын» алу мүмкiндiгiн пайдаланғылары келмейдi. Сәйкесiнше алушылар БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiн зейнетақы ретiнде емес, жәй жинақталған сома ретiнде қабылдайды. Сөйтедi де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерiнiң оқуларына, той-томалаққа және әр түрлi сатып алуларға жұмсайды.

Тек кейбiр зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшiн депозитке салады. Дейтұрғанмен, депозит бойынша сыйақы ретiнде есептелген пайыздар, күнделiктi қажеттiлiк үшiн жоғары табыс әкеле қояры неғайбыл. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледi. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сенiмгерлiкпен басқарады.

ҚР Ұлттық Банкiнiң инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерiн әртараптандыруға бағытталған. Қазiргi таңда зейнетақы активтерi ұзақ мерзiмдi келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдердi төмендету мақсатында теңге және шетелдiк валютада номинирленген әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазiргi таңда зейнетақы активтерi мемлекеттiк құнды қағаздарға, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланған. Сонымен қатар екiншi деңгейдегi отандық банктер мен шетелдiк банктердiң депозиттерiне салынады және сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Инвестициялық басқару нәтижесiнде инвестициялық табысқа қол жеткiзiледi және ол салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына күн сайын есептелiп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы шотынан зейнетақы төлемдерi төлене бастаса да, шотта қалған қаражат инвестицияланып, оларға табыс түсiп отырады.

«Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлiк жасқа толған алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

4. Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендiгiн қалай бiле алады?

Бұл салымшы үшiн ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ:

  • салымшы зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);
  • пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жеткiзiледi);
  • электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
  • логин мен құпия сөздi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiне кiрiп, (логин мен құпия сөздi қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтiнiш жасау арқылы ала алады.
  •   egov.kzэлектрондық үкiметi арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамсызданлдыру» айдары — «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Бұл қызметтi пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзiндi-көшiрмелерiн өздерiнiң электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие.

Бiр миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетедi. Ал оның көлемi тұрақты түрде артып келедi. Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергi өсiм 853 млрд теңгенi құрады.

2017 жылдың 9 айы iшiнде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегiне дейiнгi кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды.

5. Зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кiм және қалай ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-шi тармағына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеудi жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (2269*52,4 = 118 895, 6 теңге) жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бiрақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс. Айта кетелiк, жерлеуге арналған соманы Қазақстан Рееспубликасының резидентi алатын болса, оған салық салынбайды. Егер, жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен (биыл бұл соманың көлемi — 31 245 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қосылып төленедi.

Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және аталмыш Заңның 31-33-баптарының 2 тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес мұраға қалдырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi — тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Мұрагерлiкке құқығы бар тұлғалардың толық тiзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрсетiлген. Ал қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажеттi негiзгi құжаттардың бiрi, ол — мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы төлемдерi мысалы, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiкте көрсетiлген үлес бойынша бiр жолғы төлем ретiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерiне 10 пайыз көлемiнде жеке табыс салығы салынады және салық заңнамасында қарастырылған түзетулер ескерiледi (алушыда жеке табыс салығы бойынша жеңiлдiк бар болған жағдайда). Бұл ретте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшiн БЖЗҚ-ға негiзгi құжаттармен қатар:

зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;

мұрагерлiк құқығы туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi не мұраға берiлетiн мүлiктi бөлу туралы келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi және заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тiзiмi БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлiмiнде орналастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

09.11.2017 ж.

«БЖЗҚ» туралы 5 сұрақ

1. Ерiктi зейнетақы жарналарын кiм және қашан ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгiленген мерзiмде зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асырады (ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күнi белгiленген, бiрақ iс жүзiнде бұл бар болғаны 3-4 күндi алады).

Қажеттi құжаттардың маңызды тiзбесi, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (Қорға өзi келгенде/пошта байланысы/үшiншi тұлға арқылы жүгiнгенде), сондай-ақ төлем валютасының түрiне қарай өтiнiш бланкiлерi мен оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.

БЖЗҚ кеңсесiне өзi келгенде алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi мен салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы және алушының банктiк шоты туралы мәлiметтер қажет.

Сенiм бiлдiрiлген тұлға немесе қамқоршы арқылы жүгiнгенде:

1) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

2) нотариат куәландырған сенiмхат немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi/заңды өкiлдiң куәлiгi/заңды өкiлдi тағайындау туралы анықтама;

3) сенiм бiлдiрiлген тұлғаның/заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;

4) алушының банктiк шоты туралы мәлiметтер.

Пошта байланысы арқылы жүгiнгенде: БЖЗҚ белгiленген нысандағы алушы өздiгiнен толтыратын зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш (өтiнiш бланкiсiнiң өзектi нысаны — №3 қосымша, БЖЗҚ web-сайтында орналастырылған), бұл ретте алушының зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiштегi қолын нотариат куәландырады (егер нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалса);

2) алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

3) БЖЗҚ белгiленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi мен талаптары туралы қосымша келiсiмдi алушының өзi 2 нұсқада толтырады және қол қояды (келiсiм бланкiсiнiң өзектi нысаны «БЖЗҚ» АҚ web-сайтында орналастырылған);

4) алушының банктiк шоты туралы мәлiмет.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

2. Зейнетақы жинақтарын алу барысында түпкiлiктi сомаға қандай салық салынады?

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексiнiң 158, 160 және 170-бабына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Зейнетақы төлемдерiн алушыдан Салық кодексiнде қарастырылған түзетулер мен салық шегерiмдерiн ескере отырып, 10 пайыз мөлшерiнде жеке табыс салығы салынады. Жеке табыс салығы зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалардан салық шегерiмi қолданылған соң барып зейнетақы төлемдерiнен ұсталады. Салық заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы салынбайтын, ең төмен жалақы мөлшерiндегi салық шегерiмi республикалық бюджет туралы заңда белгiленген. Ол әрбiр табыс есептелген айда қолданылады.

Кiрiс түзетулерi қолданылмайтын адамдар үшiн жеке табыс салығы салынбайтын салық шегерiмiнiң сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiне тең. Басқа сөзбен айтқанда, биыл ең төмен жалақы мөлшерi 24 459 теңгенi құрайды. Сәйкесiнше жеке табыс салығы салынбайтын жылдық сома 293 508 теңгенi құрайды деген сөз (12 x 24 459). Мысалы, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы 937 350 теңгенi құрайтын болса, бұл сомадан 293 508 теңгенi алып тастаймыз, сонда 643 842 теңге қалады. Мiнеки, осы 643 842 теңгеге жеке табыс салығы салынады.

БЖЗҚ кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiне өткен жағдайда да республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және табысты есептеу күнiне қарай қолданыста болған бiр ең төмен жалақы мөлшерiнде салық шегерiмi қолданылады. Сәйкесiнше егер кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң сомасы ең төмен жалақыдан аз болатын болса, онда зейнетақы төлемiне жеке табыс салығы салынбайды.

3. Қазiр зейнеткерлер өздерiне тиесiлi зейнетақы жинақтарының жылдық сомасын тұрақты пайыздық сыйақы алу мақсатында банк депозитiне салу мүмкiндiгiне ие. Ал 2018 жылдан бастап олар бұл мүмкiндiктен айрылады. Сонда зейнетақы жинақтарының табыстылығы қалай болады, олар құнсызданып кетпей ме?

Қазiргi таңда зейнеткерлердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн белгiленген кесте бойынша жылына бiр рет, яғни «жыл сайынғы» кесте бойынша алады. Ал «ай сайын» және «тоқсан сайын» алу мүмкiндiгiн пайдаланғылары келмейдi. Сәйкесiнше алушылар БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiн зейнетақы ретiнде емес, жәй жинақталған сома ретiнде қабылдайды. Сөйтедi де жылдық соманы алып, оны балалары мен немерелерiнiң оқуларына, той-томалаққа және әр түрлi сатып алуларға жұмсайды.

Тек кейбiр зейнеткерлер ғана бұл соманы ай сайын немесе жыл сайын пайыздық сыйақы алып тұру үшiн депозитке салады. Дейтұрғанмен, депозит бойынша сыйақы ретiнде есептелген пайыздар, күнделiктi қажеттiлiк үшiн жоғары табыс әкеле қояры неғайбыл. Ал БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары тұрақты түрде инвестицияланады және табыс әкеледi. Заңға сәйкес БЖЗҚ зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сенiмгерлiкпен басқарады.

ҚР Ұлттық Банкiнiң инвестициялық стратегиясы зейнетақы активтерiн әртараптандыруға бағытталған. Қазiргi таңда зейнетақы активтерi ұзақ мерзiмдi келешекте тұрақты табыс алу және тәуекелдердi төмендету мақсатында теңге және шетелдiк валютада номинирленген әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазiргi таңда зейнетақы активтерi мемлекеттiк құнды қағаздарға, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланған. Сонымен қатар екiншi деңгейдегi отандық банктер мен шетелдiк банктердiң депозиттерiне салынады және сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң қаржы құралдарын сатып алуға жұмсалады. Инвестициялық басқару нәтижесiнде инвестициялық табысқа қол жеткiзiледi және ол салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына күн сайын есептелiп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы шотынан зейнетақы төлемдерi төлене бастаса да, шотта қалған қаражат инвестицияланып, оларға табыс түсiп отырады.

«Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлiк жасқа толған алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

4. Салымшы қанша қаражат жинағандығын және шотына қандай инвестициялық табыс есептелгендiгiн қалай бiле алады?

Бұл салымшы үшiн ең басты ақпарат. Оны мынадай жолдармен алуға болады: Нақты айтар болсақ:

  • салымшы зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);
  • пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жеткiзiледi);
  • электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
  • логин мен құпия сөздi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiне кiрiп (логин мен құпия сөздi қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтiнiш жасау арқылы ала алады.
  • egov.kz электрондық үкiметi арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамсызданлдыру» айдары — «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Бұл қызметтi пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 786 365 мың адам үзiндi-көшiрмелерiн өздерiнiң электрондық мекенжайларына алса, шамамен 3,7 млн адам ақпаратты сайт арқылы және әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алу мүмкiндiгiне ие.

Бiр миллионнан астам адам ұялы қосымшаны пайдалана бастады. Мұның барлығы тұрғындардың зейнетақы жинақтарына деген қызығушылығының арта бастағандығын көрсетедi. Ал оның көлемi тұрақты түрде артып келедi. Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,5 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бергi өсiм 853 млрд теңгенi құрады.

2017 жылдың 9 айы iшiнде салымшылардың зейнетақы шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 462 млрд теңгеден асты. 2017 жылдың 1 қаңтарынан 30 қыркүйегiне дейiнгi кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,68 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция 4,2 пайыз болды.

5. Зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның жинағын кiм және қалай ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабының 5-шi тармағына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда оның отбасына немесе жерлеудi жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (2269*52,4 = 118 895, 6 теңге) жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бiрақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс. Айта кетелiк, жерлеуге арналған соманы Қазақстан Рееспубликасының резидентi алатын болса, оған салық салынбайды. Егер, жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен (биыл бұл соманың көлемi — 31 245 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бiржолғы төлемге қосылып төленедi.

Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және аталмыш Заңның 31-33 — баптарының 2 тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес мұраға қалдырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, оның iшiнде ол қайтыс болғаннан кейiн тiрi туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немерелерi мен олардың ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұра алады. Егер бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi — тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Мұра қалдырушының немере аға-iнiлерi, апа-қарындастары (сiңлiлерi) мұраны ұсыну құқығы бойынша алады. Мұрагерлiкке құқығы бар тұлғалардың толық тiзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрсетiлген. Ал қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажеттi негiзгi құжаттардың бiрi, ол — мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк. Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дағы мұраға қалдырылған зейнетақы төлемдерi мысалы, мұрагерлiк құқығы туралы куәлiкте көрсетiлген үлес бойынша бiр жолғы төлем ретiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерiне 10 пайыз көлемiнде жеке табыс салығы салынады және салық заңнамасында қарастырылған түзетулер ескерiледi (алушыда жеке табыс салығы бойынша жеңiлдiк бар болған жағдайда). Бұл ретте мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшiн БЖЗҚ-ға негiзгi құжаттармен қатар:

зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;

мұрагерлiк құқығы туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi не мұраға берiлетiн мүлiктi бөлу туралы келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi және заңды күшiне енген сот шешiмi ұсынылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тiзiмi БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлiмiнде орналастырылған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

21.09.2017 ж.

Бiз дәстүрлi «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрi жалғастырамыз. Сiздердiң назарларыңызға осы айда келiп түскен қызықты да маңызды сұрақтар мен олардың жауаптарын ұсынамыз.

1. БЖЗҚ-дан үзiндi-көшiрме алдым. Сөйтсем, жұмыс берушi менiң пайдама жарналар төлемептi. Не iстеу керек?

Ең алдымен Сiз салық комитетiне өтiнiш жасауыңыз керек. Ол жұмыс берушiнi тексерудi қолға алады. Нақты төлем жасалған және қызметкер кiрiс алған жағдайда, агент уақтылы ұстап қалмаған (есебiне жазбаған) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе оларды мерзiмiн өткiзiп алған әрбiр күнге (Мемлекеттiк корпорацияға төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесiнiң 2,5 еселенген мөлшерiнде есебiне жазылған өсiмпұлмен бiрге, мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, өздерiнiң пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетiн қызметкерлердiң пайдасына агенттер аударуға тиiс.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайларда, мемлекеттiк кiрiс органдары мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктiк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.

Агент хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк кiрiс органына өздерiнiң пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек өндiрiп алынатын бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының тiзiмдерiн, сондай-ақ өздерiнiң пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешек өндiрiп алынатын жұмыскерлердiң тiзiмдерiн ұсынуға мiндеттi.

Агенттердiң банктiк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу мемлекеттiк кiрiс органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.

2. Кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң атына жасқа жеке зейнетақы шотын ашуға бола ма?

Еңбек кодексiнiң 30-бабына сәйкес он алты жасқа толғандарға еңбек шартын жасауға рұқсат етiледi. Бiрақ, бұл ретте ата-ананың бiрiнiң, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келiсiмi бойынша шартты бұған дейiн де жасасуға болады.

15 жастан бастап жасөспiрiмге, егер ол негiзгi орта бiлiм алған болса, жұмыс iстеуге рұқсат етiледi. Ал 14 жастан бастап тек оқудан бөлек уақытта ғана жұмыс iстеуге болады. Бұл ретте жұмыс оқу үдерiсiне және денсаулыққа керi әсерiн тигiзбеуi керек.

Ал 14 жасқа дейiнгi жеткiншектердiң театрда ойнап, киноға түсулерiне болады. Бiрақ, бұл жұмыстар да сабақтан тыс уақытта жүзеге асырылуы керек және баланың өнегелi дамуына және денсаулығына керi әсер етпеуi тиiс.

Еңбек шартына кәмелетке толмаған жасөспiрiм мен оның заңды өкiлi де қол қоюы керек. Жұмыс берушi еңбек шартына сәйкес айлық жалақыны төлей отырып, кәмелетке толмаған жасөспiрiм үшiн оның жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын да төлеуге мiндеттi. Зейнетақы Қорына кәмелетке толмаған тұлға келiп өтiнiш жасаған кезде мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi арызды рәсiмдеу үшiн мынадай құжаттар қажет:

  1. туу туралы куәлiк және егер бар болса, кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
  2. заңды өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
  3. ата-анасы болмаған кезде қамқоршылық/қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжаттың түпнұсқасы (қамқоршы тағайындалғаны туралы анықтама немесе баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт).

14 жасқа дейiнгi тұлғаның өтiнiшiне оның заңды өкiлi қол қояды. 14 жастан 18 жасқа дейiнгi тұлғалардың өтiнiштерiне олардың заңды өкiлдерiнiң жазбаша келiсiмi болса жеткiлiктi.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есеп алу үшiн жеке зейнетақы шотын ашудан басқа, кәмелетке толмағандар БЖЗҚ-мен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады.

Жарналардың мөлшерi, оларды аудару және қалыптасқан жинақтар есебiнен төлемдер жасау тәртiбi шарт тараптарының келiсiмi бойынша айқындалады.

3. Мен Қазақстан азаматымын, бiрақ шетелдiк компанияда қызмет атқарамын. Менiң жұмыс берушiм менiң пайдама зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 1 тармағына сәйкес

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердiң төлеуiне жатады.

Бұл ретте Заңның 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент — Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебiне жазатын) және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Егер шетелдiк компания Қазақстан аумағында орналасқан болса, сәйкесiнше, агент Сiздiң айлық табысыңыздан мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап, зейнетақы Қорына аударуға мiндеттi.

Бұл ретте халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерiнде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдiк мемлекеттердiң диплдоматиялық өкiлдiктерi мен консулдық мекемелерiнде қызмет атқаратын Қазақстан азаматтары мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатыса отырып, БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын өз бетiмен аударуға құқылы.

4. Естуiмше, Қазақстан зейнетақы жүйесiн реформалау барысында үлгi ретiнде Чилидiң моделi алыныпты. Неге басқа ел емес, осы Чили таңдап алынған?

Әр елдегi зейнетақы реформасы демографиялық, мәдени, әлеуметтiк, саяси, қаржылық ерекшелiктер мен мүмкiндiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады. Мысалы, Чилидегi зейнетақы реформасының өзiндiк сипатына келер болсақ, бұл елде «ұрпақтар ынтымақтастығына» негiзделген зейнетақы алу құқығы мемлекет кепiлдiк беретiн төлемдерге ауыстырылды және бiр-бiрiмен бәсекелес бiрнеше компанияда жұмыскерлердi мiндеттi жинақтаушы сақтандыру жүйесi енгiзiлдi. Чилиден алынған негiзгi үлгi, ол — зейнетақымен қамсыздандыру бойынша мемлекеттiк ортақ жүйеден тиянақталған мiндеттi жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жүйесi. Бұл ретте айта кететiн жәйт, Чили моделi қаз-қалпында көшiрiп алынған жоқ. Отандық мамандар ең үздiк халықаралық тәжiрибелердi алдымен терең зерттеп, жан-жақты талдайды. Тек содан кейiн барып Қазақстанға енгiзедi. Мысалы, жақын болашақта елiмiзде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгiзiледi. Оған негiз ретiнде Швеция моделi негiзге алынып отыр.

5. Зейнетақы жинақтарының сақталуына Қазақстанда және әлем елдерiнде қалай кепiлдiк берiлген?

Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi өзiнiң бiрегейлiгiмен ерекшеленедi. «Қазақстанда зейнетақымен қамзсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет зейнеткерлiк жасқа толған алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Салымшы зейнеткерлiк жасқа толған шақта, ең алдымен оның зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңi ескерiлiп, зейнетақы шотындағы жинақтарының табыстылығы есептеледi. Егер табыстылық инфляциядан төмен болса, мемлекет республикалық бюджет есебiнен инфляция мен табыстылық арасындағы айырма сомасын төлейдi. Мiнеки, осылайша салымшылардың жинақтары қаржы нарығындағы әр түрлi ахуалдарға қарамастан, сенiмдi қорғалған. Мұндай кепiлдiк басқа мемлекеттерде жоқ. Мысалы, Чехия, Жапония және Словакияда басқарушы компаниялар жарналардың атаулы құнының немесе инфляцияны ескермей нөлдiк инвестициялық табыстылықтың сақталуына ғана кепiлдiк бередi. Германияда зейнетақы қорлары енгiзiлген жарналарға қатысты зейнеткерлiкке шығу күнiне қарай 2,25 пайыздық мөлшерлемеге ғана кепiлдiк бередi. Чилиде зейнетақы активтерiн басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түрiне қарай кепiлдiк бередi. Бiрақ зейнетақы жинақтарының көлемi өткен 36 ай iшiндегi орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейiнен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерiнде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк тiптi берiлмейдi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

16.08.2017 ж.

Зейнетақы жүйесiндегi жаңа қызметтер…

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi секiлдi, отандық зейнетақы жүйесi де тұрақты дамып жатыр. Редакция БЖЗҚ қызметкерлерiмен бiрге өз оқырмандарына жаңа сервистер туралы маңызды 5 сұраққа жауаптар әзiрледi.

Мен зейнетақы шотын ашуым керек. Оны БЖЗҚ кеңсесiне бармай-ақ ашуға бола ма?

2017 жылдың 30 маусымынан бастап БЖЗҚ веб-сайты арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беруге болады. Бұл қызметтер сайттың «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмi және Жеке кабинетiнде қолжетiмдi.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кiлтiн алу жеткiлiктi. Жеке зейнетақы шотын ашу бойынша өтiнiш беру рәсiмi мейлiнше қарапайым — ЭЦҚ арқылы авторланып, ұсынылған өтiнiш нысанының мiндеттi бағандарын толтырса жеткiлiктi. Бiр ай iшiнде бұл қызметтi (2017 жылғы 31 шiлдедегi жағдай бойынша) 27 адам пайдаланып үлгерген.

Бұдан басқа, әлеуеттi салымшы үшiншi бiр тұлғаның атына сенiмхат рәсiмдеп, өзiнiң орнына БЖЗҚ кеңсесiне барып тиiстi өтiнiшке қол қоюға қатысты оған барлық құқықты бере алады.

Айта кетелiк, сенiм артылған тұлға Қор кеңсесiне өтiнiш жасауға барғанда жеке басын куәландыратын құжатты, нотариат куәландырған сенiмхат немесе сенiмхаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн және салымшының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуы қажет.

Зейнетақы калькуляторын қалай пайдалануға болады?

«БЖЗҚ» АҚ сайтындағы зейнетақы калькуляторы болжамдық сипатқа ие. Таяу жылдары құрметтi демалысқа шығатын адамдардың алатын зейнетақы төлемдерiнiң сомасын дәл есептеу үшiн қосымша ақпараттар қажет. Дегенмен, осы калькулятордың көмегiмен болашақ зейнетақының неден құралатындығын және оның мөлшерiн қалай алдын-ала жоспарлауға болатындығын түсiнуге болады.

Калькуляторды Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнен табуға болады.

Болжамды зейнетақыны есептеу үшiн ұсынылған нысанды толтыру қажет. Оған салымшының жынысы мен туған күнiнен бөлек, шоттағы зейнетақы жинақтарының сомасы, ерiктi жарналардың мөлшерлемесi, шегерiмдерге дейiнгi жалақы сомасы, 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi енгiзiледi.

Егер 1998 жылғы дейiнгi еңбек өтiлi немесе ерiктi жарналар жоқ болса тиiстi бағанға «0» деген санды енгiзу керек.

Зейнетақы калькуляторы арқылы жинақтаушы, ортақ, базалық және ерiктi зейнетақы төлемдерiн есептеуге болады. Бұл есеп белгiлi бiр шамалар бойынша жорамалдарға негiзделген. Олар: инвестициялық табыстылық пен жалақының өсiмi. Есептеу нәтижесi оптимистiк, реалистiк және пессимистiк деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетiледi.

Есептеудегi «Ауыстыру коэфициентi, яғни соңғы жалақыдан зейнетақы үлесi %-бен» деп аталатын соңғы жолға баса назар аударған жөн.

1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтiк қамсыздандырудың ең төменгi нормалары туралы» конвенциясына сәйкес ауыстыру коэффициентiнiң нормасы 40% болуы тиiс. Яғни, зейнетақы жұмыскердiң еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиiс.

Егер ауыстыру коэффициентi «стандарттан» немесе өзiңiз күткен зейнетақы төлемдерiнен төмен болатын болса, онда зейнетақы жарналарының көлемi мен жиiлiгiн арттыруды және ерiктi зейнетақы жарналарын төлеудi ойластырған абзал.

Алдағы уақытта базалық зейнетақы төлемдерiнiң зейнетақы жарналарын жинақтау өтiлiне байланысты есептелетiндiгi туралы естiдiм. Осыны толығырақ түсiндiрiп берсеңiз.

Бүгiнде елiмiзде зейнеткерлердiң барлығы бiрдей 14 466 теңге көлемiнде базалық зейнетақы төлемдерiн алады. Бiрақ, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы төлеудiң жаңа тәртiбi енгiзiледi. Мұнда базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi салымшының зейнетақы жүйесiне қатысу мерзiмiне байланысты тағайындалады. Бұл жерде 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi де ескерiлетiн болады.

Егер қатысу мерзiмi жоқ немесе 10 жылға дейiн болса, онда базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады, ал 35 жыл және одан көп болатын болса, онда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң мөлшерiне тең болады және одан асырылмайды.

Жаңа енгiзiлiмнiң арқасында еңбек өтiлi жоғары адамдар үшiн базалық зейнетақы төлемдерiнiң көлемi екi есеге дейiн артуы мүмкiн. Бұл зейнетақының өсуiне септiгiн тигiзерi сөзсiз.

Осылайша, адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыру көзделiп отыр. Яғни, зейнетақы жинақтарының көлемi өскен сайын, болашақта алатын зейнетақының мөлшерi де арта түседi.

Зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi өтiнiштi БЖЗҚ кеңсесiне келмей-ақ, оның ресми сайты арқылы жолдауға бола ма?

2017 жылғы 30 маусымнан бастап зейнеткерлiк жасқа толуға (ерлер 63 жас, әйелдер 58 жас) немесе 1-шi және 2-шi топтардағы мүгедектердiң мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi БЖЗҚ веб-сайты арқылы жолдауға болады.

Жаңа сервистi зейнеткерлiк жасқа толған немесе I және II таптардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген салымшылар Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру» бөлiмi арқылы пайдалана алады. Бұл үшiн зейнетақы Қорында олардың мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының болуы шарт. Одан бөлек, зейнетақы төлемдерiн тағайындау және/немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы қолданыстағы (бұған дейiн Қорға ұсынылған) өтiнiш болмауы керек.

Бұл операцияны жүзеге асыру үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) маңызды кiлтiн алу жеткiлiктi. Одан басқа, зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiштi беру үшiн Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютада (теңге) екiншi дәрежелi банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәлiметтi және екiншi дәрежелi банктiң деректемелерiн көрсету қажет. Ұсынылған нысанды толтырып болған соң өтiнiшке ЭЦҚ арқылы қол қойылады.

«БЖЗҚ» АҚ-та тiркелген зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштiң орындалу мәртебесiн Қордың ресми сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiндегi «Зейнетақы жинақтарын төлеуге және (немесе) сақтандыру ұйымына аударуға өтiнiштiң орындалуын бақылау» қызметi арқылы тексеруге болады.

Бұл қызметтi пайдалану үшiн ЭЦҚ кiлтi немесе ЖСН (жеке сәйкестендiру нөмiрi) мен пароль керек.

Зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) меншiгi болып табылады және ол қайтыс болған жағдайдың өзiнде БЖЗҚ-да мерзiмсiз сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31, 32, 33 баптарына сәйкес бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар толық көлемде және заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Одан басқа, Заңға сәйкес, салымшы немесе зейнетақы төлемдерiн алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына немесе жерлеудi жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде жерлеуге арналған бiржолғы төлем төленедi. Бiрақ, бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс. Егер, жерлеуге арналған бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының зейнетақы шотында қалған қаражаттың сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бiржолғы төлемнiң сомасына қосылып төленендi.

Сонымен қатар, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Салық кодексiнiң 158, 160 және 170-баптарына сәйкес БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен жеке табыс салығы салынатын табысқа жатады. Сондықтан аталмыш кодекстiң 158-бабының 1-тармағына сәйкес алушының БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi түрiндегi табысына Салық кодексiнде көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдердi ескере отырып 10% мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Қайтыс болған салымшының (алушының) мұрагерi оның зейнетақы жинақтарын алу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне өзi келiп, сондай-ақ пошта байланысы немесе сенiм артылған адам арқылы өтiнiш бере алады.

Мұрагер өтiнiшке қоса мұрагерлiк құқығы туралы куәлiктiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi не мұраға берiлетiн мүлiктi бөлу туралы келiсiмнiң түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшiрмесi және заңды күшiне енген сот шешiмiн ұсынуы тиiс.

Ұсыну тәсiлiне қарай құжаттардың тiзiмi Қор сайтының «Қызметтер» — «Алушыларға» — «Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу тәртiбi» — «Алушының қайтыс болуына байланысты БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерi» бөлiмiнде қолжетiмдi.

Құжаттар пакетi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттарды қабылдаған немесе олар келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асырады.

17.07.2017 ж.

БЖЗҚ туралы 5 сұрақ

Бiз дәстүрлi «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрi жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметi, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлдерi жайында жиi қойылатын сұрақтар қамтылған.

1. enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тiркелуге болады?

Жеке кабинетте тiркелу үшiн, алдымен ақпарат алу тәсiлi ретiнде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сiз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлiмшесiне барып, ақпарат алу тәсiлiн өзгерту жөнiнде қосымша келiсiмге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады. «БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзiндi-көшiрме» бөлiмiнде тiркелген кезде ендi логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзiңiз, яғни паролiңiз ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына жауап беруi тиiс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиiс және сандардан әрi латын әрiптерiнен құралуы керек.

2. БЖЗҚ кеңсесiне келмей-ақ тұрғылықты мекенжай туралы деректемелердi өзгертуге бола ма?

Өкiнiшке қарай, әзiрге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесiне келмей жеке деректемелердi өзгерту мүмкiн емес. Зейнетақы жинақтарының құпиясы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен қорғалады. Сондықтан, бiз деректемелердi салымшының/алушының өзi өзгертiп жатқандығына көз жеткiзуiмiз қажет.

Қазiргi таңда БЖЗҚ-ның бүкiл республика бойынша 231 бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Бөлiмшелер жұмыс күндерi таңғы сағат 08:30-дан кешкi сағат 18:30-ға дейiн үзiлiссiз жұмыс iстесе, сенбi күндерi түске дейiн жұмыс iстейдi.

БЖЗҚ-ға келген соң сiз тек жеке деректемелерiңiздi өзгертiп қана қоймай, сонымен қатар зейнетақы шотыңыз жайлы ақпарат алудың өзiңiзге ең ыңғайлы тәсiлiн таңдай аласыз. Олар ақпаратты электронды пошта немесе enpf.kz сайтының жеке кабинетiндегi интернет-хабарландыру тәсiлдерi болуы мүмкiн.

Қазiргi таңда БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға көрсететiн қызметтер қатарын кеңейтуге күш салып жатыр. Көп ұзамай салымшылар мен алушыларға Қор сайтындағы жеке кабинетке кiрiп деректемелердi өзгерту мүмкiндiгi берiледi.

3. Егер мен зиянды өндiрiсте iстейтiн болсам, жұмыс берушiм мен үшiн қосымша жарна төлеуге мiндеттi ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызы көлемiнде белгiленедi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеудi жұмыс берушiлер өз қаражаты есебiнен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына жүзеге асырады.

Мұндай жұмыстардың тiзiмi ҚР Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-шi қаулысымен бектiлген.

Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндiрiстiк нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесiнде тiзiмнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушiлер бұл үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.

Жұмыс берушi жұмыскерлерiне айлық жалақы төлегенiмен, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын дер кезiнде аудармаған болса, оны мемлекеттiк кiрiстер органдары өндiрiп алады немесе жұмыс берушiлер 2,5 еселiк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесi шамасында есептелген өсiмпұлмен қоса төлеуге мiндеттi. Бұл ретте мерзiмi өткiзiлген әр күнге белгiленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн өкiлеттi орган бекiтетiндiгiн айта кеткен жөн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуiн қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiстер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс берушi БЖЗҚ-ға өзiнiң жұмыскерлерi үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерiстер енгiзiлген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға мiндеттi. Бұл ретте мына жәйттi ескере кеткен жөн, жұмыскердiң пайдасына аударылған мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебiнен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуi мүмкiн.

4. Жарналардың дер кезiнде аударылуын және жеке зейнетақы шотының жай-күйiн қалай бiлуге болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жинақтарының көлемi, жай-күйi туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Нақты айтар болсақ:

  • салымшы зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты Қор кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (республика бойынша Қордың 231 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);
  • пошта байланысы арқылы (үзiндi-көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жеткiзiледi);
  • электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады);
  • логин мен құпия сөздi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiне кiрiп, (логин мен құпия сөздi қолдану арқылы ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға да болады) өтiнiш жасау арқылы ала алады.

Мiнеки, Сiз осы тәсiлдердiң iшiнен өзiңiзге ыңғайлысын таңдай аласыз. Ал бiз Сiзге зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн интернет, яғни онлайн қызметтерi (www.enpf.kz, www.egov.kz және ұялы қосымша) арқылы алуға кеңес беремiз. Бұл Сiзге кез келген уақытта, кез келген жерде зейнетақы шотыңыздың жай-күйiн тез арада бiлiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Бұл үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) жергiлiктi бөлiмшесiне барып өтiнiш бiлдiруiңiз қажет. Сол жерде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсiлiн таңдайсыз. Сөйтiп ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын жүктеп аласыз. Кейiн, логин мен құпия сөздi (пароль) қолдана отырып, кез келген жерде, кез келген уақытта жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйiн осы ұялы қосымшадан көруiңiзге болады.

Бұл үшiн әрине ұялы телефоныңыз Wi-Fi интернет желiсiне жалғануы тиiс.

Айтпақшы, салымшы үзiндi көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдай алады.

5. Мен Қазақстанның бұрынғы азаматымын. Ресей Федерациясының азаматтығын алдым. Айтыңызшы, мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды қалай алуыма болады және бұл үшiн зейнетақы Қорына қандай құжаттарды тапсыруым керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көшi-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, iшкi iстер органдары кету фактiсiн растайтын құжаттарды рәсiмдеген соң жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттiң азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам

Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешiм қабылдаса, белгiленген тәртiпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеуi керек.

Бұл рәсiм шетелге тұрақты тұруға кетiп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн алуға арналған құжаттардың тiзiмi enpf.kz сайтында мына сiлтеме бойынша жайғастырылған: http://www.enpf.kz/ru/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php.

Сонымен қатар сайтта БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (өзi келiп өтiнiш жасағанда, үшiншi тұлға немесе пошта байланысы арқылы жiбергенде) барлық қажеттi құжаттар тiзiлiмi, оларды рәсiмдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтiнiш бланкалары және оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi, әр түрлi мемлекеттiк органдардың түсiндiрмелерi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негiзде жаңартылып отырады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

19.05.2017 ж.

«БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап бередi…

Таяуда, ағымдағы жылдың сәуiр айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисi iске қосылды. Ендi сол арқылы кез келген ниет бiлдiрушi азамат Қордың бiрiншi басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметi жайында тiкелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкiндiк берiлген. Бiздiң редакция осы Блогта жарияланған, ең жиi қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.

  • БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерiн кiм басқарады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн ҚР Ұлттық банкi сенiмгерлiкпен басқарады. Бұл заңды 2013 жылы Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдағанын еске сала кеткен жөн.

Бұл жерде зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстар әзiрлеу қызметi 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеске жүктелген.Бұл Кеңестiң құрамына ҚР Ұлттық Банкiнiң, ҚР Есеп комитетiнiң, ҚР Парламентi Сенатының, Мәжiлiсiнiң төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлерi енген.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңестiң құрамына:Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң екi депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екi өкiлi және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мүшелерiнiң жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсiз сарапшылар кiредi.

Зейнетақы активтерi сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тiзбесi жыл сайын ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлiп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң борышқорлық құнды қағаздарымен қатар, теңге, шетелдiк валюта және алтынмен салынған депозиттер бар.

Осылайша елiмiзде зейнетақы активтерiн басқару бойынша шешiмдер қабылдаудың көпдеңгейлi жүйесi құрылған.

БЖЗҚ инвестициялық портфелiнiң құрылымы туралы бүкiл ақпарат, ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шiлдедегi №199-шы қаулысына сәйкес, тоқсан сайын БЖЗҚ интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiледi.

Бұл ақпараттар сондай-ақ зейнетақы активтерi есебiнен қалыптастырылған инвестициялық портфельдiң құрылымы туралы мәлiметтерден тұрады.

Сәйкесiнше бұл мәлiметтердiң құрамында эмитенттер, қаржы құралдарының түрлерi, қаржы құралдары номинирленген валюталар, сондай-ақ, БЖЗҚ инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының үлестiк салмағы, атаулы және ағымдағы құны туралы мағлұматтар бар.

Аталған мәлiметтер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында онлайн-режiмiнде «Инвестициялық қызмет — «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы» бөлiмiнде қол жетiмдi.

  • Зейнетақы Қорынан ақшаны зейнеткерлiк жасқа жетпей жатып алуға бола ма?

Ағымдағы заң талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын

зейнеткерлiк жасқа жетпей жатып пайдалануға болмайды. Өйткенi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударудағы басты стратегиялық мақсат — зейнеткерлiкке шыққан салымшының тiршiлiгiн қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.

Зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу мәселесi әр түрлi деңгейде бұған дейiн талай рет талқыланған. Мысалы, кейбiр елдерде «артығымен жинақталған» зейнетақы жинақтарын (зейнеткерлiкке шыққан кезде өмiр сүруге жеткiлiктi ең төмен зейнетақы жинағы мөлшерiнен артық сома) емделуге, бiлiм алуға және басқа да мақсаттарға жұмсау көзделген. Бiрақ, Қазақстанда қазiргi таңда заңнамалық деңгейде бұл бастамалар жүзеге асырылған жоқ.

Бүгiнгi таңда ағымдағы заңнама аясында БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңында көрсетiлген жағдайлар туындағанда, яғни ерлер 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толғанда (бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда)және мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек жандарға төлене бастайды.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған жағдайлар туындағанға дейiн, Сiз өзiңiздiң зейнетақы жинақтарыңызды зейнетақы шотыңыздағы қаражатыңыз ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етугежеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымдарының бiрiмен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы ала аласыз.

Бұл ретте осы заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ерлер 55 жасқа толғанда;әйелдер 50 жасқа толғанда; 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.

Зейнетақы жинақтарының нақты жеткiлiктi мөлшерi сақтандыру ұйымдарымен жасалатын зейнетақы аннуитетi шартының шарттарымен белгiленедi.

Әрбiр сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн қажет болатын зейнетақы жинағының жеткiлiктi мөлшерiн дербес есептейдi.

Дегенмен, зейнетақы аннуитетi шарты негiзiнде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару тәжiрибесiне сүйенiп айтар болсақ, зейнетақы жинақтарының сомасы 55 жастағы ерлер үшiн шамамен 7 млн. теңге, ал 50 жастағы әйелдер үшiн шамамен 9,8 млн. теңгенi құрайды.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудару туралы шешiм қабылдай отырып, зейнетақы аннуитетi шартын тиянақты оқу қажет. Бұл жерде бiр жолғы төлемдер мен жылдық төлемдердiң мөлшерiне, кепiлдендiрiлетiн кезеңге баса назар аударған жөн.

  • Айтыңызшы, мен азаматтығы жоқ адаммын, Ресейде тұруға ықтиярхатым бар. Осыған байланысты өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпте зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттi.

Бұл тәртiп, сондай-ақ қажеттi құжаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнет-ақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

Мысалы, онда 8-тармақ мынадай редакцияда жазылған:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақ-тары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерi өтiнiш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

  1. зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
  2. егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесiн және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасын;
  3. алушының банк шоты туралы мәлiметтердi ұсынады.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесiн растайтын, Қазақстан Республикасы мойындайтын бiрден бiр құжат — шетелдiк паспорт болып табылады.

Сондықтан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн ықтияр хат емес, шетелдiк паспорт қажет.

  • Таяуда зейнетақы шотыма мемлекеттiк кепiлдiк бойынша өтемақы келiп түстi. Бұл соманы есептейтiн әдiстеме бар ма және оны қай жерден көруге болады?

Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекет кепiлдiгi сомасын есептеу әдiстемесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi

№ 341 қаулысымен бекiтiлген «Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларымен» айқындалады.

Бұл Қағидалармен бiздiң сайтта мына сiлтеме бойынша таныса аласыз:

http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/5a0/5a0d0bc5364d4727771a3bdf67b7acaa.pdf

  • Ұялы қосымшаны телефонға қалай жүктеуге және зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi қалай көруге болады?

Смартфондар мен планшеттерге арналған, әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiнENPF ұялы қосымшасы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушыларына арналған.

Қосымшаның функционалы Қор туралы маңызды ақпараттарды, сондай-ақ зейнетақы шотының жай-күйi туралы мәлiметтердi алуға мүмкiндiк бередi.

ENPF ұялы қосымшасын сiз App Store (iOS платформасы үшiн), Play Market (Android платформасы үшiн) және Microsoft Store (Windows Phone және Windows Mobile платформалары үшiн) қосымшылар дүкенiнен тегiн жүктеп ала аласыз.

Авторлану үшiн логин және құпия сөз (пароль) керек. Солардың көмегiмен салымшы (алушы) Қор сайтында жеке кабинетке кiре алады. Қазiргi таңда логин ретiнде өзiңiздiң жеке сәйкестендiру нөмiрiңiздi (ЖСН) енгiзсеңiз болғаны.

Егер Сiз хабарлау тәсiлi ретiнде интернет-хабарландыру қызметiн таңдаған болсаңыз сайттың жеке кабинетiне тiркеле аласыз. Ал егер оны таңдамаған болсаңыз, БЖЗҚ жергiлiктi бөлiмшесiне жеке басыңызды куәландыратын куәлiгiңiзбен келiп, хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы қосымша келiсiмге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытта ғана алады.

Бұдан кейiн Сiз бiздiң мамандардың көмегiмен сайтта тiркеле аласыз.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

07.04.2017

«Жинақтарымыздың сақталуы және табысы»

Бүгiн сiз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сiз бен бiздiң жинақтарымызды сақтау кепiлi туралы БЖЗҚ-дан 5 анағұрлым өзектi мәселелерге жауап аласыздар.

1. Зейнетақы жинақтарын төлейтiн кезде құнсыздану деңгейi ескерiледi ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бiр кепiлдiк бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдерiне құқығын алған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi № 341 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидасында кепiлдiк таралатын тұлғалар тiзiмi белгiленген, олар:

  1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);
  2. егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
  3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Айырмашылық төлемiне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемiнiң сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiпте берiледi.

Төлем құқығын алған кезде әрбiр алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi бүкiл кезең үшiн табыстылық пен құнсыздану деңгейi жеке есептеледi. Егер инвестициялық табыс құнсыздану деңгейiнен асып түспесе, айырма мемлекеттiк бюджеттен салымшының банк шотына есептелетiн болады.

Қайта есеп алу үшiн тұрғылықты жерi бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕАҚ бөлiмшесi) барып сәйкестi өтiнiш толтыру қажет.

2. Қор қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалай және қайда инвестициялайды?

Заңға сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды ҚР ҰБ және БЖЗҚ арасында жасалған сенiмгерлiк басқару туралы шартының негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi (бұдан әрi — ҚР ҰБ) жүзеге асырады.

Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 86 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, инвестициялық шешiм Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсыныстарына сәйкес, оның iшiнде Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат берiлген құралдардың тiзбесi бойынша қабылданады.

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзiмдi келешекте табыстылықтың теңгерiмдiлiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында теңгеге, сондай-ақ шетелдiк валютаға номиналданған түрлi қаржы құралдарына активтердiң түрленуiне негiзделген, сонымен қатар тәуекелдердi төмендету мақсатында түрлi қаржы құралдарына инвестициялауға бағытталған.

Бүгiнгi таңда зейнетақы активтерi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, квазимемлекеттiк сектор компанияларының қағаздарына, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланған, екiншi деңгейдегi банктердiң және шетелдiк банктердiң салымдарына, сонымен қатар сенiмдi шет ел эмитенттерiнiң құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат жүйелi түрде Қордың www.enpf.kz («Қор туралы» — «Инвестициялық қызмет» — «Зейнетақы активтерi инвестициялық портфелiнiң құрылымы», «Инвестициялық қызметке шолу») ресми сайтында жарияланады.

3. Осы жылы инвестициялық табыс қандай болмақ?

Ұзақ мерзiмдi кезеңге зейнетақы активтерiнiң болжалды инвестициялық табысына нақты есеп жасау мүмкiн емес. Инвестициялық табыс тұрақты шама емес және инвестициялық портфельдiң құрылымы мен қаржы құралдарымен жасалынатын операцияларға байланысты. Оның шамасы нарықтық жағдай, қаржы құралдарын қайта бағалау, валюта бағамдарының өзгеруi және т.б. осы сынды бiрқатар факторларға байланысты күн сайын өзгередi.

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелетiн инвестициялық табыс көлемiн жеке алып қарасақ, ол жинақтар көлемiне байланысты, яғни жинақтар көп болса және оларды толтыру кезеңдiлiгi тұрақты болғанда есептелетiн инвестициялық табыс та жоғары болады.

Дегенмен, БЖЗҚ өз салымшыларына enpf.kz сайтының «Электрондық қызметтер» бөлiмiндегi «Зейнетақы калькуляторы 1» құралын пайдалануды ұсынады. Оның көмегiмен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен құрылған зейнетақы жинақтарынан төленетiн зейнетақы төлемiнiң көлемiн есептеуге болады. Бұл калькулятор жинақтаушы, ортақ, базалық, сондай-ақ ерiктi зейнетақыны болжалды есептеуге арналған. Есеп инфляцияның, инвестициялық табыстылықтың өсуi, жалақының өсуi бойынша болжамдарға негiзделген. Есеп нәтижесi оптимистiк, шынайы және пессимистiк сынды түрлi болжамды деректермен ерекшеленетiн үш сценарийде берiледi. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шығар кезде күтiлетiн төлемдер туралы болжам жасауға мүмкiндiк бередi. Нақты түсiп отыратын зейнетақы жарналарының жиiлiгi зейнетке шығар кездегi зейнетақы төлемдерiнiң жиынтық сомасын есептеудегi негiзгi белгiлердiң бiрi болып табылады.

4. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдар да жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейдi?

Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледi. Ол күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейiн, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлi де түртiлмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле бередi.

БЖЗҚ осыған орай қызықты бiр оқиғамен бөлiстi: осыдан бiраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жiгiт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейiн екi жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесiнше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептерi бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек едi. Алайда үзiндi көшiрменi алған жас жiгiт бiршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар iшiнде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгенi құрады. Егер де шот үнемi толтырылып тұрса, онда сандар көбейедi.

Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бiрнеше тәсiл арқылы алуға болады, яғни үзiндi көшiрменi Қорға келiп өтiнiш бiлдiре отырып немесе электрондық не кәдiмгi пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

5. Инвестициялық табысқа салық салынады ма?

Қор салымшыларының (алушыларының) зейнетақы жинақтарына, оның iшiнде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасымен көзделген жағдайлар (зейнет жасына толғанда, мерзiмсiз 1,2 топтағы мүгедектiгi белгiленсе және т.б.) орын алғанда ЖЗШ-дан төленетiн есептелген инвестициялық табысқа Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Осылайша, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (ҚР Салық кодексi) 160-бабының 3-тармақшасына сәйкес зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен салық салынатын табысқа жатады.

ҚР Салық кодексiнiң 170-бабына сәйкес салық салынатын зейнетақы төлемдерi түрiндегi табысқа бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мiндеттi зейнетақы жарналары; мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары; ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құрылған салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтарынан жүзеге асыратын төлемдер жатады. Алайда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын зейнет жасына жеткен салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты кесте бойынша төлемдердi алған кезде, салық төленетiн табыс көлемiн кемiтетiн салық шегерiмдерiне құқылы. Басқалай айтқанда, табыс салығы барлық төлемге емес, тек оның бөлiгiне салынады. Түпкiлiктi салық сомасын анықтау үшiн «жыл үшiн зейнетақы төлемiнен» «белгiленген салық шегерiмiн» алып тастау қажет.

Бұдан басқа, Салық кодексiнiң 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларына сәйкес азаматтардың кейбiр санаттарының ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 75 еселенген шегiнде табысты түзетуге мүмкiндiгi бар.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

28.03.2017

1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк бере ала ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенiмдi қорғалған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi қаулысымен зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау Қағидалары бекiтiлген.

Бұл Қағидалар зейнетақы төлемдерiн алушыларға зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу тәртiбiн айқындайды.

Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемi — зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлем.

Барлық қажеттi құжаттар «Азаматтарға арналған үкiмет» МК» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына тапсырылған соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келiп түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргiзедi.

Мемлекет зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейдi. Зейнеткерлiкке шығу негiзiне (жасына немесе мүгедектiгiне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.

2. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы азаматтарға мiндеттi түрде хабарлау науқаны қаншалықты жиi өткiзiледi?

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына мiндеттi хабарлау науқаны жыл сайын, есептiк жылдан кейiнгi жылдың басында жүргiзiледi.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат тегiн берiледi, ал оны алу тәсiлiн салымшылар мен алушылар өз ерiктерiмен таңдайды.

Үзiндi-көшiрме салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы қосымша келiсiмде көрсетiлген мекенжайға, оның iшiнде электрондық мекенжайға жiберiледi.

Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейiн Қорға хабарламаса, онда 2016 жыл бойынша жiберiлген үзiндi-көшiрме Қорға қайтып келедi. Одан басқа, бұл жағдайда БЖЗҚ-ның ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес алдағы жылы үзiндi-көшiрменi жiбермеуге құқығы бар.

Естерiңiзге сала кетелiк, салымшы (алушы) белгiленген тәртiпте Қордың өз мiндеттемесiн орындауға әсер ететiн өзгерiстер жайында, осындай өзгерiстер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4 тармағының 1 тармақшасы).

Мұндай өзгерiстерге егер тиiстi хабарлау тәсiлi таңдалған болса, электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгергендiгi жатады.

БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмде көрсетiлген кезең аяқталғаннан кейiнгi айдың бiрiншi күндегi жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-ында ақша болмаған немесе хабарлау тәсiлi таңдалмаған жағдайда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат жiбермейдi.

2016 жылы шамамен 1,6 млн. салымшы (алушы) үзiндi-көшiрме ала алмады. Өйткенi, олардың ЖЗШ жай-күйi туралы хабарлау тәсiлi таңдалмаған. БЖЗҚ мамандары салымшыларды өздерiнiң жеке деректерiн өзгерту және/немесе хабарлау тәсiлiн таңдау бойынша Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгiнуге шақырады.

3. Қордың есептемелерi және көрсеткiштерi туралы мәлiметтердi қайдан алуға болады?

Қор қызметiнiң маңызды көрсеткiштерi ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.

Қазақстан Республикасының ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерiн ҚР Ұлттық Банкi басқарады.

Ұлттық Банктiң инвестициялық қызметiнiң нәтижесiмен Қордың www.enpf.kz сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкiнiң мәлiметтерi бойынша зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар хронологиялық тәртiпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жүктеуге қол жетiмдi. БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлiк теңгерiм туралы мәлiметтер жариялап отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудиттi жүргiзу нәтижесi бойынша есептеме жариялайды.

4. БЖЗҚ-ның қандай негiзгi мiндеттемелерi бар?

БЖЗҚ — мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын тартумен айналысатын жалғыз ұйым және азаматтардың таңдауы бойынша ерiктi зейнетақы жарналарын да қабылдайды.

Зейнетақы Қоры салымшылдардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттi.

БЖЗҚ-ны құрудың негiзгi мiндеттерi мен мақсаттары:

  • салымшылардың зейнетақы шоттарын тиiстi есепке алу, салымшылардың табиғи қозғалысына байланысты (шет елге шығу, зейнеткерлiк жасқа жету және т. б.) өзгерiстердi дер кезiнде енгiзу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу;
  • зейнетақы активтерiнiң инвестициялық табыстылығын қадағалау;
  • зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асыру.

5. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, тiптi шетелден хабарласып қажеттi ақыл-кеңестi қалай алуға болады?

БЖЗҚ-ның басты мiндеттерiнiң бiрi — Қордың салымшылары мен алушыларына сапалы қызмет көрсету және оларға лайықты ақыл-кеңес беру. Бұл үшiн бiз көптеген ыңғайлы және қарапайым құралдарды жасап қойдық. Қор мамандарынан сапалы кеңес алу үшiн, Қазақстан Республикасының азаматтары 1418 тегiн қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласулары керек.

Сондай-ақ бiздiң www.enpf.kz сайтында «онлайн кеңесшi», «онлайн хабарласу» және керi байланыс қызметтерi жұмыс iстейдi. Бұл қызметтер Қазақстан азаматтарына және шетелдiк азаматтарға да өте пайдалы.

«Онлайн кеңесшi» қызметi сайттың барлық парақшаларында қолжетiмдi. Онлайн режiмiнде қоңырау шалу үшiн «электронды қызметтер» бөлiмiне кiру қажет (стационарлық компьютерлер үшiн микрофоны бар гарнитура керек). Қоңырау шалу тегiн, алайда ол интернет трафик есебiнен жүргiзiледi. Бұл ұялы құрылғылар арқылы қоңырау шалғанда қосымша шығынға әкелуi мүмкiн.

Осы бөлiмде онлайн форманы пайдалана отырып Қорға өтiнiш жiберуге болады. Мамандар қысқа мерзiмде толыққанды жауаптар әзiрлеп, оларды сұрақ қоюшылардың электронды поштасына жiбередi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

08.02.2017

Зейнетке шығу жасына таяп келіп қалған адамдарды, сонымен қатар зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз.

Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне:

– 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толған әйелдердің);

- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.

Зейнет жасына толғанда және бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған немесе бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, өтініш жасай алады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді алып келеді. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берілгеннен кейін БЖЗҚ қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады?

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетін құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төмен зейнетақы мөлшері 28 148 теңге болды, соған сәйкес зейнетақы төлемдерінің сомасы 844 440 теңгені құрайды (30*28 148);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы – ерлерде 8,067 млн. теңгеден артық болған, ал 58 жастағы алушы – әйелдерде 8,963 млн. теңгеден артық болған жағдайда осы есеп қолданылады.

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса (2017 жылы - 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса (2017 жылы – 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.

Зейнетақы төлемдері қандай валютамен жасалады?

БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен;

  2. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублімен аударады.

Зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?

Зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады (ҚР Салық кодексінің 160-бабы). Зейнетақы төлемдеріне ҚР Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салық шегерімдерінің сомасы ескеріле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Мысал ретінде ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшеріндегі кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін қарастырып көрейік (30*28 148 = 844 440 теңге).

Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы – зейнет жасына толған резидент тұлғалар – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 170-бабы). Демек, ЖТС салық шегерімдері қолданыла отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 24 459 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома – 293 508 теңге (12*24 459). 550 932 теңге (844 440 - 293 508) сомасына ЖТС салынады. ЖТС мөлшері – 55 093,20 теңге (844 440 - 293 508) * 10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 - 55 093,20) мөлшеріндегі сома аударылады.

Бұдан басқа, салық жеңілдіктері қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшін ағымдағы қаржы жылына белгіленгенең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде ЖТС-қа түзету көзделген (75*24 459 = 1 834 425 теңге).

Мұндай тұлғаларға:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;

  • 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

  • I, II, III топтардағы мүгедектер;

  • мүгедек бала;

  • «мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;

  • «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына, оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;

  • асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады.

 

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«Мобильдiк кеңсе және ұялы қосымша туралы»

21.12.2016

1. Бұрын үзiндi көшiрменi пошта арқылы алып тұрдым. Басқа жаққа көшiп кеткелi үзiндi көшiрме алмадым. Ендi жинақтарым туралы ақпаратты қалай аламын? БЖЗҚ кеңсесiне қайта-қайта бара бермес үшiн не iстеуiм керек?

Сiз БЖЗҚ-ға жаңа мекенжайыңыз туралы хабарламағансыз, сондықтан өзiңiздiң жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы жыл сайын берiлетiн үзiндi көшiрменi ала алмадыңыз. Ендi Сiзге БЖЗҚ кеңсесiне бiр рет келiп, өз деректемелерiңiздi түзетуге не хабарлау тәсiлiн өзгертуге кеңес беремiз.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлама алудың бiрнеше жолдары бар. Сiз салымшы ретiнде өзiңiз үшiн ең ыңғайлы тәсiлiн таңдап ала аласыз. Яғни, бұл салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште не жеке келiсiмде көрсетiлген электрондық мекенжайына хабарлама жiберу. Ақпарат алудың ең жылдам тәсiлi — www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмi арқылы ақпарат алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен паролiңiздi тiркей отырып, Сiз үйiңiзден не кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексерiп, жұмыс берушiден түсетiн түсiмдердi бақылай аласыз. Сондай-ақ мамандарымыз смартфондар мен планшеттерге арнап әзiрлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалана аласыз. Өз жинақтарыңыз туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы да алуға мүмкiндiгiңiз бар. Қызмет «Азаматтар» санатындағы «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» айдарының «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Оны алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба керек және электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет.

БЖЗҚ мамандарынан өздерi келiп ақпарат алғысы келетiн адамдар үшiн республикамыздың барлық жерлерiнде 232 қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұрынғыдай зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы хабарлама жiберу тәсiлi әлi күнге қолданылып келедi.

2. БЖЗҚ бөлiмшесiне келуге мүмкiндiгiм болмаса не iстеймiн? Мен мүгедекпiн, БЖЗҚ-да жинақтарым бар, зейнетақыны қалай ресiмдеуге болады?

БЖЗҚ-да қызметтердiң қолжетiмдi болуын қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылдан берi салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететiн жобасы қолданысқа енгiзiлген. Бұл жоба БЖЗҚ бастамасы және өз салымшыларына (алушыларына) жаңа мүмкiндiктер бередi. Жобаның басты мақсаты — халықтың әлеуметтiк осал топтарына қолдау көрсету, мүгедектерге ақпараттық кеңес беру арқылы көмек беру, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ кеңселерiнен тыс жерлерде зейнетақы қызметтерiн тиiмдi көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бiр себептермен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ-ға келе алмайтын адамдарға Қор қызметкерлерi өздерi барып қызмет көрсетедi.

БЖЗҚ-ға мүмкiндiгi шектеулi салымшылар (алушылар) жөнiндегi мәлiметтер «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ филиалы «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының (ӘТВЕО) деректерi негiзiнде БЖЗҚ мен ӘТВЕО арасында жасалған ақпарат алмасу туралы шарт аясында берiледi. Сондай-ақ, БЖЗҚ 2015 жылғы шiлдедегi жағдай бойынша ӘТВЕО деректерiнiң негiзiнде төлемдер алуға құқылы, бiрақ Қорға келiп өтiнiш бiлдiрмеген халықтың әлеуметтiк осал топтарының тiзiмiн алды.

Бұған қоса, таяу арада БЖЗҚ-ның 1418 Байланыс орталығы немесе www.enpf.kz сайты арқылы мүмкiндiгi шектеулi салымшыларға (алушыларға), режимдiк және ерекше күзетiлетiн объектiлердегi адамдарға барып қызмет көрсету үшiн өтiнiштер қабылдау қызметiн ендiру жоспарланып отыр.

3. Зейнеткер зайыбымның қайтыс болуына байланысты оның жинақтарын шешiп алуыма бола ма? Оның рәсiмi және мерзiмi қандай?

Мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарын заңнамада белгiленген тәртiппен мұраға алуға болады әрi олар өсиет бойынша да, Заң бойынша да мұраға қалдырылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшiн мұрагер өзi не пошта байланысы арқылы не сенiм бiлдiрiлген тұлғасы арқылы БЖЗҚ-ның кез-келген кеңсесiне барып өтiнiш жасайды. Өтiнiшпен бiрге құжаттардың түпнұсқаларын және/немесе олардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн бередi. Құжаттардың тiзiмiн қордың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» — «Алушыларға» — «Зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу тәртiбi» — «Алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер» бөлiмiнен қарай аласыз. Заңда мұраға қалдырушы қайтыс болған соң мұрагерге мұраны алу үшiн алты ай уақыт белгiленгенiн ескергенiңiз жөн. Мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда, оны сот арқылы қалпына келтiруге болады.

Мұрагерлiк құқықты ресiмдеген соң және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшiн қажеттi құжаттарды ұсынғаннан кейiн мұрагерлерге зейнетақы жинақтары олар зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiште көрсеткен банк шотына аударылады.

БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мұрагерлерге зейнетақы төлемдерi жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4-еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан асырмай жерлеуге арналған бiржолғы төлем жасалатынына Сiздiң назарыңызды аударамыз.

Бiржолғы төлем жасалғаннан кейiн алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құраған жағдайда осы қалдық жерлеуге арналған бiржолғы төлем сомасына қосылады.

4. Зейнетақы қаражаты қайда инвестицияланады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Осыған байланысты, 2013 жылғы 26 тамызда Ұлттық Банк пен БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт жасасты. ҚРҰБ Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына (ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы №86 қаулысымен бекiтiлген) сәйкес зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдер шығарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Бүгiнгi таңда зейнетақы активтерi мемлекеттiк бағалы қағаздарға, квазимемлекеттiк сектордың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және олардың еншiлес компаниялары: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ секiлдi т.б. компаниялардың қағаздарына, инвестицияланады, екiншi деңгейдегi банктердiң конкурстық негiзде ашылған депозиттерiне (осы инвестициялардың елеулi бөлiгiнiң ерекше сипаты бар және олар шағын және орта бизнестi (ШОБ) несиелеуге арналған), сондай-ақ сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында (Қор туралы — Инвестициялық қызмет — Зейнетақы активтерiнiң и нвестициялық порфелiнiң құрылымы) үздiксiз жарияланып тұрады.

5. Зейнетақы аннуитетi дегенiмiз не?

Зейнетақы аннуитетi (лат. тiлiнен алғанда annuus — жыл сайынғы) — БЖЗҚ-дан төленетiн төлемдердiң баламасы болып келетiн жинақтарды алу тәсiлi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңы БЖЗҚ салымшыларына әйелдер 50 жасқа, ерлер 55 жасқа толғанда жинақтары жеткiлiктi болған жағдайда зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өмiр бойғы сақтандыру төлемдерi туралы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасауға мүмкiндiк бередi. 2018 жылдың қаңтарынан бастап әйелдердiң зейнетақы аннуитетi шартын жасауға құқылы болатын жасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейiн 55 жасқа толғанға дейiн жыл сайын жарты жылға бiртiндеп көтерiлетiн болады.

Зейнетақы аннуитетi шартын жасау үшiн жинақтардың жеткiлiктi мөлшерiн сақтандыру ұйымы есептейдi. Бұл ретте Заң ережелерiне сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетiн айлық төлем мөлшерi зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнi қолданылған ең төмен зейнетақы көлемiнен аз болуы мүмкiн.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 25 824 теңге көлемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерi белгiлендi. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен зейнетақы мөлшерi 28 148 теңге болады. 2016 жылы зейнетақы аннуитетiнiң болжалды ең төменгi құны 50 жастағы әйелдер үшiн 8,6 млн. теңге, ерлер үшiн 6,1 млн. теңге болды.

Мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинақтары жеткiлiксiз болған жағдайда ерiктi жарналар есебiнен құралған жинақтар пайдаланылады.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау немесе кейiннен зейнет жасына толған кезде БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу үшiн БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын сақтау — салымшының өз қалауы, саналы түрдегi таңдауы. Зейнетақы жинақтарының тағдыры туралы шешiм қабылдай отырып, зейнетақы аннуитетi шартын мұқият оқып, ондағы бiржолғы төлем, жылдық төлемдер мөлшерi, кепiлдiк мерзiмi және т.б. секiлдi бөлiмдерiне назар аударған жөн.

БЖЗҚ Байланыс орталығы 14-18
(Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн)
www.enpf.kz

«БЖЗҚ туралы сауалдар»

(ЭЦҚ пайдалана отырып ақпарат алу)

14.12.2016

1) БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) зейнетақы жинағының жай-күйi туралы мәлiметтi қай кезде және қандай кезеңдiлiкпен беруге мiндеттi?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты жылына кемiнде бiр рет берiп отыруға мiндеттi. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшыға (алушыға) кез келген сұралатын күнге жинақтаушы шотынан көшiрмесiн ақы алмай беруге және оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

2) Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, зейнетақы жинағымызды интернет арқылы қалай көруге болады?

Қордың сайтында авторландыру үшiн салымшы өзiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана алады. Бұл өздерiңiзге әбден таныс болған Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық үкiмет порталында (e-gov) пайдалану үшiн алатын ЭЦҚ.

Егер сiзде ЭЦҚ бар болса, интернет — үзiндi көшiрмеге рұқсат алу үшiн авторландыру үдерiсiнен өту қажет:

1) БЖЗҚ-ның веб-сайтындағы (www.enpf.kz) «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiне кiрiңiз;

2) «ЭЦҚ бойынша кiру» сiлтемесiмен өтiңiз (java-апплет арнайы бағдарламасы жүктеледi);

3) ЭЦҚ кiлтi жазылған құрылғыны таңдап, осы кiлтке жолды көрсетiңiз.

Заңнама талаптарын сақтау үшiн салымшылар пайдаланатын ЭЦҚ кiлттерi ҰКО-дан он-лайн тәртiбiнде дұрыстығы мен өзектiлiгi бойынша тексеруден өтедi. БЖЗҚ кiлттiң өзектiлiгi расталған соң ғана, өзiнiң автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде салымшы туралы деректерiнiң бар екендiгiн тексередi. ЭЦҚ тексеру мен салымшыны сәйкестендiру бар-жоғы, бiрнеше секундқа созылады.

Авторландыру үдерiсi сәттi өткен жағдайда, салымшы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу рұқсатына ие бола алады.

3) Салымшы (алушы) өзiнiң бұрын таңдаған ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн қалай өзгерте алады?

Ақпарат алу тәсiлiн өзгерту немесе таңдау үшiн салымшы (алушы) БЖЗҚ-ның жақын орналасқан офисiне келiп, БЖЗҚ-мен ақпарат алу тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiмге отыру қажет.

Ақпарат алу тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiмге отыру үшiн салымшыға (алушыға) өзiмен бiрге мiндеттi түрде жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) көрсетiлген жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.

4) Салымшы (алушы) тұрғылықты мекен-жайын ауыстырды. Ол бұл жөнiнде БЖЗҚ-ны хабардар етуге мiндеттi ме? Салымшылар тағы қандай өзгерiстер туралы БЖЗҚ-ны хабардар етуi мiндеттi?

Қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, салымшылар (алушылар) белгiленген тәртiп бойынша БЖЗҚ-на, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының 39-бабы 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, қордың мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн өзгерiстер болған күннен бастап, күнтiзбелiк он күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Мұндай өзгерiстерге жатады:

  • егер «элетрондық пошта (e-mail) бойынша» зейнетақы жинақтары туралы хабарландыру тәсiлi таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат алу тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiмде көрсетiлген электрондық адрестiң өзгеруi;
  • егер зейнетақы жинақтары туралы хабарландырудың «пошта арқылы» тәсiлi таңдалған болса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетiлген пошталық мекен-жайдың өзгеруi;

Егер салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзiнiң қоныс аударғандығы туралы хабарламаса, онда поштамен оған жолдаған үзiндi көшiрме қорға қайта оралады. Мұндай жағдайда, зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi көшiрмесiн жолдамау құқығына ие.

Салымшы (алушы) пошталық мекен-жайының өзгергендiгi туралы БЖЗҚ офисiне жеке хабарласып немесе пошта байланысы қызметi арқылы тегiн, есiмiн, әкесiнiң атын, ЖСН көрсете отырып, мiндеттi түрде жеке басын куәландыратын құжатты қоса салып хабарлай алады. Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға тек өзi келiп, электрондық адресiнiң ауысқандығы туралы хабарлай алады.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
(МЗЖ, МКЗЖ аудару тәртiбi)

08.12.2016

1. Зейнетақы аударымдары қаншалықты жиi жасалады және қандай сома аударылады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына (25-бап) сәйкес бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнен аспауға тиiс.

Қазақстан Республикасының судьялары үшiн бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бюджет қаражаты есебiнен судьяның ай сайынғы табысының 10 пайызы мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналары қосымша белгiленедi.

Судья терiс себептер бойынша қызметiнен босатылған кезде көрсетiлген жарналар алып қойылады және бюджетке аударылады

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсiби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналары шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.

Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсiби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетiнше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.

Ұстап қалынған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын Мемлекеттiк корпорацияға:

1) заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлер (шағын бизнес субъектiлерi мен шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар қызметкерлерге төленген табыстардан — табыстар төленетiн айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

2) дара кәсiпкерлер (патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындардан басқа), сондай-ақ жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары мен адвокаттар өзiнiң пайдасына — есептi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей;

3) арнаулы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;

4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;

5) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер — Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде аударады.

2. Жұмыс берушiнiң зейнетақы қорына қызметкердiң зейнетақы жинақтарын аудармауына бола ма?

Мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын қолданыстағы заңнамада айқындалатын мөлшерлемелер бойынша және мерзiмдерде төлеуге тиiс.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатын тұлғалар:

1) зейнет жасына толған тұлғалар:

  • 2001 жылғы 1 шiлдеден бастап 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер;

мұндайда:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толған әйелдер;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толған әйелдер;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толған әйелдер;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толған әйелдер;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толған әйелдер;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толған әйелдер;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толған әйелдер;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толған әйелдер;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толған әйелдер;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толған әйелдер;

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар жеке тұлғалар босатылады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар босатылады.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеудiң толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

Нақты төлем жасалған және жұмыскер табыс алған жағдайда агент уақтылы ұстап қалмаған (есебiне жазбаған) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады. Берешек жұмыс берушi жiберетiн хабарлама негiзiнде өндiрiледi.

3. Зейнетақы жинақтары туралы үзiндi көшiрменi алу үшiн мiндеттi түрде өзi келу керек пе әлде оны басқа бiреу алса бола ма?

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат құпия, сондықтан жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты алу үшiн әр салымшы (алушы) өзi келуi не өзiнiң өкiлiн нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде немесе сот шешiмi негiзiнде жiберуi тиiс. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы туралы жыл сайынғы ақпаратты алу тәсiлiн салымшы (алушы) өз бетiнше анықтап, ЖЗШ ашу туралы өтiнiште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмде көрсетедi.

Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтары туралы хабарлаудың төмендегi тәсiлдерiнiң бiрiн таңдай алады:

1) электрондық — салымшының (алушының) электрондық мекенжайына (e-mail) хабарлама жiберу;

2) салымшының (алушының) өзiнiң «БЖЗҚ» АҚ-ға келуi;

3) логин мен парольдi пайдаланып, интернет қызметi (www.enpf.kz) арқылы алуы;

4) пошта арқылы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберу.

Сонымен қатар өз ЖЗШ жағдайы туралы ақпаратты интернет арқылы алу тәсiлiн таңдаған салымшылар (алушылар) өздерiнiң зейнетақы жинақтарының ағымдағы жағдайын Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасының көмегiмен бақылай алады. Авторлану үшiн салымшы БЖЗҚ сайтына кiргенде қолданатын логин мен пароль пайдаланылады.

2015 жылдың ақпан айынан бастап БЖЗҚ салымшылары (алушылары) инвестициялық табыс ескерiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты egov электрондық үкiмет порталынан және ХҚО-дан ала алады.

4. Өзiңнiң немесе бiреудiң зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты өз бетiңше Интернеттен алуға бола ма?

БЖЗҚ-дағы интернет қызметi арқылы өз зейнетақы жинақтарыңыздың жағдайы туралы ғана ақпарат алуға болады. Интернет арқылы хабарлау тәсiлiн таңдау үшiн кез келген қор бөлiмшесiне бiр рет келiп, хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы келiсiм жасау, логин мер парольдi тiркеу керек. БЖЗҚ сайты www.enpf.kz немесе egov электрондық үкiмет порталы арқылы өз зейнетақы жинақтарыңыз туралы бiлудiң басқа тәсiлi — электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану.

5.Қазiр зейнетақы жинақтары туралы үзiндi көшiрменi пошта немесе шабарман арқылы үй мекенжайына жiбере ме? Егер жiберетiн болса, қаншалықты жиi жiбередi?

Иә, пошта арқылы зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты бұрынғысынша хабарлаудың осы тәсiлiн бұрын таңдаған салымшылар (алушылар) алады. Сондықтан салымшы (алушы) пошта арқылы үзiндi көшiрменi көптен берi алмаса, ол кезiнде өзiнiң зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмде қандай хабарлау тәсiлiн таңдағанын қарауы керек. Пошта арқылы үзiндi көшiрме алып жүрген салымшының (алушының) мекенжайы өзгерiп, бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарламаған болуы да мүмкiн ғой. Мұндайда оған жiберiлген үзiндi көшiрме Қорға қайтып келедi, ал Қор зейнетақы заңнамасына сай келесi жылы үзiндi көшiрменi жiбермеуге құқылы. Пошталық мекенжайының өзгергенi туралы салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне өзi келiп, пошталық байланыс не электрондық пошта арқылы хабарлай алады. Тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, жеке сәйкестендiру нөмiрiн (ЖСН) көрсетiп, мiндеттi түрде жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесiн тiркейдi.

ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме беру кезеңдiлiгiне келер болсақ, Заңға сәйкес БЖЗҚ салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты кемiнде жылына бiр рет беруге мiндеттi. Сонымен қатар салымшы (алушы) үзiндi көшiрме алу үшiн өзiне ыңғайлы кез келген уақытта (БЖЗҚ жұмыс түзiмiнiң аясында) шектеусiз келе берсе болады. Ал интернет-хабарлауды таңдай отырып, ол өзiнiң зейнетақы шотын тәулiк бойына бақылай алады. Оның үстiне, интернет арқылы ақпарат алу тәсiлiн таңдаған Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттердiң иелерi 2014 жылдың шiлде айынан бастап тегiн ENPF ұялы қосымшасын пайдалана алады. Ұялы қосымша екi тiлде жұмыс iстейдi және онлайн түзiмiнде өз зейнетақы шоттарынан үзiндi көшiрмелер көрiп, ең жақын филиалмен немесе байланыс орталығымен байланысу, сондай-ақ БЖЗҚ туралы ақпарат алу мүмкiндiгiн бередi. Авторлану үшiн салымшы www.enpf.kz сайтына кiргенде қолданатын логин мен пароль пайдаланылады. Egov порталы арқылы ақпарат алу туралы жоғарыда айттық.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«ЕЗЖ туралы сауал»

05.12.2016

1) Ерiктi зейнетақы жарналары деген не?

Бұл салымшының зейнетақы төлемiн алушының пайдасы үшiн бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына (ЕЖЗҚ) өз еркiмен салатын ақшасы. Ерiктi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартпен реттеледi.

ЕЗЖ артықшылықтары:

  • ЕЗЖ-ны 3-тұлғалардың пайдасына салуға болады, ол өз балаларыңыз бен жақындарыңыз үшiн бүгiннен бастап зейнетақы капиталын қалыптастыруды бастай алатыныңызды бiлдiредi;
  • салынатын жарналардың мөлшерi мен кезеңдiлiгiне шектеу жоқ, бұл мәселелер шарт жасау кезiнде келiсiледi;
  • салым аз мөлшерде жасалып отырған болса, зейнетке шығар сәт жақындаған кезде бiршама үстеме алуға болады;
  • МЗЖ-мен салыстырғанда, ЕЗЖ-ны бiрақ, яғни белгiленген инвестициялық кiрiсiмен бiрге бүкiл соманы түгелдей алуға болады.

2) Кiм ЕЗЖ салымшысы бола алады және оларды кiмнiң пайдасына салуға болады?

Жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналарының салымшысы бола алады. Жеке тұлға — салымшылар ЕЗЖ салуды жеке қаражаты есебiнен өз пайдасы үшiн, сондай-ақ үшiншi тұлғалардың (мысалы, табысы аз немесе жұмыс iстемейтiн туғандары мен жақындарының) пайдасына сала алады. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны үшiншi тұлғалардың пайдасына салуды жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен заңды тұлғалар да (жұмыс берушi өз жұмыскерлерiнiң пайдасына) жүзеге асыра алады.

Ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн салымшы БЖЗҚ-ны және (немесе) ЕЖЗҚ-ны (ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорлары тиiстi лицензия алған соң) таңдау құқығына ие.

ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты БЖЗҚ кеңсесiне өзiңiз келiп, болмаса сенiм бiлдiрiлген немесе заңды өкiлiңiз арқылы жасауға болады.

3) ЕЗЖ төлеу кезеңдiлiгi мен мөлшерi қандай?

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi, оларды төлеу және зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмiмен тағайындалады.

Ерiктi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 166-бабына сәйкес, өз пайдасына салынған ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отырған салымшы салық шегерiмiне құқылы. Салық шегерiмiнiң мөлшерi өз пайдасы үшiн енгiзген ЕЗЖ сомасына тең (басқаша айтқанда, жеке зейнетақы шотына ЕЗЖ есебiнен аударылған сомаға салық салынбайды). Салық шегерiмiне құқыққа ие болу үшiн салымшы өз жұмыс берушiсiне зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың көшiрмесiн және ЕЗЖ төленгенiн растайтын құжатты тапсыруы керек.

4) Шарт жасасу үшiн қандай құжаттар қажет?

Жеке тұлға/заңды тұлға/сенiм жүктелген тұлға/заңды өкiл төменде көрсетiлген құжаттарды бере отырып, БЖЗҚ кеңсесiне өзi келгенде шарт жасалады:

1) жеке тұлға (өз пайдасына) шарт жасау үшiн —

жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (ЖСН болуы мiндеттi);

2) жеке тұлға (үшiншi тұлға пайдасына) және алушы шарт жасау үшiн — жеке басты куәландыратын құжаттардың түпнұқсалары (ЖСН болуы мiндеттi);

3) заңды тұлға (үшiншi тұлға пайдасына) шарт жасау үшiн:

заңды тұлға —

  • заңды тұлға жарғысының және лицензиясының нотариат куәландырған көшiрмесi (салымшының қызметi лицензияланатын жағдайда);
  • БСН көрсетiлген, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариат куәландырған көшiрмесi немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама;
  • заңды тұлғаның бiрiншi басшысының өкiлеттiгiн (мәртебесiн) растайтын құжат;
  • заңды тұлған атынан шартқа қол қою өкiлеттiктерi көрсетiлген заңды тұлға сенiмхатының түпнұсқасы және заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкiлеттiгi бар тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
  • заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басты куәландыратын құжаттарының заңды тұлға растаған көшiрмелерi (акционерлiк қоғамдардың құжаттарын, сондай-ақ шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар тiзiлiмiн тiркеушi жүргiзетiн шаруашылық серiктестiктерi құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда);

алушы —

  • жеке басты куәландыратын құжаттың түпнұсқасы (ЖСН болуы мiндеттi);

алушының сенiм жүктелген тұлғасы —

  • сенiм жүктелген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы;
  • нотариат куәландырған сенiмхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшiрмесi;
  • алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi (ЖСН болуы мiндеттi).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
(ЗЖ төлемдерi, Мемлекеттiк кепiл, ЕЗЖ, Базалық зейнетақы)

23.11.2016

1) Менiң қызым келiсiм-шарт бойынша шетелде жұмыс iстейтiндiктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, бiз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшiн не iстеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?

— Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс iстей отырып, Сiздiң қызыңыздың мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкiндiгi бар екенiн айта кету керек.

Сонымен қатар Сiз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшiншi тұлғаның пайдасына ерiктi зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзi осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсiл өте ыңғайлы, өйткенi жарналардың кезеңдiлiгiн және мөлшерiн адам өзi белгiлей алады. Айтып өткенiмiздей, ерiктi жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегi зейнетақының болжалды мөлшерiн есептеуге көмектеседi және тұрақты аударылатын ең аз ерiктi жарналардың өзi зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкiндiк беретiнiн көрнектi түрде көрсетедi. Оларды теңгемен салу керек.

2) Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердiм. Айтыңызшы, мен құрметтi демалысқа шыға салысымен барлық соманы бiрден ала аламын ба немесе оны бөлiп-бөлiп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшiн сыйақы алады деп естiдiм.

— Тиiстi қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгi зейнетақы мөлшерi — 25 824 теңге) белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазiргi сәтте бұл сома — 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сiз барлық соманы бiрден ала алмайсыз. Сiз жоғарыда көрсетiлген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасын белгiленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сiздiң жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл iшiнде төленетiн болады. Мұндай тәртiп БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидасымен белгiленген. Қағида ҚР Үкiметiнiң 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекiтiлген.

Сiздiң сұрағыңыздың екiншi бөлiгiне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» ҚР Кодексiнiң 160-бабының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi — төлем көзiне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алушыдан мiндеттi түрде Салық кодексiнде көзделген түзетулер мен салықтық шегерiмдер ескерiле отырып 10 пайыз мөлшерiнде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерiнiң сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төменгi еңбекақының 12 еселенген мөлшерiне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерiн қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ-ның меншiктi қаражаты есебiнен төленедi.

3) Келесi жылы зейнетке шығамын және менiң жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерiстер, құнсыздану және басқалар әсер еттi ме деп жиi ойлай бастадым?

— Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетiгi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейiн ескере отырып сақтау жауапкершiлiгiн мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдерiне құқық алған сәттегi құнсыздану деңгейiн ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерiнде сақтауға кепiлдiк бередi. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейi жинақталған құнсыздану деңгейiнен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттiк бюджеттен тиiстi өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттiң осындай тiкелей жауапкершiлiгi әлемнiң еш жерiнде жоқ екенiн айта кету керк.

4) Мен қоныс аударып едiм, ендi жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйi туралы деректерi бар хаттар келмейтiн болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты бiлудiң басқа жолдары бар ма?

— БЖЗҚ-ға өзiңiздiң жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет едi, оны хабарламағандықтан, сiз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы жыл сайынғы үзiндi көшiрменi алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлiмшесiне бiр рет келiп, не өз деректемелерiңiзге түзетулер енгiзiңiз, не ең дұрысы, хабарлау тәсiлiн өзгертiңiз.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрнеше арнасы бар. Сiз салымшы ретiнде өзiңiзге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл — жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жеке келiсiмде көрсетiлген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жiберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсiлi — www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмi арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольдi тiркесеңiз, сiз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексерiп, жұмыс берушiден түскен түсiмдi бақылай аласыз. Бiздiң мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзiрлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы алу мүмкiндiгi бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде. Оны алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет. Сiзге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенiн қаласаңыз, сiз үшiн республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсiлi әлi де қолданылады.

2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбiр төртiншi салымшы зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Жыл басынан берi ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жеттi.

5) 2018 жылдан бастап зейнеткерлердiң зейнетақысына өтiл үшiн үстеме қояды деп естiдiм. Бұл шын мәнiнде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшiн өтiл қандай болу керек?

— 2018 жылдың шiлде айынан бастап базалық зейнетақы төлемiн есептеу тетiгi өзгеретiн болады. Қазiргi уақытта ол барлық алушыға бiрдей төленедi және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшерi әр түрлi болады: өтiлi он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызы. Әрбiр келесi толық жылға базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 2 пайызға өсетiн болады. Яғни, өтiлi 20 жыл болғанда ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл — 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтiл кезiнде — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызы. Өтiл ескерiлген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшiн «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөмiрiне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн) хабарласа аласыз.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
(МКЗЖ, Базалық зейнетақы, ШЖҚ)

21.11.2016

1. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары дегенiмiз не?

Мiндеттi кәсiптiк жарналары — 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары қауiптi және зиянды жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң пайдасы үшiн жұмыс берушi аударатын жарналар. Жарналардың мөлшерi еңбекақы қорының 5% құрайды. Кәсiптер тiзбесi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бекiтiлген. Тiзбенi жасаған кезде ҚР ЕХӘҚМ еңбектi қорғау жөнiндегi Республикалық ҒЗИ зерттеулерiнiң нәтижелерi пайдаланылды.

Жұмыс нәтижелерi бойынша еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) кәсiптер тiзбесiне қосу үшiн көрсеткiштер мен критерийлер айқындалған:

  • зиянды өндiрiстiк факторлардың болуы;
  • еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстарда 80% кем емес;
  • өндiрiс ерекшелiгiне байланысты (өндiрiс объектiлерiн аттестаттаудың нәтижелерi бойынша) зиянды еңбек жағдайларының сақталуы (зияндылықтың 3 класынан төмен емес).

2. 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы қалай есептеледi?

2015 жылғы 2 тамызда Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V Заңына сәйкес түзетулердi ескере отырып 2018 жылдың 1 шiлдеден бастап зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай зейнет жасына жеткен кезде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбiн өзгерту көзделген. Осылайша, базалық зейнетақы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасының 50 пайызы мөлшерiнде, зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi он жылдан артық әрбiр толық жыл үшiн оның мөлшерi 2 пайызға арттырыла отырып, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейi шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде берiледi.

3. Шартты-жинақтаушы құрамдауыш дегенiмiз не?

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өзгерiстер енгiзiледi — шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгiзiледi.

Ол үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында әрбiр қызметкерге шартты зейнетақы шоттары ашылатын болады, оның атына жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкердiң ай сайынғы табысынан 5% мөлшерiнде ЖМЗЖ аударатын болады. Жаңа ЖМЗЖ басты артықшылығы жұмыс берушi зейнеткердiң пайдасына аударып отырған осы жарналардан зейнеткер оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылса да, осы құрамдауыштан зейнетақыны өмiр бойы алатын болады (ЖМЗЖ жиынтығында күнтiзбелiк 60 айдан кем емес аударған жағдайда).

4. Зейнетақы жинақтары қалай мұраға қалады?

Мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады

Жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары азаматтардың меншiгi болып табылмайды және тиiсiнше мұраға қалдырылмайды, себебi олар жұмыс берушiлермен төленетiн болады. Бiрақ, естерiңiзге қайта саламыз, зейнеткер оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылса да, бұл құрамдауыштан зейнетақыны өмiр бойы алатын болады (ЖМЗЖ жиынтығында күнтiзбелiк 60 айдан кем емес аударған жағдайда).

5. Жаңа зейнетақы заңнамасы қабылданғаннан кейiн болашақ зейнетақы қандай құрамдауыштардан тұратын болады?

1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн 6 айдан кем емес жұмыс өтiлi бар тұлғалар жинақтаушы және шартты-жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрi — ШЖЖ) төленетiн төлемдермен қатар базалық және ортақ зейнетақыны алатын болады.

Осылайша, зейнетақы мыналардың есебiнен қалыптасады:

1) бюджет қаражатынан:

  • 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн күнтiзбелiк алты айдан кем емес өтiлi бар болған кезде еңбек зейнетақысы;
  • мөлшерi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуына байланысты болатын базалық зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақыдан:

  • қызметкердiң ай сайынғы табысынан 10% мiндеттi зейнетақы жарналары (1998 жылдан бастап өз еңбекақымыздан ай сайын 10% аударатын, бiз жинайтын сома),
  • қызметкердiң ай сайынғы табысынан 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстарда еңбек ететiн қызметкерлердiң пайдасына аударатын сома);
  • және жаңа, 2018 жылдан бастап енгiзiлетiн жұмыс берушi қызметкерлердiң барлығы үшiн қызметкерлердiң шартты зейнетақы шоттарына төлейтiн 5% мiндеттi зейнетақы жарналары (олардың еңбек жағдайларына байланыссыз). Бұл шоттардан төлемдер 2023 жылдан бастап — ЖМКЖ жиынтығында күнтiзбелiк 60 айдан кем емес аударғанда

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
(ЗЖ сақталуына кепiлдiк, Үзiндi көшiрме алу тәсiлдерi, ЕЗЖ)

14.11.2016

1. Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiктер бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты иемдену кезiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

2. Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты салымшылар қалай ала алады?

Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алудың арналары бiрнешеу. Салымшы өзi үшiн ең ыңғайлысын таңдай алады:

  • Салымшының БЖЗҚ өзi келуi (Қазақстан бойынша БЖЗҚ 236 офис);
  • жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жеке келiсiмде көрсетiлген салымшының электрондық мекенжайына хабарламаны жiберу;
  • www.enpf.kz сайтында «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмi арқылы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кез келген офисiнде тiркелетiн логин мен пароль болса, немесе электрондық цифрлiк қолтаңбасы (ЭЦҚ) болса. «Интернет қызметтерi арқылы жеке өзi өтiнiш жасаған кезде» хабарландыру тәсiлiн таңдап және логин мен пароль болса, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттер үшiн БЖЗҚ мамандары әзiрлеген ENPF мобильдi қосымшасын пайдаланса болады.
  • egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы. Қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» санатында — «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдары  — «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмi. Қызметтi пайдалану үшiн ЭЦҚ және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.
  • пошта арқылы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша.

3. Фамилиясы, мекенжайы және т.б. өзгерген жағдайда салымшының әрекетi?

Салымшының (алушының) фамииясы, аты, әкесiнiң аты, туған күнiнiң өзгергенi туралы БЖЗҚ автоматты түрде Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан (ЗТМО) ақпарат алады. Ақпарат беру бойынша қордың мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн қандайда бiр өзгерiстер (мекенжай, электрондық мекенжайдың өзгеруi және т.б.) болған жағдайда салымшылар белгiленген тәртiпте бұл туралы БЖЗҚ хабарлауға мiндеттi.

Қор барлық салымшыларын өздерiнiң Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы деректерiн тексерудi өтiнедi және жинақтары туралы ақпарат алудың ең ыңғайлы, заманауи, тиiмдi және жедел тәсiлiн таңдауды ұсынады.

4. Зейнетақы жинақтарын жылжымайтын мүлiктi сатып алуға, шет елде емделу ақысын, немерелерiнiң оқуын төлеуге пайдалануға болады ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi Заңмен көзделген белгiлi бiр жағдайлар туындағанда, сонымен қоса зейнет жасына жеткен кезде ғана алынады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебiнен кредитiн жабу, жылжымайтын мүлiк сатып алу, емделу ақысын төлеу мүмкiндiгi қолданыстағы заңнамада көзделмеген.

5. Зейнетақы жарналарын ерiктi түрде аударуға болады ма?

Әрине, болады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы мөлшерiн өз бетiнше көбейту үшiн, сiз ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отыра аласыз.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiнiң тәртiбi осы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
(«БЖЗҚ» АҚ-нан төлемдер)

10.11.2016

1) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне кiмнiң құқығы бар?

Белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерi түрiндегi зейнет жасына толған соң мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға тиесiлi, атап айтқанда:

63 жасқа толған ерлер;

58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас).

2) Зейнет жасына толған соң БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн қандай құжаттар керек?

Жалпы белгiленген зейнет жасына толған кезде зейнетақы төлемдерiн алушы МЗЖ және МКЗЖ есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш ресiмдеу үшiн ең жақын БЖЗҚ кеңсесiне бару керек. Жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы мен зейнетақы төлемдерiн аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтердi өзiмен бiрге алып келедi. Сонымен қатар зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн құжаттарды алушы сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы немесе пошта байланысы арқылы өткiзе алады, толық ақпаратты сайттан алуға болады (http://www.enpf.kz/11462).

3) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш берген соң қанша уақыт iшiнде зейнетақы төлемдерi жасалады?

Құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес болған жағдайда, олар өткiзiлген соң он жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн жасайды.

4) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу кезеңдiлiгi қандай?

Төлемдер кезеңдiлiгiн алушының өзi белгiлейдi — жылына бiр рет, тоқсанына не айына бiр рет.

5) Банк комиссияларының мөлшерi қандай? Зейнетақы төлемдерi қандай валютада жасалады?

Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу және төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ қаражатының есебiнен төленедi, бұған оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтерi қосылмайды.

Зейнетақы төлемдерiн БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына:

  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде тек ұлттық валютамен;
  2. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингiмен немесе ресей рублiмен аударады.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
ЖЗШ-нан үзiндi көшiрме алу тәсiлдерi)

07.11.2016

1.Зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ХҚО немесе электрондық үкiмет арқылы толық көлемде алуға бола ма?

Иә, 2015 жылдың ақпан айынан бастап бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары (алушылары) инвестициялық табыс ескерiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты электрондық үкiмет порталынан және ХҚО-дан ала алады. БЖЗҚ-дан алатын анықтаманың жаңа түрi салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты, жеке зейнетақы шотындағы қаражат қозғалысын, бұған қоса зейнетақы жарналарының түсуiн, зейнетақы төлемдерiн жасауды, сондай-ақ инвестициялық табыс туралы ақпаратты қамтиды.

2. Инвестициялық табыс ескерiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ХҚО-дан қалай алуға болады?

Қызмет www.egov.kz порталындағы «Азаматтар» санаты — «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдары — «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Қызметтi пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу қажет және электрондық үкiмет порталында тiркелу керек. Қызмет көрсетiлетiн уақыт 30 минуттан аспайды. ХҚО-дан анықтама алу үшiн салымшы (алушы) ХҚО қызметкерлерiне барады. Олар келушiлерге кеңес берiп, e-gov порталында тiркелуге және зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу үшiн кiлт болатын электрондық цифрлық қолтаңба алуға көмектесуi тиiс.

3. Электрондық цифрлық қолтаңбаны қайдан алуға болады?

ЭЦҚ-ны ең жақын жердегi ХҚО-на барып алуға болады. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны қалай алуға болады және бұл үшiн қандай бағдарламалар керек деген ақпаратты Ұлттық куәландыну орталығының (www.pki.gov.kz) веб-сайтынан көруге бола алады.

4. Салымшылар (алушылар) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты қалай ала алады?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес БЖЗҚ салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты кемiнде жылына бiр рет беруге мiндеттi. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жағдайы туралы жыл сайынғы ақпаратты алу тәсiлiн салымшы (алушы) өз бетiнше анықтап, ЖЗШ ашу туралы өтiнiште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмде көрсетедi.

Салымшы (алушы) зейнетақы жинақтары туралы хабарлаудың төмендегi тәсiлдерiнiң бiрiн таңдай алады:

  • салымшының БЖЗҚ-ға өзi келiп өтiнiш жасауы;
  • салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жеке келiсiмде көрсетiлген электрондық мекен-жайына хабарлама жiберу;
  • БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiнде тiркелетiн логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме бөлiмi арқылы үзiндi көшiрме алу. Логин мен пароль болғанда «интернет қызметi арқылы өзiнiң өтiнiш жасауы» деген хабарлау тәсiлiн таңдай отырып, БЖЗҚ мамандары әзiрлеген Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады.
  • egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы. Қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» санатындағы «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарының «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Қызметтердi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.
  • пошта арқылы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберу.

5. Петропавл қаласы бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларына (алушыларына) арналған қызмет көрсету өңiрлiк бөлiмiнiң орналасқан жерi және жұмыс кестесi:

  • Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы (Бас офис), Бөкетов көшесi, 31 «А».

Жұмыс кестесi сағат 8.00-ден 19.00-ге дейiн, үзiлiссiз;

сенбi күнi — сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн;

демалыс күнi — жексенбi.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»

01.11.2016

1. Зейнетақы жарналарын ерiктi түрде аударуға болады ма?

Әрине, болады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы мөлшерiн өз бетiнше көбейту үшiн, сiз ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отыра аласыз.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiнiң тәртiбi осы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

2. Зейнетақы жарналарын ерiктi түрде аударуға бола ма?

Зейнетақы көлемiн өзiңiзше өсiру үшiн, сiз Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен немесе ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорымен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа отыра аласыз.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлеу тәртiбi осы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

3. Қор ақшаны қайда және қалай инвестициялауда?

Заңнамаға сәйкес, барлық зейнетақы активтерiн басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң басым бөлiгi бүгiнгi күнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына инвестицияланған. Активтердiң бiр бөлiгi ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары, акциялар, депозиттер, асыл металдар және т. б. инвестицияланған. Өзектi ақпаратты Сiз www.enpf.kz ресми сайтынан бiле аласыз

4. Құжаттарының түпнұсқаларын көрсеткен жағдайда, басқа адам үшiн үзiндi көшiрме алуға бола ма?

Жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрi — ЖЗШ) алынатын үзiндi көшiрмеде көрсетiлетiн мәлiметтер зейнетақы жинағының құпиясына ие мәлiметтерге жатқызылады. Тиiсiнше, мұндай мәлiметтер:

  1. салымшыға/алушыға;
  2. немесе салымшы/алушы ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға берген нотариат куәландырған сенiмхаттың негiзiнде үшiншi тұлғаға берiледi.

5. Жинақтар мұраға қалдырыла ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылады.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
«(Аннуитет шарттары, ШЖҚ, шетел азамматырымен ЖЗШ ашу шарттары)»

07.10.2016

1. БЖЗҚ-дағы салымшылардың жалпы саны және зейнетақы жинақтарының сомасы бүгiнде қандай?

2016 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бiрлiктен асты, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны — 405 713 бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 мыңнан астам бiрлiк. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,35 трлн. теңгеден асты.

2. Аннуитет шарттар дегенiмiз не?

Қолданыстағы заңнама аясында «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ) зейнетақы төлемдерiн «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында (Заң) көзделген белгiлi бiр жағдайлар орын алған кезде алуға болады. Ең алдымен, зейнетақы төлемдерiн алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толған тұлғаларға берiледi.

Сонымен қатар мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленетiн болса, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау арқылы белгiленген зейнет жасынан бұрын зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар тұлғаларды бөлек атап көрсетуге болады. Зейнетақы аннуитетi шарты — сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерiн алушы) сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтарының сомасын беруге мiндеттенедi, ал сақтандыру ұйымы сақтанушының (зейнетақы төлемдерiн алушының) пайдасына өмiр бойы немесе белгiлi бiр уақыт кезеңiнде сақтандыру төлемдерiн жасауға мiндеттенедi.

Заңның 31-бабының ережелерiне сай ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде мiндеттi зейнетақы төлемдерi есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға:

55 жасқа толған ерлер;

50 жасқа толған әйелдердер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап),

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа толған әйелдердер;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа толған әйелдердер;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа толған әйелдердер;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа толған әйелдердер;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа толған әйелдердер;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа толған әйелдердер;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа толған әйелдердер;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа толған әйелдердер;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа толған әйелдердер;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толған әйелдердер құқылы.

Зейнетақы жинақтарының жеткiлiктiлiгi сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитетi шартының талаптарымен анықталады, зейнетақы жинақтарын аудару туралы шешiм қабылдай отырып, шартпен өте мұқият танысу қажет.

3. Шартты-жинақтаушы құрамдауыш дегенiмiз не? Оның зейнетақыға әсерi қандай?

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өзгерiстер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгiзiледi.

Ол үшiн БЖЗҚ-да әрбiр қызметкерге шартты зейнетақы шоттары ашылатын болады, қызметкердiң атына жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкердiң айлық табысынан 5% мөлшерiнде ЖМЗЖ аударатын болады. Жаңа ЖМЗЖ артықшылығы — жұмыс берушi жарна салып отырған зейнеткер бұл құрамдауыштан зейнетақыны өмiр бойына, тiптен шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылып қалса да алады (жинап келгенде кемiнде 60 күнтiзбелiк ай ЖМЗЖ аударылған жағдайда).

4. Салымшы қайтыс болған жағдайда, зейнетақы жинақтары кiмге, қалай және қандай көлемде мұраға қалдырылады?

Мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарын заңнамада белгiленген тәртiппен өсиетхат бойынша да, заң бойынша да мұраға алуға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң ережелерiне сай мұрагерлер заң бойынша кезектiлiк тәртiбiмен мұрагерлiкке шақырылады. Заң бойынша мұрагер болу құқығын бiрiншi кезекте мұра қалдырушының балалары, сондай-ақ оның жұбайы (зайыбы) мен ата-анасы тең үлеспен алады. Бiрiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын екiншi кезекте мұра қалдырушының бiр әке, бiр шешеден туған және әкесi немесе шешесi бөлек аға-iнiлерi мен апа-қарындастары (сiңлiлерi), сондай-ақ оның әкесi жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесi тең үлеспен алады. Егер бiрiншi және екiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын үшiншi кезекте мұра қалдырушының әкесiмен бiрге туған ағалары мен апалары, нағашы ағалары мен нағашы апалары тең үлеспен алады. Егер бiрiншi, екiншi және үшiншi кезектегi мұрагерлер болмаса, заң бойынша мұрагер болу құқығын мұра қалдырушының алдыңғы кезектегi мұрагерлерiне жатпайтын үшiншi, төртiншi және бесiншi туыстық дәрежесiндегi туыстары алады.

Заңнамада белгiленген тәртiппен мұрагерлiк құқық ресiмделген және зейнетақы жинақтарын төлеуге қажет құжаттар БЖЗҚ-ға берiлген соң зейнетақы жинақтары мұрагерлерге зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiште көрсетiлген банк шотына аударылады.

5. Қазақстан аумағындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiш берiп, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасай ала ма?

Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер және азаматтығы жоқ тұлғалар жеке басты куәландыратын құжаты (шетелдiктер үшiн тұруға ықтиярхат, азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн азаматтығы жоқ тұлғаның кәуiлiгi) болған кезде Қордың кез келген бөлiмшесiне мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшпен бара алады. Сол жерде ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасауға болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
«(Зейнетақы жинақтары еңбекақыдан құралады)»

03.10.2016

Бүгiн бiз БЖЗҚ туралы 5 сауал айдарында БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты, уақытылы және толық аудару қажеттiлiгi туралы айтамыз. Сiздiң белсендi еңбек қызметi аяқталғаннан кейiнгi қамсыздандыруыңыз елеулi дәрежеде осыған байланысты.

1. БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi неге байланысты?

БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi БЖЗҚ-ға уақытылы аударылған зейнетақы жарналарының көлемiне, жиiлiгiне, ұзақтығына және толықтығына тiкелей байланысты. Осыған орай БЖЗҚ салымшыларға БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агенттер аударымдарының уақытылы және толық болуын тұрақты түрде өз бетiнше бақылауға кеңес бередi. Зейнетақы жинақтарыңызды кез келген БЖЗҚ бөлiмшесiне барып не интернет-хабарландыруды таңдап тексере аласыз.

2. Кiм зейнетақы жарналарын төлеу бойынша агент бола алады?

Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебiне жазатын) және БЖЗҚ-ға аударатын жеке немесе заңды тұлға, сонымен қатар қызметiн Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға агент бола алады. Басқа сөзбен айтқанда, агент — сiздiң жұмыс берушiңiз.

3. Агенттiң мiндеттерi қандай және оларды бұзғандағы жауапкершiлiгi қандай?

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңының (бұдан әрi — Заң) 39-бабының 10-тармағына сай агент БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын уақытылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және төлеуге мiндеттi.

Заңның бұл нормалары бұзылса, нақты төленген және қызметкер кiрiс алған жағдайда, агент уақытылы ұстап қалмаған (есебiне жазбаған) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе агенттер мерзiмi өткен әрбiр күнге (Мемлекеттiк корпорацияға төлейтiн күн қосылады) уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесiнiң 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетiн қызметкерлердiң пайдасына аударуы тиiс (Заңның 28-бабының 1-тармағы).

Сонымен қатар, Заңның 29-бабының ережелерiне сәйкес агенттер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзуге мiндеттi және мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленетiн қызметкерлерге есептелген, ұсталған (есебiне жазылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары туралы мәлiметтi есептiден кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей ай сайын ұсынуға мiндеттi.

4. Зейнетақы жинақтары жоқ не жеткiлiксiз адамдар не iстеуi керек?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ не зейнетақы жарналары тұрақсыз аударылатын тұлғаларға, сондай-ақ жұмысқа орналасқысы не қосымша жұмыс iстегiсi келетiн адамдарға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң «Тұлғаларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдамалар беру» мемлекеттiк қызметiнiң стандартын әзiрлегенiн хабарлаймыз, қызметтi Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, оның iшiнде облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары мен Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары тегiн көрсетедi.

5. Бұл қызметтi пайдалану үшiн не iстеу керек?

Мемлекеттiк қызметтi пайдалану үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға (мекенжайларын және байланыс телефондарын қоса берiп отырмыз) не www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталына өтiнiш бiлдiру қажет.

Аталған мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң түпкi мақсаты — өтiнiш бiлдiрген тұлғалардың жұмысқа орналасуы.

Бұл ақпарат сiзге пайдалы болады және БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарыңыздың өсуiне, оның iшiнде жұмысқа орналасу арқылы өсуiне, осыған орай сiздiң БЖЗҚ-дан алатын болашақ зейнетақыңыздың мөлшерiнiң ұлғаюына көмегi тиедi деп үмiттенемiз.

БЖЗҚ байланыс орталығы 14-18
(Қазақстан аумағында қоңырау шалу
тегiн) www.enpf.kz

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сауал»
«(Ануитет шарттары, ШЖҚ, шетел азамматырымен ЖЗШ ашу шарттары)»

«БЖЗҚ туралы 5 сауал» (МЗЖ, МКЗЖ,ЕЗЖ)»

10.08.2016

Газеттердiң редакциларына, www.enpf.kz сайтына, әлеуметтiк желiлердегi БЖЗҚ парақшаларына, Қордың байланыс орталығына зейнетақы жинақтары мен жалпы зейнетақы жүйесi туралы көбiрек бiлгiсi келетiндерден сауалдар келiп түседi. Олардың iшiндегi ең көп қойылатын сауалдарға жауапты «БЖЗҚ туралы 5 сауал» айдарынан оқи аласыздар.

1. Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн не қажет?

Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн жеке тұлға кез келген «БЖЗҚ» АҚ бөлiмшесiне өзiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын алып келiп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiш бере алады.

Жеке зейнетақы шотын төмендегi құжаттарды тапсыра отырып, сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы да ашуға болады:

  • сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;
  • нотариат куәландырған сенiмхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшiрмесi;
  • жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Бас бостандығынан айыру орындарындағы жеке тұлғаның мүддесiн бiлдiрген жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасын беруге болады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұдан әрi — МКЗЖ) есебiнен жеке зейнетақы шотын ашу үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның пайдасына МКЗЖ төлейтiн агент төмендегi құжаттарды бередi:

  • жарғы көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы не қызметiн үлгi жарғы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлғаны тiркеу туралы тiркеушi органдар қабылдаған өтiнiштiң көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы (үлгi жарғыны ұсыну талап етiлмейдi);
  • мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi және көзбен шолу үшiн оның түпнұсқасы. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама беруге болады, бұл ретте құжаттар топтамасына анықтаманың түпнұсқасы қосылады;
  • үшiншi тұлғаларға МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiшке қол қою өкiлеттiгiмен агент берген сенiмхат түпнұсқасы не оның нотариат куәландырған көшiрмесi;
  • МКЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiшке қол қоюға өкiлеттiгi бар үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • агенттiң банк деректемелерi: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (БСН), банк сәйкестендiру коды (БСК), жеке сәйкестендiру коды (ЖСК), бенефициар коды (БеК).

2. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шарт жасау үшiн не қажет?

Ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) — салымшының БЖЗҚ-ға немесе ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркiмен салатын ақшасы. Ерiктi жарналарды өзiң үшiн де, үшiншi тұлғалар үшiн де, мысалы, өз жақындарыңның пайдасына салуға болады немесе жұмыс берушi өз қызметкерлерiнiң пайдасына сала алады.

ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты өз пайдасына жасау үшiн салымшы жеке басын куәландыратын құжатты беру керек (көшiрмесi және көзбен шолу үшiн түпнұсқасы). Егер шартты жеке тұлға үшiншi тұлғаның пайдасына жасаса, жеке басты куәландыратын құжатты (көшiрмесi және түпнұсқасы) салымшы да, алушы да бередi.

Үшiншi тұлғаның пайдасына шарт жасау үшiн заңды тұлға салымшы төмендегi құжаттарды бередi:

заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесi және лицензия (егер салымшы қызметiне лицензия берiлетiн болса);

заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама немесе БСН көрсетiлген заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) куәлiгiнiң нотариат куәландырған көшiрмесi;

заңды тұлғаның бiрiншi басшысының өкiлеттiгiн (мәртебесiн) растайтын құжат;

заңды тұлға атынан шартқа қол қою өкiлеттiгi көрсетiлген заңды тұлға сенiмхатының түпнұсқасы;

заңды тұлға атынан шартқа қол қоюға уәкiлеттi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат түпнұсқасы;

заңды тұлға құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттардың заңды тұлға куәландырған көшiрмелерi (акционерлiк қоғамдардың құжаттары, сондай-ақ шаруашылық серiктестiк қатысушыларының тiзiлiмiн тiркеушi жүргiзетiн шаруашылық серiктестiк құрылтайшыларының құжаттары қосылмайды).

Алушы жеке басын куәландыратын құжат бередi (түпнұсқа).

ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кәмелетке толмаған азаматтар да жасай алады. Бұл жағдайда, 14 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған тұлғаның атынан әрекет ететiн заңды тұлға төмендегi құжаттарды бередi:

1) кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

2) заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

3) ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама/баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Мұндайда шартқа заңды өкiл қол қояды.

14 жастан бастап 18 жасқа дейiнгi кәмелетке толмаған тұлға шартты заңды өкiлдiң жазбаша келiсiмiмен өз бетiнше жасайды және төмендегi құжаттарды бередi:

14 жастан бастап 16 жасқа дейiн:

кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

Кәмелетке толмаған тұлғаның (туған күнi 2007 жылғы тамызға дейiн) туу туралы куәлiгiнде ЖСН деректемелерi болмаған жағдайда, туу туралы куәлiкке қосымша ЖСН тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасын не Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатының түпнұсқасын беру қажет;

16 жастан бастап 18 жасқа дейiн:

кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) және кәмелетке толмаған тұлғаның туу туралы куәлiгi (түпнұсқа);

заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);

ата-анасы болмаған кезде: қорғаншылық тағайындалғанын растайтын құжат (түпнұсқа) — қорғаншы тағайындалғаны туралы анықтама не баланы патронат тәрбиеге беру туралы шарт.

ЕЗЖ мөлшерлемесi, оны төлеу және кейiннен ЕЗЖ есебiнен құралған зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

3. Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-дан төлем алуға кiмнiң құқығы бар?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрi — Заң) 31-бабының ережелерiне сай мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) зейнет жасына толған соң:

63 жасқа толған ерлер,

58 жасқа толған әйелдер:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас;

2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасаған жағдайда, зейнетақы жинақтары ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде:

55 жасқа толған ерлер;

50 жасқа толған әйелдер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап):

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жас;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жас;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жас;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жас;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жас;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жас;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жас;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жас;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жас;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жас;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Сонымен қатар мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

4. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинақтарын алуға кiмнiң құқығы бар?

Заңның 32-бабының ережелерiне сай мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) зейнетақы жинақтары республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең аз зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау арқылы жалпы алғанда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде алпыс күнтiзбелiк ай төленген, елу жасқа толған тұлғалар;

2) Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде, атап айтқанда:

  • 63 жасқа толған ерлер;
  • 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жас; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жас; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жас; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас);

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

5. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құралған жинақтардан төлемдердi қандай жағдайда алуға болады?

Заңның 33-бабының ережелерiне сай ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға берiледi:

1) 50 жасқа толған тұлғалар;

2) мүгедектер;

3) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.

Сонымен қатар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға берiледi.

* Алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына толмаған тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не оны жерлеген тұлғаға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерi шегiнде, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған бiр жолғы төлем жасайды.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ сұрақтарға жауап бередi»

«(ЕЗЖ, БЖЗҚ салымшыларын (алушыларын) хабарлау, Болжамды зейнетақы калькулятор, БЖЗҚ сайтында тiркелу)»

25.07.2016

БЖЗҚ-ның дәстүрлi айдарында бiз БЖЗҚ қызметiне және жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты жиi қойылып жүрген сұрақтарға жауап беремiз.

1. БЖЗҚ-дан үзiндi көшiрменi жылына бiр рет пошта арқылы аламын. Алайда, өз зейнетақы шотымды жиi тексерiп тұрсам ба деп едiм. Оны қалай iстеуге болады?

Ол үшiн жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат алудың өте ыңғайлы әрi жылдам тәсiлiн таңдайсыз. Мысалы, салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жекелеген келiсiмде көрсетiлген электрондық мекенжайына хабарлама жiберу. Салымшы электрондық мекенжайына үзiндi-көшiрме (ай сайын немесе тоқсан сайын) алу кезеңдiлiгiн өзi белгiлейдi. ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алудың тағы бiр жылдам тәсiлiнiң бiрi — www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» арқылы алу тәсiлi, ол үшiн логин мен пароль не электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болу керек. Сондай-ақ «интернет қызметi арқылы өзiнiң өтiнiш жасауы» деген хабарлау тәсiлiн таңдап, БЖЗҚ мамандарының Android және iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады, бұл үшiн де логин мен пароль керек. Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға жеке басын куәландыратын құжатымен келiп, өтiнiш жасай отырып және хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiм жасап хабарлаудың басқа тәсiлiн белгiлей немесе таңдай алады.

2. Интернет-үзiндi көшiрменi қарау үшiн логин мен парольдi қалай тiркеуге болады?

Пайдаланушының логинi мен паролiн пайдалана отырып, интернет арқылы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты қарау үшiн БЖЗҚ-ға өтiнiш жасап, хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы келiсiм жасау керек. Салымшы мұны «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабында көзделген зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау туралы заң нормаларын сақтау үшiн жасайды. Логин мен парольдi тiркеу/қайта тiркеу www.enpf.kz сайтының «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiнде тiкелей жүзеге асырылады.

3. еnpf.kz сайтында зейнетақы калькуляторын көрдiм. Бұл не?

Зейнетақы калькуляторы — бұл еңбек қызметiнiң басынан бастап әзiрлеуге, жеке зейнетақы жоспарларын құруға арналған көмекшi құрал. Оның көмегiмен салымшының болашақтағы зейнетақысының болжамды мөлшерiн көруге болады.

Бүгiнгi күннiң зейнеткер алушылары ағымдағы зейнетақы калькуляторының көмегiмен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары төлемiнiң мөлшерiн есептей алады.

Болжамды зейнетақы калькуляторын зейнет жасына толмаған салымшылар пайдалана алады. Бұл калькулятор ортақ, базалық, жинақтаушы және ерiктi зейнетақыны болжаммен есептеуге арналған. Есеп инфляцияның өсуiне, инвестициялық кiрiстiлiкке, жалақының өсуiне қарай болжамдарға негiзделген. Есеп нәтижесi түрлi болжамды деректермен ерекшеленетiн оптимистiк, реалистiк және пессимистiк деп аталатын сценарий бойынша берiледi. Зейнетақы калькуляторы зейнетке шыққанда болатын төлемдер туралы болжам жасауға мүмкiндiк бередi.

Осылайша, Қор салымшылары қажеттi деректердi енгiзе отырып, зейнетке шыққан кездегi зейнетақы төлемдерiнiң жиынтық сомасын есептей алады және дәл қазiрден бастап жеке зейнетақы шотына аударымдардың қаншалықты жеткiлiктi түрде жасалып жатқанын да ойлауға болады. жинақтардың басқа құралдарын, қолдана отырып, алдағы зейнетақы жасына жеткенге дейiнгi жиынтық зейнетақыны көбейтуге болады — мысалы ерiктi зейнетақы жарналары. Тiптi тұрақты негiзде жасалатын ең төменгi ерiктi зейнетақы жарналары зейнетақы жинақтарын едәуiр көбейтуге мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, өз пайдасына енгiзiлетiн ерiктi жарналарының сомасы оны салымшы БЖЗҚ-ға өз бетiнше аударған кезде салық салудан босатылады.

Зейнетақы калькуляторы арқылы есеп жасай отырып, болашақ зейнетақы мөлшерiнiң зейнетақы жарналарының жүйелiлiгi мен толықтығына байланысты болатынына көз жеткiзуге болады. Зейнетақы калькуляторымен (ағымдағы/болжамды) жұмыс қағидаларымен enpf.kz сайтында орналастырылған «Жадынамадан» таныса аласыз.

4. Өткен жылы зейнетақы заңнамасына өзгерiстер енгiзiлдi. Осы өзгерiстер негiзiнде 2018 жылдан бастап болашақ зейнетақымыз қандай құрамдауыштардан қалыптасады?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде 6 күнтiзбелiк ай еңбек өтiлi бар адамдар жинақтаушы және шартты жинақтаушы жүйелерден (бұдан әрi — ШЖЖ) төленетiн төлемдермен қатар бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы алатын болады.

Осылайша, зейнетақы:

1) бюджет қаражаты есебiнен:

  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде алты күнтiзбелiк ай еңбек өтiлi болғанда еңбек зейнетақысы;
  • мөлшерi еңбек өтiлiне және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуына тәуелдi болатын базовой зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақы есебiнен:

  • қызметкердiң ай сайынғы табысынан 10% мiндеттi зейнетақы жарналары (бұл 1998 жылдан берi ай сайын жалақыдан 10% аударыла отырып жиналған сома);
  • қызметкердiң ай сайынғы табысынан 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұл 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды (аса зиянды) жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң пайдасына аударатын ақша)
  • 2018 жылдан бастап енгiзiлетiн жұмыс берушiнiң барлық қызметкерлер үшiн (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) олардың шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушi төлейтiн жаңа 5% мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасады. Осы шоттардан төленетiн төлемдер ЖМЗЖ жиынтығында ең кемi 60 күнтiзбелiк күн аударылған жағдайда, 2023 жылдан кейiн жүргiзiлетiн болады.

5. Үшiншi тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналарын жасауға бола ма?

Ерiктi зейнетақы жарналары (бұдан әрi — ЕЗЖ) есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру

туралы шарт жасаған жағдайда үшiншi тұлғаның пайдасына зейнетақы жарналары аударылады. ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау үшiн салымшы мен алушы БЖЗҚ дербес қызмет көрсету орталығына келiп, өтiнiш жасайды. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжатын әкеледi.

Анықтамалық ақпаратты 8 800 080 11 77 телефон
нөмiрi арқылы байланыс орталығынан немесе
1418 телефоны арқылы ортақ
байланыс орталығынан алуға болады.
(Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн)
«БЖЗҚ» АҚ СҚОФ байланыс тел.: 8 (7152) 46 99 02; 46 84 73

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

«(МКЗЖ, Мобильдiк кеңсе, Зейнеткерлiк төлемдер көлемi)»

25.07.2016

БЖЗҚ enpf.kz сайты мен әлеуемттiк желiлердегi Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кiрушiлерi жиi қоятын сұрақтарға жауап бередi.

1. Мен әлi жаспын, ешқандай зейнетақы аударымдарым да жоқ. Болашақ зейнетақымның жақсы болуы үшiн қазiр не iстеуiм керек?

2018 жылдан бастап зейнетақы төлемдерiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға байланысты болады.

Мәселен, зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан аз болса не мүлдем болмаса, мемлекеттiк базалық зейнетақы мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейi (бұдан әрi — ЕТК) шамасының 50%-на тең болады, оның мөлшерi он жылдан артық зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiң әрбiр толық жылы үшiн 2 пайызға ұлғаяды, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ЕТК шамасының 100%-нан аспайды.

Бүгiнгi таңдағы зейнетақының жинақтаушы бөлiгi:

10% қызметкердiң мiндеттi зейнетақы жарналары (бұл бiз 1998 жылдан

бастап ай сайын өз жалақымыздан 10% аудара отырып, жинап келе жатқан сома);

5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұл еңбек жағдайлары зиянды (аса

зиянды) қызметкерлердiң пайдасына өз қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан төлейтiн агент (жұмыс берушi) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап аударатын — қызметкердiң ай сайынғы табысының 5% мөлшерiндегi сома);

ерiктi зейнетақы жарналары.

Бұған қоса, 2018 жылдан бастап, қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне

өзгерiстер, яғни шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiлетiн болады. Оны жұмыс берушi зейнетақы жарналарын аудару үшiн қабылданатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 5% мөлшерiнде барлық қызметкерлерiне олардың еңбек жағдайларына қарамастан аудару үшiн өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Сiз әлi жассыз, бiрақ қазiрден бастап зейнет жасындағы тұрмысыңызды ойлағаныңыз абзал. Сiздiң зейнетақыңыздың негiзгi бөлiгiн бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерi, яғни зейнетақы жинақтары құрайды.

Болашақта зейнетақыңыз жеткiлiктi болсын десеңiз, мiндеттi зейнетақы жарналарының БЖЗҚ-ға тұрақты түрде әрi толық көлемде түсiп тұрғанын қадағалап отыру аса маңызды. Басқа жинақтаушы құралдар туралы да ойлаған артық болмайды, мысал ретiнде ерiктi зейнетақы жарналарын алуға болады. Ерiктi жарналарды кез-келген қазақстандық төлей алады, ол ерiктi зейнетақы шотын ашып, сол арқылы өз зейнетақы жинақтарын көбейтедi. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiнiң тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсiмi бойынша белгiленедi.

Сонымен, егер Сiз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты (шарттарды) жасамаған болсаңыз, БЖЗҚ кеңселерiнiң бiрiне жеке куәлiгiңiзбен келiп, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi (өтiнiштердi) ресiмдегенiңiз жөн.

2. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары дегенiмiз не?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары — 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын қызметкерлер үшiн аударатын жарналар.

Бұл кәсiптердiң тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен белгiленген. Жарналар мөлшерi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аудару үшiн қабылданатын қызметкердiң ай сайынғы табысының 5 %-ын құрайды.

2016 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ-да жинақтардың жалпы сомасы 76,2 млрд. теңгеге мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша 398 472 зейнетақы шоты ашылған.

3. Зейнетке шыққан кезде өзiмнiң барлық жинақтарымды бiрден алуыма бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрi — Заң) 34-бабы 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БЖЗҚ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен алушыларға зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттi. Аталған тәртiп Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрi — Қағида) айқындалған.

Мәселен, Қағиданың 3-тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерi белгiленген кесте бойынша ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын жүзеге асырылады.

Бұл ретте, белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледi және:

  1. республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аспайды (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында ең төменгi зейнетақы мөлшерi 25 824 теңгеге көбейтiлдi және 774 720 теңге болды (30*25 824));
  2. зейнетақы жинақтары сомаларының Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Бұл есеп алушының, яғни 58 жасқа тоған әйелдердiң зейнетақы жинақтарының сомасы 8,223 млн. теңге және одан көп болған, ал 63 жасқа толған ерлерде 7,401 млн. теңге және одан көп болған жағдайда қолданылады.

Егер алушының зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аз болса, алушы зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын ала алады.

Төлем жасалған соң жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аз болған жағдайда, бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

4. БЖЗҚ мобильдiк кеңсесi дегенiмiз не?

БЖЗҚ-ның барлық салымшылары мен алушыларының БЖЗҚ көрсететiн қызметтерге қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында мерзiмсiз болып белгiленген I, II топтағы мүгедектiгi бар мүмкiндiгi шектеулi адамдарға барып қызмет көрсететiн жаңа «Мобильдiк кеңсе» жобасы 2015 жылы қолданысқа енгiзiлдi. Қордың бастамасымен құрылған осы Жоба салымшыларға жаңа мүмкiндiктер берiп отыр.

Жобаның басты мақсаты — халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестiк көмек беру, салымшыларға зейнетақы қызметi бойынша Қор кеңсесiнен тыс жерлерде тиiмдi қызмет көрсету. «Мобильдiк кеңсе» жобасын iске асыру үшiн салымшыларға барып қызмет көрсететiн мамандар командасы құрылды. Команданың құрамында БЖЗҚ-ның әр филиалынан бiр-екi өкiл бар.

БЖЗҚ-ға мүмкiндiгi шектеулi салымшылар (алушылар) туралы мәлiметтер БЖЗҚ мен «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» (ЗТМО) арасындағы ақпарат алмасу туралы шарт аясында ЗТМО дирекциясының «Азаматтарға арналған Үкiмет» КЕАҚ филиалының деректерi негiзiнде берiледi. Сондай-ақ ЗТМО деректерiнiң негiзiнде 2015 жылғы шiлдедегi жағдай бойынша төлем алуға құқылы, бiрақ Қорға өтiнiш жасамаған халықтың әлеуметтiк осал топтарының тiзiмi Қордың ИААЖ базасынан алынды.

Таяу арада мамандардың барып қызмет көрсетуi арқылы мүмкiндiгi шектеулi салымшылардан (алушылардан), ал Қордың 88000801177 Байланыс орталығы мен сыртқы enpf.kz сайты арқылы түзiмдiк және ерекше күзет объектiлерiндегi тұлғалардан өтiнiштер қабылдау қызметiн iске асыру жоспарланды.

5. Менiң қызым күйеуге шыққан соң, тегiн ауыстырды. Бұл туралы БЖЗҚ-ға хабарлау керек пе?

БЖЗҚ салымшының (алушының) тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнiнiң өзгеру деректерi туралы ақпаратты ЗТМО-дан автоматты түрде алады. Салымшыда қордың ақпарат беру жөнiндегi мiндеттемелерiне әсер ететiн қандай да бiр басқа өзгерiстер (мекенжайы, электрондық мекенжайы және т.б.) болған жағдайда, салымшы бұл туралы БЖЗҚ-ға белгiленген тәртiппен хабарлауға мiндеттi.

Сондықтан, Қор барлық салымшыларынан БЖЗҚ-дағы деректерiн тексерудi сұрайды және оларға өз жинақтары туралы ақпарат алудың барынша ыңғайлы, заманға сай, үнемдi әрi жылдам тәсiлiн таңдап алуға кеңес бередi. Себебi бұл тәсiлге олардың мекенжайының, орналасқан жерiнiң өзгергенi әсер етпейдi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

«(МЗЖ, Зейнетақы жинақтарының құпиясы, Зейнеткерлiк жасқа толған салымшыларға төлемдер)»

25.07.2016

Кезектi «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарында бiз enpf.kz сайты мен әлеуемттiк желiлердегi Қордың ресми сайттарының оқырмандары мен кiрушiлерi жиi қоятын сұрақтарға жауап бердiк.

1. Қандай жағдайларда салымшыларға (алушыларға) жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы жыл сайын хабарлау жүзеге асырылмайды?

БЖЗҚ салымшысына (алушысына) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы жыл сайын хабарлау: 1) БЖЗҚ салымшысы (алушысы) тұрғылықты жерiнiң өзгергенi туралы хабарламаған, соның нәтижесiнде «адресат көрсетiлген мекен-жайда тұрмайды» деген белгi басылған өткен жылғы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпараттың үзiндi көшiрмесi БЖЗҚ-ға қайтарылған; 2) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ЖЗШ-да ақша болмаған жағдайларда жүзеге асырылмайды.

2. Салымшылар зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты қалай ала алады?

Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрнеше жолы бар. Салымшы ақпарат алу тәсiлдерiнiң өзiне ыңғайлысын таңдап алады:

  • салымшының БЖЗҚ-ға өзi келiп өтiнiш жасауы (республиканың бүкiл аумағында БЖЗҚ-ның 236 кеңсесi бар);
  • салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште немесе жеке келiсiмде көрсетiлген электрондық мекен-жайына хабарлама жiберу;
  • БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiнде тiркелетiн логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме бөлiмi арқылы үзiндi көшiрме алу. Логин мен пароль болғанда «интернет қызметi арқылы өзiнiң өтiнiш жасауы» деген хабарлау тәсiлiн таңдай отырып, БЖЗҚ мамандары әзiрлеген Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады.
  • egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы. Қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» санатындағы «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарының «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Қызметтердi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба мен электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет.
  • пошта арқылы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтiнiште көрсетiлген мекен-жайға жiберу.

3. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат кiмге және қандай жағдайларда хабарланады?

Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы мәлiметтер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңмен қорғалатын құпияны құрайды (57-бап).

Ақпарат зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген салымшының (алушының) жазбаша келiсiм негiзiнде үшiншi тұлғаға ашылады.

Зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар:

  1. анықтау және алдын-ала тергеу органдарына — олардың жүргiзуiндегi қылмыстық iстер бойынша;
  2. соттарға — сот ұйғарымының негiзiнде олардың жүргiзуiндегi iстер бойынша;
  3. сот орындаушыларына — сот орындаушысының сот санкция берген қаулысы негiзiнде олардың жүргiзуiндегi атқарушылық құжаттар бойынша;
  4. мемлекеттiк табыс органдарына — мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебiне жатқызуға) байланысты мәселелер бойынша;
  5. уәкiлеттi органға — салымшының (алушының) өтiнiшне байланысты не оның бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерiктi жинақтаушы зейнетақы қоры қызметiне тексеру жүргiзуiне байланысты туындаған мәселе бойынша;
  6. прокурорға — оның қарауындағы материал бойынша өзiнiң құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
  7. қаржы мониторингi жөнiндегi уәкiлеттi органға — «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңында көзделген мақсаттарда және тәртiппен;
  8. салымшының (алушының) өкiлдерiне — нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешiмiнiң негiзiнде;
  9. «Үкiмет — азаматтар үшiн» мемлекеттiк корпорациясына — мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) деректер базасын қалыптастыру және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушының зейнетақы төлемдерiне құқықты алуы кезiндегi инфляция деңгейiн есепке ала отырып, iс жүзiнде енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуын есептеу, сондай-ақ салымшының (алушының) не нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешiмi бойынша оның өкiлiнiң өтiнiшi негiзiнде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн;
  10. орталық атқарушы органға — салымшының (алушының) өтiнiшiне байланысты туындаған мәселе бойынша;
  11. бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы, ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берiледi.

Жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары мен оның қозғалысы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, жазбаша сұрау салу бойынша өсиетте аталған адамдарға, соттардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша ұйғарым негiзiнде соттарға берiледi.

Жеке зейнетақы шотының болуы және онда ақшаның болуы туралы анықтамалар салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

4. Салымшы (алушы) зейнет жасына толған кезде төлемдi қалай алады?

Ортақ белгiленген зейнет жасына толған кезде (ерлер 63 жасқа толғанда, бүгiнгi таңда әйелдер 58 жасқа толғанда) зейнетақы төлемдерiн алушы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру үшiн БЖЗҚ-ға өтiнiш жасауға тиiс. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, банк шотының деректемелерiн, сонымен бiрге зейнетақы төлемдерiн алушының атына ашылған 20 таңбалы банк шотын ала келуге тиiс.

Сондай-ақ, төлемдi сенiм бiлдiрiлген тұлға/заңды өкiл (қорғаншы/қамқоршы) арқылы да ресiмдеуге болады. Ол үшiн мынадай құжаттар топтамасы қажет:

  1. алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
  2. БЖЗҚ алушысының мүддесiн бiлдiру үшiн алушының атынан өтiнiшке қол қою және барлық қажеттi құжаттарды беру құқығы көрсетiлген нотариат куәландырған сенiмхат немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi не заңды өкiл өтiнiш жасаған жағдайда — заңды өкiлдiң куәлiгi/заңды өкiлдi тағайындау туралы анықтама;
  3. сенiм бiлдiрiлген тұлғаның/заңды өкiлдiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;
  4. алушының банк шоты туралы мәлiметтер.

Бұған қоса, пошта байланысы арқылы төлемдердi алуға өтiнiш беруге болады. Ол үшiн:

  1. белгiленген нысанға сәйкес зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш керек, өтiнiштi алушының өзi толтырады (өтiнiш балнкiсiнiң өзектi нысаны БЖЗҚ-ның web-сайтында http://www.enpf.kz/11467 бағдары бойынша №1 қосымшада орналасқан), бұл ретте зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштегi алушының қолын нотариат куәландырады (тек нотариаттық куәландыру тұрғылықты мемлекетте жасалған жағдайда ғана);
  2. алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi;
  3. алушының банк шоты туралы мәлiметтер қажет.

5. Декреттiк демалыс кезiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) ненiң есебiнен құралады?

Бала бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi бойынша табысты жоғалту кезеңiндегi әлеуметтiк төлемдер Әлеуметтiк сақтандырудың мемлекеттiк қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылуға тиiс. Бала күтiмi бойынша ай сайынғы әлеуметтiк төлемдi есептеу үшiн әйелдердiң соңғы 24 ай iшiндегi орташа айлық табысы қабылданады. Бұл орайда, әлеуметтiк төлемнiң ең көп мөлшерi ең төменгi жалақының он еселенген мөлшерiнiң 40%-нан аспауға тиiс. МЗЖ өз кезегiнде бала күтiмi бойынша ай сайынғы әлеуметтiк төлемнiң 10% аудару арқылы құрылады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

«(Шартты-жинақтаушы жүйе)»

25.07.2016

1. Шартты-жинақтаушы бөлшек дегенiмiз не? Оның зейнетақыға әсерi қандай?

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өзгерiстер енгiзiледi, яғни шартты-жинақтаушы бөлшек немесе жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгiзiледi.

Бұл үшiн БЖЗҚ-да әрбiр қызметкерге шартты зейнетақы шоты ашылады, оның атына жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкердiң ай сайынғы кiрiсiнiң 5% мөлшерiнде ЖМЗЖ аударатын болады. Жаңа ЖМЗЖ-ның басты артықшылығы жұмыс берушi сол үшiн аталған жарналарды жүзеге асырған зейнеткер тiптi оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты бiткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмiр бойы алатын болады (ЖМЗЖ-ны жиынтығында кемiнде 60 күнтiзбелiк айда аударған кезде).

2. Бүгiнгi таңда Қазақстанда қандай зейнетақы үлгiсi бар?

Қазiргi уақытта Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру бiр уақытта ортақ және жинақтаушы жүйелердiң тетiктерiн қатар қамтитын үш деңгейден тұрады.

Бiрiншi деңгей — бұл зейнетақы төлемдерi халықтың жұмыс iстейтiн бөлiгiнiң салық аударымдары мен өзге де түсiмдер есебiнен мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын ортақ зейнетақы жүйесi. Бұл зейнетақы базалық және еңбек деп аталатын екi бөлiктен құралған. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге және зейнетке шыққан сәтте еңбек өтiлi 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты айды құрайтын тұлғаларға төленедi.

Екiншi деңгей — бұл Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн ай сайынғы табыстан 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналары және зиянды әрi қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң пайдасына жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен аударылатын қызметкерлердiң ай сайынғы табысынан 5 пайыз мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бар мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесi. Өндiрiстер, жұмыстар мен кәсiптер тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. 2018 жылдан бастап жұмыс берушiнiң барлық қызметкерлер үшiн олардың шартты зейнетақы шоттарына қызметкердiң ай сайынғы табысынан 5 пайыз мөлшерiнде төлейтiн (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) мiндеттi зейнетақы жарналары қосылады.

Үшiншi деңгей — ерiктi зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негiзделген жинақтау жүйесi. ЕЗЖ көлемi, оларды төлеу тәртiбi мен кейiнгi төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келiсiмдер бойынша анықталады.

3. 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақының жаңаша есептелетiнi жайында естiдiк. Айтып берсеңiз?

2015 жылғы 2 тамызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңына қол қойды. Аталған Заңға сәйкес, сонымен бiрге Қзақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V заңына сәйкес түзетулер ескерiле отырып, 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай зейнет жасына жеткен кезде мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн тағайындау тәртiбiн өзгерту көзделедi. Мәселен, зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 және одан аз жылды құраған кезде немесе ол болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейi шамасының 50%-на тең болады. Мұнда он жылдық еңбек өтiлiнен асатын әрбiр толық жыл үшiн базалық зейнетақы 2%-ға ұлғаяды, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейi шамасының 100%-нан аспайды.

4. Жаңа зейнетақы заңнамасының қабылдануымен, болашақ зейнетақы қандай компоненттерiнен құрылатын болады?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде 6 ай еңбек өтiлi бар адамдар жинақтаушы және шартты-жинақтаушы жүйелердiң (бұдан әрi — ШЖЖ) төлемдерiмен қатар бюджеттен базалық, ортақ зейнетақы алатын болады.

Осылайша, зейнетақы мыналар есебiнен қалыптасады:

1) бюджеттiк қаражат:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн кемiнде алты күнтiзбелiк ай еңбек өтiлi болған кезде еңбек зейнетақысы;

мөлшерi еңбек өтiлiне және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға байланысты болатын базалық зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақы:

қызметкердiң ай сайынғы кiрiсiнен 10% мiндеттi зейнетақы жарналары (бұл — бiздiң 1998 жылдан бастап өз жалақымыздың 10%-ын ай сайын аудара отырып жинайтын сома);

қызметкердiң ай сайынғы кiрiсiнен 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұл — 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушi зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң пайдасына өз қаражаты есебiнен аударатын сома);

2018 жылы енгiзiлетiн, жұмыс берушiнiң барлық қызметкерлер үшiн қызметкерлердiң шартты зейнетақы шоттарына (еңбек жағдайларына қарамастан) төлейтiн жаңа 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары. Осы шоттардан төлемдер жиынтығында кемiнде 60 күнтiзбелiк ай ЖМЗЖ аударылған жағдайда ғана 2023 жылға дейiн жүзеге асырылатын болады

5. Зейнетақы жинақтары қалай мұраға қалдырылады?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға алынады.

Жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары мұраға берiлмейдi (себебiн еске түсiрейiк, бұл жарналарды жұмыс берушi аударатын болғандықтан қызметкердiң жеке меншiгi болмайды). Бiрақ, қайталап айтамыз, зейнеткер тiптi оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты бiткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмiр бойы алатын болады (жиынтығында кемiнде 60 күнтiзбелiк ай бұрын аударылған ЖМЗЖ болуға тиiс).

Анықтамалық ақпаратты 8 800 080 11 77 телефон
нөмiрi арқылы байланыс орталығынан немесе
1418 телефоны арқылы ортақ
байланыс орталығынан алуға болады.
(Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн)

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ туралы 5 сұрақ»

«(01.06.2016 жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi, ЖЗШ-нан үзiндi көшiрменi алу тәсiлдерi)»

25.07.2016

БЖЗҚ-ға күнделiктi түрлi байланыс арналары, атап айтсақ, байланыс орталығы, БАҚ, әлеуметтiк желiлер және т.б., т.с.с. арқылы көптеген сұрақтар түседi. Олардың iшiндегi ең көп қойылатын сауалдар «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» дәстүрлi айдарында.

1. Зейнетақы жинақтарының сомасы мен БЖЗҚ салымшыларының жалпы саны бүгiнде қандай?

2016 жылдың 1 маусымында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,14 трлн. теңгенi құрады. 2016 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша шарттардың жалпы саны 10,13 млн. бiрлiктен асып түстi, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен шарт жасасқан салымшылардың (алушылардың) саны шамамен 9,7 млн. болса, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша жасалған шарттар саны 400 903 бiрлiктi құрады. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 38 871 бiрлiк.

2. Азаматтар зейнетақы жинақтарының сомасы туралы ақпаратты қандай тәсiлдер арқылы ала алады? Мәлiметтi телефон арқылы қоңырау шалып бiлуге бола ма?

БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат алудың бiрнеше тәсiлi бар. Салымшы (алушы) олардың iшiнен өзi үшiн ең ыңғайлысын таңдай алады, мысалы:

  • салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде (Қазақстан бойынша БЖЗҚ-ның 236 кеңсесi бар);
  • электрондық почта арқылы, оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпарат салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшiнде не хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық мекенжайға жолданады;
  • логин мен пароль немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмi арқылы алуға болады. Сондай-ақ, хабарландырудың «интернет арқылы өзi хабарласу» тәсiлiн таңдап, БЖЗҚ мамандары Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде қызмет жасайтын смартфондар мен планшеттер үшiн әзiрлеген ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады;
  • egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы. Бұл қызмет www.egov.kz порталындағы «Азаматтар» санатының «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдары, «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлiмiнде қолжетiмдi. Қызметтi алу үшiн ЭЦҚ мен электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет.
  • Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе өтiнiште көрсетiлген мекенжайға пошта байланысы арқылы ақпарат жiберу әдiсiн пайдалана алады.

Қор Сiзге интернет-ресурстар арқылы қашықтықтан ақпарат алу тәсiлiн таңдап, логинiңiз бен паролiңiздi тiркеп немесе ЭЦҚ бар болған жағдайда үйден не кеңседен шықпай-ақ, өз шотыңыздың жағдайы туралы ақпарат алудың ыңғайлы, жедел және үнемдi тәсiлдерiн пайдалана отырып, жұмыс берушiден мiндеттi зейнетақы жарналарыңыздың уақтылы түсуiне бақылау жасау мүмкiндiгiне ие болуды ұсынады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Зейнетақы қағидаларында жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы ақпаратты қоңырау шалу арқылы алу тәсiлi көзделмеген.

3. Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға бола ма?

Мiндеттi, мiндеттi кәсiптiк және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары заңнамамен белгiленген тәртiпте өсиетхат арқылы да, заң бойынша да мұраға қалдырыла алады. Жалпыға ортақ белгiленген тәртiп бойынша мұрагерлiк құқықтарын ресiмдеген және зейнетақы жинақтарын төлеу үшiн қажеттi заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды БЖЗҚ-ға өткiзген соң, зейнетақы жинақтары мұрагерлердiң зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштерiнде көрсеткен банк шоттарына аударылады.

4. Елден алыс шет елге шыққан кезде төлемдердi қалай алуға болады?

Зейнетақы заңнамасына (Қазақстан Республикасының 02.08.2015 ж. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңымен енгiзiлген түзетулердi ескере отырып, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 және 32 бб.) сәйкес, мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен (ТТК), Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие.

Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы төлемiн ресiмдеу үшiн БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыруды мына тәсiлдердiң бiрiн қолдану арқылы iске асыра алады. Бiрiншiден, БЖЗҚ кеңсесiне өзi келiп тапсырса болады. Бұл жағдайда олар БЖЗҚ-ға шетелдiк паспорт көшiрмесi мен салыстыру үшiн түпнұсқасын, сондай-ақ, алушының банктiк шоты туралы мәлiметтердi ұсынады.

Егер төлем үшiншi (сенiм бiлдiрiлген) тұлға арқылы жүзеге асырылатын болса, онда БЖЗҚ кеңсесiне сенiм бiлдiрiлген тұлға келген кезде алушының шетелдiк паспортының (белгi соғылған беттерiнiң) нотариат куәландырған көшiрмесiн, үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, және салыстыру үшiн оның түпнұсқасын, нотариат куәландырған сенiмхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесiн, сондай-ақ алушының банктiк шоты туралы мәлiметтердi ұсынады.

Бұдан бөлек, төлем алуға өтiнiштi почта байланысы арқылы да беруге болады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ-ға БЖЗҚ-ның iшкi құжатымен бекiтiлген нысандағы алушының өзi толтыратын зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiшi, ондағы алушының қолын нотариат куәландырады, алушының шетелдiк паспортының (белгi соғылған беттерiнiң) нотариат куәландырған көшiрмесi және алушының банктiк шоты туралы мәлiметтер жолданады.

Егер құжат көшiрмесiнiң түпнұсқаға сәйкестiгiн, алушының өтiнiштегi қолының түпнұсқалығын растау, сенiмхатты куәландыру бойынша нотариаттық әрекеттер шет мемлекетте жүргiзiлетiн болса, Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарттарда басқаша белгiленген жағдайларды қоспағанда, оларды заңдастыру қажет.

Өткiзу тәсiлiне қарай құрастырылған қажеттi құжаттар тiзiмi, соның iшiнде өтiнiштердiң бланкiлерi мен оларды толтыру үлгiсi, сондай-ақ сенiмхаттардың үлгiлерi www.enpf.kz адресi бойынша БЖЗҚ-ның корпоративтiк веб-сайтына орналастырылған.

Егер ұсынылған құжаттар пакетi Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына сай болса, зейнетақы жинақтарының сомасы алушының зейнетақы төлемiн тағайындау туралы өтiнiшiнде көрсеткен банктiк шотына құжаттарды қабылдаған не олардың БЖЗҚ-ға түскен күнiнен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде аударылады.

5. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсiби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер қалай қатысады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына сәйкес, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсiби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсiби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетiнше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.

Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ» АҚ-нан ақпарат

05.12.2017 ж.

2018 жылы күшiне енетiн зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер туралы

Зейнетақы жүйесi — әлеуметтiк тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтiк топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстердiң мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбiр азаматына жеткiзу өте маңызды.

2018 жылдан бастап әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерiстер күшiне енедi. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiлетiн болады. Бұдан басқа, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн есептеу тәртiбi мен оларды алу кестесi де өзгерiске ұшырайды.

2014 жылы Елбасының Жарлығымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғыртудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасына (бұдан әрi — Тұжырымдама) сәйкес зейнеткерлiк жасқа толуға және I, II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу барысында зейнетақы жинақтарының бүкiл сомасын бiржола алуды жою жоспарланған болатын. Бұл ретте жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет толығымен төленедi. Ал егер алушы зейнетақы төлемдерiн алу үшiн зейнетақы Қорына жүгiнген күнi оның зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен асатын болса, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Айта кету керек, Тұжырымдаманың бұл нормалары зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның ережелерiне 2015 жылы енгiзiлген болатын. Ал 2017 жылдың қыркүйегiнде 2018 жылдың қаңтарынан бастап күшiне енетiн Ережелерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Осылайша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

Егер Қорға жүгiнген күнi зейнетақы жинақтарының сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерiнен аспаған болса, оларды толығымен алуға мүмкiндiк бар екендiгiн тағы да еске саламыз. 2018 жылы бұл сома: 33 745 x12 = 404 940 теңгенi құрайды. Бұл сомадан артық қаражаттың барлығы тек ай сайын төленедi. Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ-дан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi Үкiмет Қаулысымен бекiтiлген, Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес, зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасының он екiден бiр бөлiгi ретiнде (12/1) айқындалады. Әдiстеме бойынша зейнетақы жинақтарының сомасын, алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi ескерiледi. Зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентi — зейнетақы жинақтарының инвестициялық басқаруда болған мерзiмiн есепке ала отырып, олардың болашақтағы құнын ескеретiн көрсеткiш. зейнетақы төлемдерiн алушының жасына қарай оның зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп 12-ге бөлiнедi. Одан шығатын сома зейнетақы Қорынан жүзеге асырылатын ай сайынғы төлем болып табылады. Бiрақ, ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан төмен болмайды.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық зейнетақы еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн ескере отырып тағайындалады. Яғни, базалық зейнетақыны есептеу тәртiбi өзгередi.

Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге 14 466 теңге көлемiнде төленедi (ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң жартысынан сәл жоғары). Сонымен, зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi 2 пайызға ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады және одан асырылмайды.

Ал ортақ зейнетақыға қатысты айтар болсақ, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi жоқ немесе ол алты айдан төмен болған азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Яғни, 1980-1982 жылдардан кейiн туған азаматтарға 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi бойынша ортақ зейнетақы төленбейдi.

Дегенмен, бұл азаматтар мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгi кепiлдiктерiн алуға құқылы (бұл бүгiнгi базалық зейнетақы). Бiртiндеп ортақ құрамдауыш келмеске кетедi, сәйкесiнше 2030 жылға дейiн және одан кейiн жинақтаушы құрамдауыштың үлесi бiртiндеп арта түседi.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртуда басты мiндет — оны нығайту және зейнетақы төлемдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру заңнамасы зейнетақыны әр түрлi төлем көздерiнен берiлетiн төлемдер жиынтығы ретiнде қарайды. Бұл төлем көздерi: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн зейнетақылар (ортақ зейнетақы) және салымшының өзiнiң зейнетақы жинақтары (жинақтаушы құрамдауыш, БЖЗҚ-дан төлемдер). Бұл жердегi басты мақсат — зейнет жасындағы азаматтарды тұрақты негiзде ай сайын лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерi салымшы өтiнiш жасаған күннен бастап белгiленiп, таусылғанша жүзеге асырылатындығын тағы да еске салады. Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына дер кезiнде жүгiну қажет.

«БЖЗҚ» АҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (кеңсеге өзi келген кезде/пошта байланысы арқылы/электрондық цифрлық қолтаңба пайдалана отырып «БЖЗҚ» АҚ веб-сайты арқылы/үшiншi тұлға арқылы) зейнетақы жинақтарының төлемiн ресiмдеуге қажет барлық құжат тiзбесiн, оларды ресiмдеуге қойылатын талаптарды, өтiнiштердiң бланкiлерiн, сенiмхаттардың үлгiлерiн, кеңселердiң мекенжайларын, жұмыс тәртiбiн және байланыс телефондарын www.enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан таба аласыз. Онда ақпарат үнемi жаңартылып тұрады, сондай-ақ байланыс орталығының 1418 телефонына хабарласа аласыз (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегiн).

«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылдың 30 және 31 желтоқсаны күндерi барлық операциялық бөлiмшелердiң таңғы сағат 9.00-ден 13.00-ге дейiн жұмыс iстейтiндiгiн хабарлайды. Басты мақсат — БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейiн туындаған немесе туындайтын салымшылардың осы төлемдердi рәсiмдеу құқығын жүзеге асыру.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

30.11.2017 ж.

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк

2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртiншi рет Ашық есiк күнi өтедi. Бұл жолы салымшылар үшiн өзектi әрi маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiң беретiн кепiлдiгi туралы тақырып төңiрегiнде өрбiмек.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды зейнетақы жүйесiне байланысты барлық мәселе бойынша хабардар ете отырып, жұртшылыққа түсiндiру жұмыстарын белсендi жүргiзуде.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн одан әрi жаңғыртудың 2030 жылға дейiнгi тұжырымдамасында елiмiзде зейнетақы жүйесiн реттеудiң заңнамалық базасы қалыптастып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк енгiзiлгенi көрсетiлген. Тұжырымдамалық ережеге сәйкес жарналар жинақталып, қаржы құралдарына инвестиция түрiнде құйылып, кiрiс инвестициялық қызметтiң нәтижелерi мен қаржы нарықтарының жай-күйiне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Зейнетақы жинақтары есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдары тiзбесiне енгiзiлген қаржы құралдарына зейнетақы активтерiн орналастыруды жүзеге асырады.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктiң бiрегей үлгiсi қолданысқа енген. «Бұл үлгiге сәйкес «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы негiзiнде төлемдердi алу құқығы басталған кезде әрбiр алушыға инфляция деңгейi ескерiле отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке есептеледi. Осылайша, 5-бап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктi көздейдi», — деп «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалында атап өтiледi.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналып, түрлi қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кiмнiң мемлекеттiк кепiлдiк бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ, төлем алу бойынша қайда хабарласу керектiгiн мамандар 12 желтоқсанда өтетiн тұсаукесерде жан-жақты түсiндiрiп беретiн болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейiн бiрден өздерiн қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрi жан-жақты жауап және жеке консультация алуларына мүмкiндiктерi бар.

«БЖЗҚ» АҚ-да бiрiншi Ашық есiк күнi ағымдағы жылдың 31 наурызында өткенiн және «Зейнетақы жүйесi қалай құрылды» тақырыбына арналғанын естерiңiзге саламыз. Екiншi iс-шара 30 маусымда «БЖЗҚ барлығына қол жетiмдi» тақырыбында өтсе, «Төлемдер — жинақтар нәтижесi» атты үшiншi Ашық есiк күнi 29 қыркүйекте өттi. Қор келесi жылы салымшылардың барынша қызығушылығын тудырған түрлi тақырыптар бойынша тоқсан сайын бiр рет осы тектес iс-шараларды өткiзудi жоспарлап отыр.

26.10.2017 ж.

«БЖЗҚ» АҚ мен СҚО әкiмдiгi арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы қол қойылған Меморандум аясында «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өкiлдерi мен Солтүстiк Қазақстан облысының халқымен кездесу

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жоспарланған кесте бойынша аудандарға презентация өткiзу және де келесi аудан орталықтарына ұйымдастырылған сапарлар болды:

16.10.17 — Айыртау ауданы, Саумалкөл с.

17.10.17 — Ғ. Мүсрепов ауданы, Новоишимское с.

23.10.17 — Уалиханов ауданы, Кiшкенекөл с.

24.10.17 — Ақжар ауданы, Талшық с.

25.10.17 — Тайынша ауданы, Тайынша қ.

Қалған аудандарға осы жылдың аяғына дейiн бару жоспарлануда (қарашада — М.Жумабаев ауданы, Булаево қ., Шал ақын ауданы, Сергеевка қ., Жамбыл ауданы, Пресновка с., Тимирязев ауданы, Тимирязево с.; желтоқсанда — Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Қызылжар ауданы, Бескөл а., Есiл ауданы, Явленка с., Аққайың ауданы, Смирново с.)

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өкiлдерiмен өткiзiлген кездесуде аудандық әкiмдiгiнiң өкiлдерi, аудандық мәслихатының депутаттары, аудандық атқарушы органдар, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ бөлiмшесi, сондай-ақ қаржылық ұйымдар, мектеп директорларымен, iрi өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының басшыларымен кездестi. Кездесу барысында халыққа қол қойылған ынтымақтастық пен өзара әрекет туралы Меморандум туралы ақпарат жеткiзiлiп, қаржылық-құқықтық бiлiмдi арттыруға арналған презентация келесi тақырыптарға өткiзiлдi:

1) Зейнетақы жүйесi қалай жұмыс iстейдi;

2) Әрбiр салымшы үшiн қолжетiмдi БЖЗҚ;

3) «БЖЗҚ» АҚ-дан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi;

4) Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлi.

«Бiз зейнетақы жүйесi кез-келген азаматқа түсiнiктi болу үшiн тынбай еңбек етiп жатырмыз. Бiз елiмiздегi азаматтарымыздың мектеп қабырғасынан-ақ зейнетақының не екенiн жақсы бiлiп, қартайған шағында қамсыз өмiр сүру мәселесiн де жетiк меңгергенiн қалаймыз. Ақпарат алудың заманауи тәсiлдерi отандық зейнетақы жүйесiн әрбiр азаматқа жан-жақты әрi оңай түсiндiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жерде зейнетақы жүйесiн түсiну кәдiмгi жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы мәлiмет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерiнiң зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртiбiнде ақпарат ала отырып, өздерiнiң жұмыс берушiлерiн және инвестициялық табыстардың есептелуiн қадғалай алады әрi зейнетақының мөлшерi бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемi де артатындығына көз жеткiзедi,» — атап кеттi өткiзiлген ресми кездесуде «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өкiлдерi.

Жиналған тұрғындарға жаңа өзгерiстiң енгiзiлуi күтiлуде екендiгiн айтты. Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», және зейнетақы төлемi туралы Ережелерiнде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен қаулысы бойынша таяу уақытта енгiзiлетiн жаңа өзгерiстер жайында да хабардар еттi. Егер қазiр зейнетақы төлемдерi алушының таңдауы бойынша белгiленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетiн болса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл норма зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның iшiнде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебiнен төленетiн жиынтық зейнетақы мөлшерiн арттыру мақсатында енгiзiлiп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметтi демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттiк бюджеттен төленетiн зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебiнен төленетiн төлемдердi ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы бiртiндеп азайып, кейiн мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердiң салымшы үшiн ай сайынғы табыс көзiне айналатындығы сөзсiз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерiнiң қандай болатындығы салымшының өзiне байланысты. Осылайша, бүгiнде еңбек етiп жүрген жандар үшiн мiндеттi зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бiр айта кететiн жәйт, ай сайынғы негiзде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерiнiң мерзiмдiлiгi халықаралық стандарттарға сәйкес келедi.

2017 жылғы 1-шi қыркүйектен бастап 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсiлiн таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкiндiгiне ие. Солтүстiк Қазақстан облысында 95 мыңнан астам салымшы онлайн тәртiбiнде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткенi бұл зейнетақы жинақтарын: жарналардың түсуi мен инвестициялық табыстың есептелуiн күнделiктi бақылауға мүмкiндiк бередi. БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмi және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистердi жүзеге асырды:

  • мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру;
  • зейнеткерлiк жасқа толуға немесе 1-шi немесе 2-шi топтардағы мүгедектердiң мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру. Алғашқы өтiнiштер жолданды, онлайн рәсiмдеу бiрнеше минутты ғана алады;
  • төлемдердi тағайындау және (немесе) аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағы кiлтiн алу жеткiлiктi. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру үшiн ЭЦҚ-дан басқа екiншi дәрежелi банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (теңге) ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәлiметтi және екiншi дәрежелi банктiң деректемелерiн көрсету қажет. Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдердi тағайындау/аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалуы туралы СМС-хабарлама жiберу арқылы құлағдар етедi. Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесi туралы мәлiметтердi Жеке кабинеттен бiлуге болады. Ол үшiн салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тiркеледi. Кейiн ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендiру нөмiрi) мен құпия сөздiң (пароль) көмегiмен Жеке кабинетке кiре алады. Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольдi тiркеуге болады. Бұл үшiн жеке басты куәландыратын куәлiкпен БЖЗҚ кеңсесiне жүгiну қажет. Ал бұған дейiн жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келiсiмдi рәсiмдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған адамдар үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ.

БЖЗҚ өз қызметтерiн салымшылар үшiн барынша ыңғайлы және қолжетiмдi ету үшiн қолдан келгеннiң барлығын жасап жатыр. Мысалы, 2016 жылы мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып қызмет көрсету бойынша арнайы жоба iске қосылған едi. Сол 2016 жылы Қор филиалдарының қызметкерлерi зейнетақы төлемдерiн алатын, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген I және II топтардағы мүгедектiгi бар 15 673 адаммен байланыс орнатты. Оларға қатысты 47 048 қызмет көрсету операциясы жасалды. Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында мүмкiндiгi шектеулi 547 адам үшiн 1410 қызмет көрсетiлдi.

Шараға қатысушылардың барлығы белгiленген кесте бойынша кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, зейнетақы төлемдерiнiң жыл сайынғы сомасы қалай есептелетiндiгi, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн ала алатындығы, ШТТ кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкiндiктерi туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

Таныстырылымнан кейiн барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерiн қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкiндiгiне ие болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

12.10.2017

«БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерiнiң өзгергендiгi жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға мiндеттi»

Орыс тiлiнде «Пушкин көшесiне» қатысты балалар санамағы бар. Ол неге есiме түсе қалды? Әңгiменi әрiден бастайын. Алдымен, қадiрлi оқырман, сiзге мына сұрақты төтесiнен қойғым келiп отыр. Сiз өзiңiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың сомасын бiлесiз бе? Зейнетақы шотыңыздан үзiндi-көшiрменi соңғы рет қашан алып едiңiз? «Мұның барлығын не үшiн сұрап отыр? — деп, ойлап қалуыңыз мүмкiн.

Қазақстандықтардың көпшiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екi мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгiлi. Ол кезде ендi-ендi жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзiмiздiң пошталық мекенжайымызды көрсеттiк. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерi бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен берi салымшылардың көпшiлiгi өздерiнiң жеке деректемелерiн өзгертуге асықпады. Қорға келiп, дерекқордан өздерiнiң мекенжайын, телефон нөмiрiн тексерiп те жатпады.

«Жұмыс берушi аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» — дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшiлiгiмiз әлi күнге дейiн бұрынғы дағдылы әдiспен, жинақтарымыздың жай-күйi туралы деректердi пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бiр орнында тұрмайды. Бүгiнде адамдар өмiр ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиi көшiп-қонатын болған.

Сол үшiн де көпшiлiгiмiздiң мұндай конверттi көрмегенiмiзге бiрнеше жылдың жүзi болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.

БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша iшiне үзiндi-көшiрме салынған конверттердi жыл сайын жiбередi. Бiрақ, өкiнiшке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетiлген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгiмен керi оралады.

Ал ендi ойланып көрiңiзшi, осы конверттердi дайындап, салымшыға жеткiзуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңiзшi! Мiне осыдан барып, «Кiм кiнәлi?», «Не iстеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.

Егер бiрiншi сұрақтың жауабы айтпаса да түсiнiктi болса, екiншi сұраққа толығырақ тоқталайық.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрi — Заң) 39-бабы 4-шi тармағының 1) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары, өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алушылар бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерiстер туралы хабарлауға мiндеттi.

Нақты айтар болсақ:

1. Егер Сiз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетiлген пошталық мекенжайдың өзгергенi туралы,

БЖЗҚ кеңсесiне жеке өзiңiз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңiздiң аты, туған күнiңiз, жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) көрсетiлiп, жеке куәлiктiң қосымшасы қоса берiледi.

2. Егер Сiз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсiлiн өзгерту/айқындау туралы келiсiмде көрсетiлген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесiне жеке өзiңiз келгенде барып хабарлай аласыз.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелердi ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсiлiн белгiлемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесiне өзiңiз келiп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсiлiн өзгерту/айқындау туралы келiсiм жасау арқылы ақпарат беру тәсiлiн таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.

Хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiм жасау үшiн және (немесе) Жеке деректемелерiңiзге өзгерiстер енгiзу үшiн, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты берудi салымшы (алушы) таңдаған тәсiл бойынша жүзеге асырады.

Ал бұл:

1) БЖЗҚ кеңсесiне келiп өтiнiш жасау;

2) электрондық тәсiл — бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

3) пайдаланушының логинi ретiнде тiркелген жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпия сөзi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу;

4) пошта байланысы арқылы алу.

Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемдi тәсiлi ол — ақпаратты интернет арқылы алу. Хабарлаудың осы тәсiлiн таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерiнде орналастырылған. Оны тегiн жүктеп алуға болады.

Қосымша қазақ және орыс тiлiндегi нұсқаларда жұмыс iстей бередi.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты ҚР электрондық үкiметi порталында (www.egov.kz) тiркелiп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмдерiне кiрiп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртiбiнде өздерiнiң жеке зейнетақы шотының жай-күйiн үзiндi-көшiрме арқылы көре алады.

Айтпақшы, Сiз үзiндi-көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық) таңдай аласыз.

Үзiндi-көшiрмелердi онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкiметтiң www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы маңызды деректердi онлайн тәртiбiнде — тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкiндiгi берiледi.

Осылайша, БЖЗҚ өзiнiң салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Әрбiр салымшы өзiне ыңғайлы тәсiлдi таңдап, жинақтарының жай-күйiн бiле алады.

Бұл үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергiлiктi бөлiмшесiне (қазiргi таңда олардың саны республика бойынша — 231) бiр рет барып өтiнiш бiлдiрсеңiз болғаны. Сол жерде жеке деректемелерiңiздiң өзгергенi жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлаудың өзiңiзге ыңғайлы бiр немесе бiрнеше тәсiлiн таңдағаныңызды жеткiзесiз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесiне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделедi! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлерi үшiн де қуанышты жағдай.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

29.09.2017

Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өттi

2017 жылғы 29 қыркүйекте, дүйсенбi күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi» тақырыбында Ашық есiк күнi өттi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсендi түрде түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп келедi. Осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдерiне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылады. Қазақстандықтар, мұндай шараларға қатыса отырып, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiнiң жыл сайынғы сомасы қалай есептелетiндiгi, оларды алуға кiмнiң құқығы бар екендiгi, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алудың ерекшелiктерi, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi туралы және басқа да көптеген сұрақтар бойынша толыққанды мағлұматтар алды.

Ашық есiк күнi бағдарламасы аясында «Зейнетақы жинақтарын төлеу» тақырыбында таныстырылым өткiзiлдi. Онда елiмiзде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға қатысты маңызды мағлұматтар жария етiлдi. Шараға қатысушыларға ағымдағы жағдайға сәйкес кесте бойынша төлемдер туралы толық ақпарат берiлдi.

Шараға қатысушылардың барлығы белгiленген кесте бойынша кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, зейнетақы төлемдерiнiң жыл сайынғы сомасы қалай есептелетiндiгi, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкiндiктерi туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлерi тұрғындарға таяу уақытта енгiзiлетiн жаңа өзгерiстер жайында да хабардар еттi. Егер қазiр зейнетақы төлемдерi алушының таңдауы бойынша белгiленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетiн болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.

«Бұл норма зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, оның iшiнде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебiнен төленетiн жиынтық зейнетақы мөлшерiн арттыру мақсатында енгiзiлiп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметтi демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттiк бюджеттен төленетiн зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебiнен төленетiн төлемдердi ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы бiртiндеп азайып, кейiн мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердiң салымшы үшiн ай сайынғы табыс көзiне айналатындығы сөзсiз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерiнiң қандай болатындығы салымшының өзiне байланысты. Осылайша, бүгiнде еңбек етiп жүрген жандар үшiн мiндеттi зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бiр айта кететiн жәйт, ай сайынғы негiзде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерiнiң мерзiмдiлiгi халықаралық стандарттарға сәйкес келедi», — дедi «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы директорының мiндетiн атқарушы Казкенова Самал Сабитовна.

Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы ең төмен зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен (374 940 теңге) аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бiр рет төленетiндiгiн айта кеткен жөн.

Таныстырылымнан кейiн барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерiн қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкiндiгiне ие болды.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнi шараларын тұрақты негiзде өткiзiп тұрады. Өйткенi бұл күнi осы шараға қатысушылар Қордың көрсетiлетiн қызметтерiн алып қана қоймай, зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы қажеттi мағлұматтарды да ала алады.

Тек «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының өзiнде аталмыш шараға 200-ден астам адам қатысты. Ашық есiк күнiне осымен екiншi рет келген салымшылардың бiрi шараның өте қызықты өткендiгiн жеткiздi: «Мен жеке өзiме қатысты жағдай бойынша толыққанды жауап алдым, — дедi ол, — әрине, БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тiлектерiн ескеретiндiгi қуантады. Менiң зейнеткерлiкке шығуыма әлi бiрнеше жыл бар. Бiрақ зейнетақының қандай болатындығы туралы қазiрден ойлау керектiгiн түсiндiм».

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

14.09.2017

«Төлемдер — қор жинаудың жемiсi»

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында биылға осымен үшiншi рет Ашық есiк күнi шарасы өтедi. Тұрғындардың зейнетақы жүйесiне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезектi тақырыбы «Зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi» деп аталады. Бұл салымшылардың көпшiлiгiн толғандыратын маңызды тақырыптардың бiрi екендiгi белгiлi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсендi түрде түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп келедi. Әрине, осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдерiне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсiз.

Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есiк күнi шарасына қатыса отырып, кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, зейнетақы төлемдерiнiң жыл сайынғы сомасы қалай есептелетiндiгi, ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен кiмдердiң зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар екендiгi, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңдiлiгi мен мерзiмi туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

«Салымшылардың көпшiлiгi зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың тәртiбi мен ерекшелiктерi туралы бiлуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы жинақтарын алу мүмкiндiгi мен зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тiптi бейхабар. Одан басқа, өмiрде әр түрлi жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, бiз тұрғындардың зейнетақы жүйесiне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрi жалғыстыру қажеттiгiн көрiп отырмыз», — дедi «БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының мамандары.

Зейнетақы төлемдерiн алу құқығы, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырудың заманауи тәртiбi және оның болашақта қандай өзгерiстерге ұшырайтындығы туралы Қор мамандары өздерiнiң 29 қыркүйектегi шара аясында өткiзетiн таныстырылымы аясында жан-жақты әңгiмелейтiн болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары осы таныстырылымнан кейiн өздерiн қызықтыратын барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады.

Естерiңiзге сала кетелiк, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есiк күнi шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткiзiлген болатын. Оның басты тақырыбы «Зейнетақы жүйесi қалай құрылған» деп аталды. Ал, «Барлық салымшыға қолжетiмдi БЖЗҚ» тақырыбына арналған екiншi шара 30 маусымда өткiзiлдi. Зейнетақы Қоры әр түрлi тақырыпқа арналған осындай шараларды алдағы уақытта да үш ай сайын өткiзiп тұруды жоспарлап отыр.

«Ашық есiк күнi» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша, Петропавл қаласы, Бөкетов көшесi, 31 «А» («Әлем» Бизнес Орталығы) мекенжайында өтедi.

04.09.2017

«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердiң жинақтаушы зейнетақы қорларынан берiлген активтерiмен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерiн шоғырландыру нәтижесiнде «БЖЗҚ» АҚ портфелiне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттiң проблемалық қаржы құралдары өткiзiлдi.

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы 2014 жылдан берi 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердiң саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екi компания бойынша берешек толығымен өтелдi (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсiмiнiң аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жетi компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелдi (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердiң көпшiлiгi дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген.

2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттiң дефолты тiркелдi. Олар:

  • «Имсталькон» АҚ;
  • SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешектi (зейнетақы активтерiнiң 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Бұл эмитенттердiң қаржы құралдары зейнетақы активтерiнiң құрамына кiредi.

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргiзiлiп жатыр:

«Қазақстан қағазы» АҚ эмитентiне қатысты оңалту жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы — 12,5 млрд теңге.

«Имсталькон» АҚ эмитентiне қатысты оңалту рәсiмiнiң күшi жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық iс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы — 3,4 млрд теңге.

13 эмитент бойынша берешектердi Қор пайдасына өндiрiп алу туралы сот шешiмi шығарылды, қазiр орындаушы өндiрiске iлеспе қызмет көрсетiлiп жатыр («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы — 8,8 млрд. теңге);

5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы — 15,1 млрд. теңге);

1 эмитент бойынша сотқа дейiнгi реттеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр (SAMARCO MINERACAO SA; Берешектiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы — 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шiлдесiне дейiнгi аралықта Қор алдында өтелген берешектердiң жалпы сомасы 1,67 млрд теңгенi құрады, оның iшiнде:

  • 2014-2015 жылдары — 1,3 млрд. теңге;
  • 2016 жылы — 0,194 млрд теңге;
  • 2017 жылы — 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкiн болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндiрiп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтiруден түскен табыстар болып есептеледi және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестiрiледi.

Атап өту керек, берешектердi азаматтық тәртiпте өндiрiп алу тәсiлдерi таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердiң қызметiн және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабiлетсiздiгiне жеткiзгендiктерiн тексерудi жүзеге асыру үшiн тиiстi өтiнiшпен құқық қорғау органдарына жүгiну туралы шешiм қабылдады.

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң экономикалық зерттеу қызметiне арыз жолдады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегiнен тыс жерлерде де залал келтiрген тұлғаларға қатысты сот шешiмдерiнiң шығарылуына күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.09.2017

Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгi

Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшiлiгi зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас. Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», — дейтiнi сөзсiз. Өйткенi олар үшiн бүкiл өмiр алда ғой!

Бiрақ, өмiр заңы бар емес пе, аға ұрпақ секiлдi бiз де өсемiз, есейемiз және қартаямыз.

Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмiрде зейнеткерлiк жасқа жетiп қалғаныңды бiлмей де қаласың…

Бәрiн айт та бiрiн айт, қазiргi таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезiнен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.

Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлi пiкiрлер бар. Бiреулер: «Менi үкiмет асырайды, далада қалдырмайды», — деп ойласа, басқалар: «Дүниенi балаларыңа жина, солардың бiлiмiне жұмса. Сонда олар жақсы бiлiм алады, жақсы қызметке тұрады. Сөйтiп ата-анасын да асырай алады», — дейдi.

Ал ендi бiреулер тек өзiне ғана сенедi, жалақыларын конвертсiз, ашық түрде алады. Мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейдi. Тiптi ерiктi зейнетақы жарналарын да төлеудi ойластырады.

Қазiргi таңда зейнетақы жүйесiнiң құрылымы үш мүдделi тарапты — мемлекеттi, жұмыс берушiнi және жұмыскердi бiрiктiредi.

Мемлекет зейнетақы жүйесiн реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға шақырады.

Бұл жүйеде салымшы өзiнiң бүкiл еңбек жолында мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлiк жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңi бойынша инвестициялық табыс есептелiп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейiнен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен бiржолғы төлем ретiнде зейнеткерлiк жасқа толған алушының банк шотына аударылады.

Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершiлiк жүктеледi. Егер ол ресми түрде жұмыс iстеп, мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi бiрiншiден:

1) оның зейнетақы жүйесiне қатысу ұзақтығына;

2) жүйеге енгiзiлген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына;

3) жинақталған инвестициялық табысқа және

4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелдi болады.

Мемлекет ешкiмдi ескерусiз қалдырмайды. Керiсiнше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады және инфляция деңгейiн ескере отырып зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк бередi.

Сонымен қатар жұмыс берушiге де үлкен жауапкершiлiк жүктелген. Ол мiндеттi зейнетақы жарналарын дер кезiнде және толық көлемде аударып отыруы тиiс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебiнен жұмыскерiнiң пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға мiндеттенедi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыс берушiлер салымшының зейнетақы шотына мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударады. Мiндеттi зейнетақы жарналары жұмыскердiң айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушiлер өз қаражаты есебiнен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына төлейдi. Мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және аудару тәртiбi мен мерзiмi жоғарыда аталған Заңмен реттеледi.

МЗЖ және МКЗЖ дер кезiнде төлеу — жұмыс берушiнiң өз жұмыскерлерi үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiгi ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы.

Жұмыс берушiлер уақтылы ұстап қалмаған (есебiне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе оларды мерзiмiн өткiзiп алған әрбiр күнге (Мемлекеттiк корпорацияға төлейтiн күндi қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесiнiң 2,5 еселенген мөлшерiнде есебiне жазылған өсiмпұлмен бiрге жұмыскерлерiнiң пайдасына агенттер аударуға тиiс.

Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерiнiң зейнетақы жинақтарының жай-күйiн және жұмыс берушi аударатын жарналардың дер кезiнде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзiндi-көшiрме арқылы бақылап отыруға кеңес бередi.

Үзiндi-көшiрменi алудың бiрнеше тәсiлi бар. Олар:

Қор кеңсесiне өзi келу, электрондық және дәстүрлi пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен egov.kz электрондық үкiметi арқылы алу.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елiмiзде жинақтаушы зейнетақы жүйесiне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiледi. Бұл үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердiң атына шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушiлер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебiнен жұмыскерлерiнiң пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары ретiнде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебiнен зейнетақы төлемдерi зейнеткерге өмiр бойына төленедi. Бiрақ, бұл үшiн шартты зейнетақы шотына жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемiнде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиiс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгiзiле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесiнше 2025 жылдан бастап төленедi.

Егер мiндеттi зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына кәдiмгi ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары тек белгiленiп отырады, яғни тiркеледi. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердiң меншiгi болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестiрiлетiн болады.

Осылайша, зейнетақы жүйесiнiң бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенiң артықшылықтарын қамтиды.

Сәйкесiнше бизнестiң өз жұмыскерлерi үшiн әлеуметтiк жауапкершiлiгi арта түседi. Ал бұл, бүкiләлемдiк үрдiс.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

10.07.2017

БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгiзiлгенi белгiлi. Жұмыс iстейтiн барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын мiндеттi түрде аудара бастады.

Сонымен қатар, олар ерiктi зейнетақы жарналарын да аудару құқығына ие болды.

Ал техникалық шоттар, яғни сұраусыз қалған шоттар осы алғашқы жылдары-ақ пайда бола бастады. Неге? Әңгiменi әрiден бастайық.

1998 жылдан бастап Қазақстанда «Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы мен бiрқатар мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Бұл жерде егер жұмыскер қандай да бiр жеке зейнетақы қорымен шарт жасаспаған болса, жұмыс берушi оның мiндеттi зейнетақы жарналарын автоматты түрде Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиiстi болды. Яғни, аталмыш Қор 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес салымшымен қағаз жүзiнде шарт жасаспай-ақ, яғни «үнсiз келiсiм бойынша» оның мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдауға мiндеттендi. Басқа мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мұндай мiндеттеме жүктелген жоқ.

Мiнеки, осындай жолмен мыңдаған жеке зейнетақы шоттары ашылды.

Ал, көп адам өз атына Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарының ашылғанын тiптi бiлген де жоқ. Бұл шоттарға 2003 жылға дейiн мiндеттi зейнетақы жарналары түсiп тұрды деуге болады. Ал, 2003 жылдан бастап жұмыскерлерге, сондай-ақ жаңадан жұмысқа тұрушыларға ең алдымен өз ерiктерiмен мiндеттi түрде қандай да бiр жеке зейнетақы қорымен шарт жасасу талабы қойылды. Ал, Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорында кезiнде автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шоттары сол ашылған күйiнде қалып қойды.

Сонымен қатар, көптеген жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының деректемелерi (тегi, аты, әкесiнiң аты, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды және т. б.) қате жазылған шоттардың да болғаны жасырын емес. Өйткенi, ол кезде көп жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар қолмен толтырылды ғой. Салымшы кейiн дұрыс деректемелерi бойынша басқа қормен жаңадан шарт жасасқан кезде бұрынғы қордағы шоты сол күйi жабылмай қалып қойып жатты. Тiптi, зейнетақы жинақтарын алмастан шетелге қоныс аударған азаматтар да жетiп артылады. Олардың iшiнде мұндай шотының болғанынан бейхабар адамдар да бар.

Мiнеки, зейнетақы активтерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанға дейiн осы тектес техникалық шоттардың саны шамамен 850 мыңға жеттi. Олардағы жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы да аз емес. Бұл жерде мұндай шоттардың басым бөлiгi «Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры» (ГНПФ) акционерлiк қоғамы мен «Қазақстан Халық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамында болғанын айта кеткен жөн.

2013 жылы 2 шiлдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Заңы қолданысқа енгiзiлдi. Соның негiзiнде 2013 жылы тамыз айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы құрылды. Бұл ретте Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционерi — Қазақстан Республикасының Үкiметi екендiгiн айта кеткен жөн. Сәйкесiнше БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары салымшының меншiгi болып табылады және оның сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiледi.

Сонымен, 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында Қазақстанда зейнетақы активтерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру үдерiсi жүрдi. Базаларды бiрiктiру барысында 28 мыңдай қосарлы жеке зейнетақы шоттары өңделiп бiрiктiрiлдi. Сөйтiп, бiрiктiру үдерiсi аяқталған шақта өңделмеген техникалық шоттардың саны 821 345 бiрлiктi құрады.

Жалпы, қосарланған шоттардың иелерiн, егер салымшы қайтыс болса оның мұрагерлерiн анықтау жұмыстары әлi күнге дейiн жалғасып жатыр. Өйткенi салымшының зейнетақы жинақтары тиiстi заң талаптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

2014 жылы — 32 823, 2015 жылы — 57 214, 2016 жылы — 332 341, ал 2017 жылдың басынан бастап 1 маусымға дейiн — 21 065 шот өңделдi.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы техникалық шоттардың саны 377 902 бiрлiктi құрады. Яғни, 3,5 жыл iшiнде техникалық шоттардың 50 пайыздан астамының иесi табылды.

Әрине, мұндай шоттарды өңдеу оңай емес екенi рас. Бұл ыждахаттылықты талап ететiн ауыр жұмыс. Қазiргi таңда Қор мамандары фонетикалық iздеу алгоритмi бойынша шоттарды өңдеу, иелерiн анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жүзеге асырып жатыр.

Басты мақсат — иелерiнiң қарауынсыз қалған шоттарды толығымен өңдеу және болашақта осындай шоттардың қалыптасуына жол бермеу.

Айта кетелiк, бұл жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың бiрде-бiрi бюджетке аударылған жоқ. Оларға мiндеттi зейнетақы жарналары түсiп тұрмаса да, әлi күнге дейiн, күн сайын инвестициялық табыстар есептелiп тұрады.

Ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес iздеусiз жатқан жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағы оны алушы немесе оның мұрагерi (мұрагерлерi) талап етпейiнше есептен шығарылмайды.

Сәйкесiнше оларды автоматты түрде жабуға болмайды деген сөз.

Осыған байланысты Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды Қор бөлiмшелерiне келiп, өздерiнiң немесе туған-туыстарының атына ашылған жеке зейнетақы шоттарын тиiстi құжаттар негiзiнде тексеруге шақырады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

03.07.2017

Әрбiр салымшы үшiн қолжетiмдi БЖЗҚ

БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi өттi.

2017 жылғы 30 маусымда, жұма күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Әрбiр салымшы үшiн қолжетiмдi БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есiк күнi болып өттi.

Бүгiнгi таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсiлiн таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкiндiгiне ие.

Солтүстiк Қазақстан облысында 95 мыңнан астам салымшы онлайн тәртiбiнде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткенi бұл зейнетақы жинақтарын: жарналардың түсуi мен инвестициялық табыстың есептелуiн күнделiктi бақылауға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2017 жылғы 30 маусымнан бастап www.enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмi және Жеке кабинет арқылы мынадай сервистердi жүзеге асырды:

  • мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру;
  • зейнеткерлiк жасқа толуға немесе 1-шi немесе 2-шi топтардағы мүгедектердiң мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру. Алғашқы өтiнiштер жолданды, онлайн рәсiмдеу бiрнеше минутты ғана алады;
  • төлемдердi тағайындау және (немесе) аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалу мәртебесiн қадағалау.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнiнде өтiнiш беру үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) қолданыстағы кiлтiн алу жеткiлiктi. Зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру үшiн ЭЦҚ-дан басқа екiншi дәрежелi банкте немесе «Қазпочта» АҚ-та (теңге) ашылған, 20 саннан тұратын банк шоты туралы мәлiметтi және екiншi дәрежелi банктiң деректемелерiн көрсету қажет.

Бұл ретте БЖЗҚ алушыға төлемдердi тағайындау/аудару жөнiндегi өтiнiштiң орындалуы туралы СМС-хабарлама жiберу арқылы құлағдар етедi.

Зейнетақы жинақтарын төлеу немесе аудару мәртебесi туралы мәлiметтердi Жеке кабинеттен бiлуге болады. Ол үшiн салымшылар (алушылар) алдымен сайтқа тiркеледi. Кейiн ЭЦҚ немесе ЖСН (жеке сәйкестендiру нөмiрi) мен құпия сөздiң (пароль) көмегiмен Жеке кабинетке кiре алады.

Жеке зейнетақы шотындағы ақша қозғалысы туралы құпиялықты сақтау мақсатында зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған жағдайда ғана ЖСН мен парольдi тiркеуге болады. Бұл үшiн жеке басты куәландыратын куәлiкпен БЖЗҚ кеңсесiне жүгiну қажет.

Ал бұған дейiн жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты немесе қосымша келiсiмдi рәсiмдеу барысында ақпаратты «интернет арқылы» алу тәсiлiн таңдаған адамдар үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ.

Естерiңiзге сала кетелiк, БЖЗҚ зейнетақы шоты туралы ақпарат берудiң бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Дәлiрек салымшы зейнетақы шоты туралы ақпаратты:

  • бүкiл республика бойынша 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiне барып, БЖЗҚ маманынан;
  • зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште не болмаса қосымша келiсiмде көрсетiлген пошталық мекенжайына;
  • зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште не болмаса қосымша келiсiмде көрсетiлген электрондық мекенжайына;
  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логинi мен құпия сөзiн (пароль) (логин ретiнде салымшының (алушының) жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) көрсетiледi) қолдана отырып www.enpf.kz сайтының «ИНТЕРНЕТ ҮЗIНДI-КӨШIРМЕ АЛУ» бөлiмi арқылы ала алады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсiлiн таңдап, www.enpf.kz сайтында тiркелген соң ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Бұл үйден немесе кеңседен шықпай-ақ (24/7) жеке зейнетақы шотын тексерiп отыруға мүмкiндiк бередi;
  • электрондық үкiмет порталы арқылы алуға болады. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтарға» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» айдары — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiнде қолжетiмдi. Оны пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба алып, электрондық үкiмет порталына тiркелу қажет.

Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегiмен бiрнеше минут iшiнде www.enpf.kz сайтына тiркелiп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткiздi.

Келушiлердiң көпшiлiгiн БЖЗҚ-ның электрондық консультанты қызықтырды. Қазiргi таңда Қор кеңселерiнде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскiлер орнатылған. Келушiлер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерiнiң болашақ зейнетақыларының мөлшерiн болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi электронды мекенжайға жiберуге болады. Қазiр республика бойынша 10 ақпараттық киоск жұмыс iстейдi.

«Ақпарат алудың заманауи тәсiлдерi отандық зейнетақы жүйесiн әрбiр азаматқа жан-жақты әрi оңай түсiндiруге мүмкiндiк бередi. Бұл жерде зейнетақы жүйесiн түсiну кәдiмгi жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы мәлiмет алудан басталады. БЖЗҚ салымшылары өздерiнiң зейнетақы жинақтары туралы онлайн тәртiбiнде ақпарат ала отырып, өздерiнiң жұмыс берушiлерiн және инвестициялық табыстардың есептелуiн қадғалай алады әрi зейнетақының мөлшерi бойынша болжам да жасай алады. Осылайша, зейнетақы жарналары тұрақты аударылып тұратын болса, зейнетақы жинақтарының көлемi де артатындығына көз жеткiзедi. Бұл болашақ зейнеткердiң берекелi тiршiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi», — дедi Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Рамазан Жарлагасович.

Шара қонақтары жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты кез-келген сұрақты ендi «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибi Наурызбаеваға тiкелей қоюға болатындығын естiп бiлдi.

2017 жылдың сәуiр айынан берi 170-тен астам қазақстандықтар мен басқа да елдердiң азаматтары осы мүмкiндiктi пайдаланғанын айта кеткен жөн.

Бұдан басқа, Қордың сайты арқылы Қоғамдық қабылдауға жазыла отырып, нақты сұрақтар бойынша жекелей немесе топ құрамына ене отырып жауап алуға да болады.

Аталған шараға жергiлiктi өңiрдiң 100 — ден астам тұрғыны қатысты. Ашық есiк күнiне осымен екiншi рет келген салымшылардың бiрi шараның өте қызықты өткендiгiн жеткiздi:

«Мен көптеген жаңа мәлiметтер алдым, — дедi қонақ, — БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тiлектерiн ескеретiндiгi қуантады».

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

01.07.2017

БЖЗҚ: қосарлы шоттар қысқартылып жатыр

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi тұңғыш рет 1998 жылы 1 қаңтарда енгiзiлгенi белгiлi. Жұмыс iстейтiн барша қазақстандықтар осы айдан бастап жинақтаушы зейнетақы қорларындағы өздерiнiң жеке зейнетақы шоттарына айлық жалақыларының 10 пайызын мiндеттi түрде аудара бастады.

Сонымен қатар, олар ерiктi зейнетақы жарналарын да аудару құқығына ие болды.

Ал техникалық шоттар, яғни сұраусыз қалған шоттар осы алғашқы жылдары-ақ пайда бола бастады. Неге? Әңгiменi әрiден бастайық.

1998 жылдан бастап Қазақстанда «Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы мен бiрқатар мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары құрылды. Бұл жерде егер жұмыскер қандай да бiр жеке зейнетақы қорымен шарт жасаспаған болса, жұмыс берушi оның мiндеттi зейнетақы жарналарын автоматты түрде Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударуға тиiстi болды. Яғни, аталмыш Қор 1997 жылғы 20 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңының талаптарына сәйкес салымшымен қағаз жүзiнде шарт жасаспай-ақ, яғни «үнсiз келiсiм бойынша» оның мiндеттi зейнетақы жарналарын қабылдауға мiндеттендi. Басқа мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына мұндай мiндеттеме жүктелген жоқ.

Мiнеки, осындай жолмен мыңдаған жеке зейнетақы шоттары ашылды.

Ал, көп адам өз атына Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоттарының ашылғанын тiптi бiлген де жоқ. Бұл шоттарға 2003 жылға дейiн мiндеттi зейнетақы жарналары түсiп тұрды деуге болады. Ал, 2003 жылдан бастап жұмыскерлерге, сондай-ақ жаңадан жұмысқа тұрушыларға ең алдымен өз ерiктерiмен мiндеттi түрде қандай да бiр жеке зейнетақы қорымен шарт жасасу талабы қойылды. Ал, Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорында кезiнде автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шоттары сол ашылған күйiнде қалып қойды.

Сонымен қатар, көптеген жинақтаушы зейнетақы қорларында салымшының деректемелерi (тегi, аты, әкесiнiң аты, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды және т. б.) қате жазылған шоттардың да болғаны жасырын емес. Өйткенi, ол кезде көп жағдайда зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар қолмен толтырылды ғой. Салымшы кейiн дұрыс деректемелерi бойынша басқа қормен жаңадан шарт жасасқан кезде бұрынғы қордағы шоты сол күйi жабылмай қалып қойып жатты. Тiптi, зейнетақы жинақтарын алмастан шетелге қоныс аударған азаматтар да жетiп артылады. Олардың iшiнде мұндай шотының болғанынан бейхабар адамдар да бар.

Мiнеки, зейнетақы активтерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырғанға дейiн осы тектес техникалық шоттардың саны шамамен 850 мыңға жеттi. Олардағы жинақталған зейнетақы жинақтарының сомасы да аз емес. Бұл жерде мұндай шоттардың басым бөлiгi «Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры» (ГНПФ) акционерлiк қоғамы мен «Қазақстан Халық Банкiнiң жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамында болғанын айта кеткен жөн.

2013 жылы 2 шiлдеде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Заңы қолданысқа енгiзiлдi. Соның негiзiнде 2013 жылы тамыз айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы құрылды. Бұл ретте Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалғыз акционерi — Қазақстан Республикасының Үкiметi екендiгiн айта кеткен жөн. Сәйкесiнше БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары салымшының меншiгi болып табылады және оның сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiледi.

Сонымен, 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басында Қазақстанда зейнетақы активтерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру үдерiсi жүрдi. Базаларды бiрiктiру барысында 28 мыңдай қосарлы жеке зейнетақы шоттары өңделiп бiрiктiрiлдi. Сөйтiп, бiрiктiру үдерiсi аяқталған шақта өңделмеген техникалық шоттардың саны 821 345 бiрлiктi құрады.

Жалпы, қосарланған шоттардың иелерiн, егер салымшы қайтыс болса оның мұрагерлерiн анықтау жұмыстары әлi күнге дейiн жалғасып жатыр. Өйткенi салымшының зейнетақы жинақтары тиiстi заң талаптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

2014 жылы — 32 823, 2015 жылы — 57 214, 2016 жылы — 332 341, ал 2017 жылдың басынан бастап 1 маусымға дейiн — 21 065 шот өңделдi.

2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы техникалық шоттардың саны 377 902 бiрлiктi құрады. Яғни, 3,5 жыл iшiнде техникалық шоттардың 50 пайыздан астамының иесi табылды.

Әрине, мұндай шоттарды өңдеу оңай емес екенi рас. Бұл ыждахаттылықты талап ететiн ауыр жұмыс. Қазiргi таңда Қор мамандары фонетикалық iздеу алгоритмi бойынша шоттарды өңдеу, иелерiн анықтау жұмыстарын қарқынды түрде жүзеге асырып жатыр.

Басты мақсат — иелерiнiң қарауынсыз қалған шоттарды толығымен өңдеу және болашақта осындай шоттардың қалыптасуына жол бермеу.

Айта кетелiк, бұл жеке зейнетақы шоттарындағы жинақтардың бiрде-бiрi бюджетке аударылған жоқ. Оларға мiндеттi зейнетақы жарналары түсiп тұрмаса да, әлi күнге дейiн, күн сайын инвестициялық табыстар есептелiп тұрады.

Ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес iздеусiз жатқан жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинағы оны алушы немесе оның мұрагерi (мұрагерлерi) талап етпейiнше есептен шығарылмайды.

Сәйкесiнше оларды автоматты түрде жабуға болмайды деген сөз.

Осыған байланысты Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды Қор бөлiмшелерiне келiп, өздерiнiң немесе туған-туыстарының атына ашылған жеке зейнетақы шоттарын тиiстi құжаттар негiзiнде тексеруге шақырады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

23.06.2017

Ерiктi зейнетақы жарналары

Бүгiнде Қазақстанның зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұратыны белгiлi. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестiрiлген.

Бiрiншi деңгей — бұл ортақ зейнетақы жүйесi. Онда зейнетақы төлемдерi мемлекеттiк бюджеттен жұмыс iстеушi азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсiмдер есебiнен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екi құрамдауыштан тұрады. Бiрi — мемлекеттiк базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтiлiне немесе айлық табысына қарамастан өмiр бойына тағайындалады. Екiншiсi — еңбек өтiлiне қарай төленетiн жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi ескерiледi. Бұл ретте еңбек өтiлi алты айдан кем болмауы тиiс.

Екiншi деңгей — мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесi. Мұнда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының 10 пайызы мiндеттi зейнетақы жарнасы ретiнде зейнетақы Қорына аударылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушiлер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы ретiнде аударуға мiндеттендi.

Бұл ретте зиянды өндiрiстер мен жұмыстардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

2020 жылдан бастап жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiледi. Сәйкесiнше Қазақстандағы барлық жұмыс берушiлер (олардың iшiнде зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын аударатын жұмыс берушiлер де бар) еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебiнен қызметкерлерiнiң пайдасына жалақының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударады.

Үшiншi деңгей — ерiктi зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негiзделген жинақтаушы жүйе. ЕЗЖ мөлшерлемесi, оларды зейнетақы Қорына аудару және зейнетақы төлемдерi ретiнде төлеу ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

Сонау 1952 жылы қабылданған, Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгi әлеуметтiк қамсыздандыру нормалары туралы» Конвенциясына сәйкес орнын басу коэффициентi 40 пайызға тең болуы тиiс. Яғни, зейнетақы мөлшерi жұмыскер жалақысының кем дегенде 40 пайызын құруы керек.

Алайда зейнеткерлiкке шыққандардың барлығының бiрдей зейнетақысы жоғалтқан жалақыларының 40 пайызына жете бермейдi. Бұған зейнеткердiң зейнет жасына дейiнгi жалақысының төмен болуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi еңбек өтiлiнiң аздығы, зейнетақы жарналарының тұрақсыз аударылуы және басқа да факторлар әсер етуi мүмкiн.

Бiрақ, осы жәйттерге қарамастан, қалайша лайықты зейнетақы алуға болады? Бұл мәселенi шешудiң бiр жолы — ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу.

Ерiктi зейнетақы жарналары — бұл, салымшының Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркiмен аударатын ақшасы. Бұл ретте салымшы жарнаның сомасын өзi белгiлейдi және оны өзiнiң атына ғана емес, туған-туыстарының атына да аудара алады.

Заңды тұлғалар да жеке тұлғаның пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарының салымшылары болуға құқылы. Мысалы, жұмыс берушi осылайша қызметкерлерiнiң жұмысқа деген ынтасын арттыруға әрекет жасауы мүмкiн. Ерiктi зейнетақы жарналары ерiктi түрде жүзеге асырылады. Бұл үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасалады.

Шартта жалақы мөлшерiн немесе жалақының Қорға аударылатын пайызын көрсетудiң қажетi жоқ. Өйткенi, ерiктi зейнетақы жарналарының сомасы салымшының мүмкiндiгi мен ықыласына қарай ай сайын өзгеруi мүмкiн.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен барлығы 39,2 мың шот ашылған. Олардағы жинақтардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгенi құрайды.

Ерiктi жарналар да басқа зейнетақы жарналарымен қатар әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесiнше оларға да күн сайын инвестициялық табыс есептеледi. Ерiктi жарналар есебiнен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы сол, оны зейнеткерлiк жасқа толмай жатып алуға болады.

Нақты айтар болсақ, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Әлемдiк тәжiрибелердi зерделей келе, БЖЗҚ қазiргi таңда ерiктi зейнетақы жарналары сынды болашаққа қаражат жинау құралын белсендi түрде пайдалану мүмкiндiгiн қарастырып жатыр. Қор мамандарының есептеуiнше, аз мөлшерде тұрақсыз аударылған ерiктi жарналары есебiнен құралған зейнетақы жинағы зейнеткердiң берекелi тiршiлiгiн қамтамасыз етуге елеулi түрде септiгiн тигiзедi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

14.06.2017

БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңiрiндегi салымшыларға қызмет көрсетедi

БЖЗҚ әрбiр салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда.

Қор қызметiнiң ашықтығы мен көрсететiн қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелi қызмет көрсету бойынша «Мобильдiк агент» жобасы iске қосылған.

Бұл жобаның негiзгi мақсаты — халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкiндiгi шектеулi жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерiнен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиiмдi сервистiк қызмет көрсетудi жүзеге асыру.

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлерi оған өздерi келедi.

«Мобильдiк агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңiрiнде БЖЗҚ қызметкерлерiнен көшпелi командалар құрылған. Қор қызметкерлерi ақыл-кеңес беру үшiн салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгiзу және қызмет көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi жандарға қажеттi құжаттарды жинап, Қорға жеткiзуге көмектеседi. Мүмкiндiгi шектеулi жандармен қатар, режимдiк және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдiк агент» қызметiн пайдалана алады.

Одан басқа, көшпелi топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бiрақ бұл үшiн олардың саны жеткiлiктi дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудiң электрондық тәсiлiне барынша ауыстыру шараларын жүргiзедi және ҚР зейнетақы жүйесiн әрi қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсiндiру жұмыстарын да жүргiзедi.

Қазiргi таңда жоба аясында бiрқатар қызметтер көрсетiледi. Олар:

  • жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;
  • деректемелердi өзгертуге арналған өтiнiштi толтыру;
  • ақпарат беру тәсiлiн өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келiсiмдi рәсiмдеу;
  • ЖЗШ бойынша үзiндi-көшiрме беру;
  • шарттардың көшiрме нұсқасын беру;
  • зейнетақыны жеке және корпоративтiк жоспарлау моделiн (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;
  • ақыл-кеңес беру;
  • таныстырылымдар өткiзу;
  • зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген I және II топтардағы мүгедектер үшiн зейнетақы жинақтарын аудару.

2017 жылдың алғашқы 4 айы iшiнде «Мобильдiк агент» жобасы аясында 2 326 көшпелi шара өткiзiлiп, 71 908 операция жасалды. Олардың iшiнде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 740 шарт, ақпарат беру тәсiлiн өзгерту туралы 19 678 келiсiм жасалды. Сонымен қатар 18 282 үзiндi-көшiрме берiлдi.

Салымшыларға көшпелi қызмет көрсету одан әрi жетiлдiрiлiп жатыр. Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өттi. Онда зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру аясында БЖЗҚ бөлiмшелерi жоқ, шалғайдағы елдi мекендер үшiн «Мобильдiк кеңсе» қанатқақты жобасын iске қосу мәселесi көтерiлдi.

Қазiргi таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдiк кеңсе» барлық қажеттi техникамен және жер серiгi байланысымен жабдықталатын болады.

Бұл өзiндiк бiр көшпелi қызмет көрсету орталығы iспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режiмiнде көрсетiледi. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңiрi — Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетiледi. Бұл өңiрлер бiрiншi кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.

Мысалы, Қостанай өңiрiнде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елдi мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңiрлерiнен елдi мекендерiнiң көптiгiмен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленедi. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергiлiктi тұрғындардың көпшiлiгiнiң мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс iстейтiндiгiне байланысты iске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елдi мекендерден алыста орналасқан.

«Мобильдiк кеңсенiң» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергiлiктi әкiмдiкпен алдын ала келiсiледi және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала бiлiп отырады.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижесi бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрi қарай көшпелi қызмет көрсету туралы нақты шешiм қабылдайды.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

12.06.2017

Барлық адамға қолжетiмдi

2017 жылғы 30 маусымда БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында Ашық есiк күнi өткiзiледi. Қор қызметiнiң ашықтығын арттыру және тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған бұл кезектi шараның тақырыбы «Әрбiр салымшы үшiн қолжетiмдi БЖЗҚ» деп аталады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры заман талабына сай зейнетақы жинақтары бойынша ақпарат беру арналары мен қызмет көрсетудiң ыңғайлылығын арттыруға ұмтылып келедi. Осы шараға келген қазақстандықтар Қордың салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болуы үшiн қандай жаңа технологияларды қолданып жатқандығын бiлетiн болады.

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының мамандары:

«Қазiргi таңда салымшылар және алушылармен өзара қашықтықтан қарым-қатынас жасау арналарын дамыту қажеттiлiгi туындап отырғандығын, өйткенi мына күнделiктi күйбең тiрлiкте Қордың бөлiмшесiне келiп кетуге уақыт табыла бермейтiндiгiн» жеткiздi.

Бүгінгі таңда, БЖЗҚ деректері бойынша 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. Бұл салымшылар зейнетақы жинақтарының жай-күйiн электронды пошта (жылына 12 ретке дейiн), сайт немесе ұялы қосымша арқылы (тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн) қадағалай алады.

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаның шамамен 797,4 мың рет жүктелгендiгiн айта кеткен жөн.

БЖЗҚ-да арнайы интерактивтiк ақпараттық киоскiлер желiсiн дамыту және жаңа онлайн сервистердi енгiзу арқылы да көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруға баса назар аударылады. Қор сондай-ақ ақпарат беру арналары мен кеңес берудi белсендi түрде дамытып жатыр.

Қор мамандары электрондық қызметтердiң артықшылықтары мен оларды енгiзу жоспарлары туралы 30 маусымда, шара барысында ұйымдастырылатын таныстырылымда жан-жақты әңгiмелейтiн болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары таныстырылымнан кейiн өздерiн қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпарат алу тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қоя отырып, зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдай алады.

Естерiңiзге сала кетелiк, «БЖЗҚ» АҚ алғашқы Ашық есiк күнi шарасы ағымдағы жылдың 31 наурызында өткiзiлген болатын. Ол «Зейнетақы жүйесi қалай құрылды» деген тақырыпқа арналды. Қазiргi таңда Қор мұндай шараларды әр түрлi тақырып бойынша тоқсан сайын өткiзiп тұруды жоспарлап отыр.

26.05.2017

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ/Қор) ақпараттық арналарына жиi келiп түсетiн сұрақтардың бiрi — шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу (ТТК).

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

«Халықтың көшi-қоны туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, iшкi iстер органдары кету фактiсiн растайтын құжаттарды рәсiмдеген соң жүзеге асырылады.

Егер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, басқа мемлекеттiң азаматтығын алуды жоспарлаған Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам

Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы шешiм қабылдаса, белгiленген тәртiпте шетелге кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеуi керек.

Бұл рәсiм шетелге тұрақты тұруға кетiп бара жатқан азаматтардың Қазақстандағы орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шетелге тұрақты тұру үшiн елден кетуге арналған құжаттарын рәсiмдеу «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн кетуге арналған құжаттарды» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн стандартымен реттеледi.

Шетелге тұрақты тұруға кету үшiн елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеу үшiн ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң (IIМ) аумақтық бөлiмшелерiне немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) жүгiну қажет.

Егер шетелге уақытша кеткен Қазақстан азаматы сол елде тұрақты тұруды ұйғарса, ол бұл туралы Қазақстанның консулдығына немесе дипломатиялық өкiлдiгiне жүгiнуi тиiс.

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн елден кетудi рәсiмдеу жайындағы бүкiл ақпарат

ҚР Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына (ЖТ МДҚ) тiркелiп отырады. Айта кетелiк, бұл ақпараттардың барлығы ҚР IIМ-нен келiп түседi. БЖЗҚ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеруге алғанда осы Мемлекеттiк дерекқорға жүгiнедi.

Алушыдан ең аз құжаттар пакетi талап етiледi.

Соның iшiнде өзi келiп өтiнiш жасағанда:

Шетелдiк азаматтың шетелдiк паспортының түпнұсқасын, алушының банк шоты туралы мәлiметiн ұсынады және БЖЗҚ-да тиiстi өтiнiштi толтырады.

Сондай-ақ, құжаттарды ұсынудың балама жолы да бар. Ол, — құжаттарды үшiншi тұлға (сенiм артылған) немесе пошта байланысы арқылы ұсыну.

Шетелдiктен немесе азаматтығы жоқ азаматтан тиiстi құжаттарды алған соң, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына (ЖТ МДҚ) Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн кетудi рәсiмдеу туралы мәлiметтер сұрайды.

Құжаттарға қатысты оң жауап алынып, ешқандай ескертпелер болмаған жағдайда, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде төлемдердi алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударады.

Ал құжаттарға қатысты терiс жауап және (немесе) ескертпелер алынған жағдайда, БЖЗҚ өтiнiш берген күнi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтiнiштi қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiштi орындаудан бас тартады.

Iс жүзiнде шетелдiктер, олардың iшiнде негiзiнен Ресей Федерациясы азаматтарының жиi өтiнiш жасайтындығы байқалады. Олар:

  1. Белгiленген тәртiпке сәйкес Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеместен азаматтық алған. Бұл жерде оларға айтылар бiр ғана ұсыныс бар — ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн елден кетудi мiндеттi түрде рәсiмдеу қажет.
  2. ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн кетуге арналған құжаттарды белгiленген тәртiп бойынша рәсiмдеген, бiрақ:

1) рәсiмдеу реттiлiгiн бұзған, яғни алдымен ҚР азаматтығынан айырылуды, ал кейiн кетудi рәсiмдеген;

2) «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорында ақпарат жоқ және т. б.

БЖЗҚ соңғы санаттағы адамдардың мүдделерiн қорғау және осы мәселе бойынша жан-жақты түсiнiктеме алу үшiн ҚР Iшкi iстер министрлiгiне арнайы хат жолдады. Соған сәйкес ҚР IIМ Көшi-қон қызметi комитетi БЖЗҚ, ҚР IIМ және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң жұмыстық кездесуiн ұйымдастырды. Бұл кездесу ағымдағы жылы 21 сәуiрде Астана қаласында өттi.

Жұмыстық кездесудiң нәтижесi бойынша ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету бойынша, оның iшiнде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу барысында туындайтын мәселелердi шұғыл шешу үшiн БЖЗҚ, ҚР IIМ және басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнен тұратын жұмыс тобын құру туралы шешiм қабылданды. Бұл бағытта БЖЗҚ тарапынан тұрақты негiзде жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

БЖЗҚ мен ҚР IIМ Көшi-қон қызметi комитетiнiң бiрлескен жұмысы барысында бұған дейiн БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын алу бойынша өтiнiш жасап келген жекелеген шетелдiктер бойынша «азаматтығынан айрылудан» бастап «шетелге тұрақты тұруға кетуге» байланысты ҚР жеке куәлiгiнiң жарамсыздығы себебi туралы ақпараттың өзектiлiгi арттырылды.

Бұл ретте басқа да жағдайлар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл жағдайлар ҚР IIМ көшi-қон қызметi комитетi жұмыскерлерiнiң тиiстi тексерулерiнен кейiн реттеледi.

Бұдан басқа, БЖЗҚ апта сайын кейбiр адамдарға қатысты «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорындағы мәлiметтердi өзектi қылу бойынша мониторинг жүргiзiп келедi. Өйткенi, БЖЗҚ «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорында бұл адамдар бойынша Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәлiметтердiң жоқтығына байланысты оларға зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартқан болатын.

Ал Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге қатысты мәлiметтер жаңартылған сәтте БЖЗҚ алушыларға зейнетақы жинақтарын алу туралы өтiнiштi рәсiмдеу керектiгi жайында хабарлайды.

2017 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша бұған дейiн өтiнiш бiлдiрген 250 адам бойынша «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорындағы мәлiметтер жаңартылды.

Демек, алушылар БЖЗҚ-ға ҚР Iшкi iстер министрлiгi «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету туралы мәлiметтердi жiберiп үлгермей жатып асығыс өтiнiш жасап жатыр деген сөз.

БЖЗҚ-ға ұсыну тәсiлiне қарай (өзi келiп өтiнiш жасағанда, үшiншi тұлға немесе пошта байланысы арқылы жiбергенде) барлық қажеттi құжаттар тiзiлiмi, оларды рәсiмдеуге қатысты талаптар,

сондай-ақ өтiнiш бланкалары және оларды толтыру үлгiлерi, сенiмхат үлгiлерi,

әр түрлi мемлекеттiк органдардың түсiндiрмелерi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтiк веб-сайтының www.enpf.kz мекенжайында орналастырылған. Ондағы ақпараттар тұрақты негiзде жаңартылып отырады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

26.05.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлген

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негiзiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемi есептеледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн:

  • зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалар;
  • мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген I және II топтағы мүгедектер;
  • Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.

Айырма төлемiн алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiпте мұрагерге төленедi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын есептеу және төлеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдерi жөнiндегi мемлекеттiк орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бiр жолғы төлемдi алу үшiн осы ұйымға жүгiнiп, тиiстi өтiнiштi толтыру қажет.

Айырманы төлеу туралы өтiнiш қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсыну жөнiнде хабарлама жiберiледi.

Өз кезегiнде БЖЗҚ хабарлама келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде сұралған мәлiметтердi электрондық форматта ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәлiметтердi алған кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтердi тиiстi кезеңге арналған инфляцияның деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексередi.

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

  • инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда — айырма төлемi жүзеге асырылмайды және уәкiлеттi орган айырма төлемiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады;
  • инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ бiр жұмыс күнi iшiнде айырма төлемi сомасын есептейдi. Республикалық бюджет есебiнен айырма төлемi алушының банк шотына аударылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң деректерi бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтiн республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттiң зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепiлдiктi мiндеттемелерi 2016 жылы — 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшiн — 2589,0 млн. теңгенi құрады.

Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының 1414 тегiн қысқа нөмiрiне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

03.04.2017

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есiк күнi өттi

2017 жылғы 31 наурыз — жұма күнi Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (Зейнетақы қоры) барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесi қалай құрылды» деген тақырыпта ашық есiк күнi өттi.

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Рамазан Жарлагасович өзiнiң алғы сөзiнде Ашық есiк күнi деген сөздiң тек iс-шараның атауы ғана екенiн, ал Зейнетақы қорының есiгi барлық азаматтарымыз үшiн әр уақытта ашық екенiн айтып өттi.

Бөлiмше басшысы: «Бiз зейнетақы жүйесi кез-келген азаматқа түсiнiктi болу үшiн тынбай еңбек етiп жатырмыз. Бiз елiмiздегi азаматтарымыздың мектеп қабырғасынан-ақ зейнетақының не екенiн жақсы бiлiп, қартайған шағында қамсыз өмiр сүру мәселесiн де жетiк меңгергенiн қалаймыз», — деп түсiндiрдi.

Ашық есiк күнi бағдарламасы өте жақсы өттi. Келген қонақтарға «Зейнетақы жүйесi қалай құрылды» деген тақырыпта тұсаукесер ұсынылып, зейнетақы жүйесiнiң үш құрамдауышы туралы жан-жақты түсiндiрiлдi.

Келген қонақтар Зейнетақы қорының ерекшелiгi туралы бейнероликтi тамашалай отырып, зейнетақы активтерi бiр жерге топтастырылғаннан кейiн комиссиялық жарна деңгейiнiң бұрынғы жеке қорлар өндiрiп алған жарналармен салыстырғанда екi есе азайғанын, әкiмшiлiк шығыстардың қысқарғанын, инвестициялық саясат басқармасында үлестес тұлғалармен қасақана зиянды мәмiлелер жасау тәуекелiнiң жойылғанын бiлдi.

Бейнеролик аяқталған соң, қонақтар www.enpf.kz сайтындағы «зейнетақы калькуляторы» арқылы болашақта алатын зейнетақы мөлшерiн анықтау үшiн интерактивтiк «шеберлiк сағатынан» өттi. Қонақтардың көп болуына қарамастан, бөлiмше штат түзiмiнде жұмыс iстеп, салымшылар мен алушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсеттi.

Ашық есiк күнiне келген салымшылардың бiрi Ашық есiк күндерiн жиi өткiзiп тұрған дұрыс» деп айтады. Ол: «Бағдарлама өте қызықты өттi. Танымдық сипаттары да молынан көрсетiлдi, мен көп нәрсе үйрендiм. Ендi зейнетке шыққанда қанша ақша алатынымды, зейнетақының тек бiреу ғана емес екенiн бiлдiм, көптеген басқа да мәлiметтерден хабардар болдым. Менi осы шараға шақырғандарыңыз үшiн көп-көп рахмет, келесi жолы тағы да келемiн», — дейдi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнiн әрдайым өткiзудi жоспарлап отыр. Себебi дәл осы күнi кез-келген азамат Қордың стандартты қызметтерiнiң топтамасына қол жеткiзiп қана қоймай, сонымен бiрге зейнетақы жүйесi туралы, оған қоса, Қордың жалпы қызметi жайында жаңа мәлiметтер алатын болады.

Бiрыңғай жинақиаушы зейнетақы қоры 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. Қордың зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес Қор мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

07.03.2017

Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

Бүгiнгi таңдағы өзектi тақырыптардың бiрi қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сiз бен бiздiң зейнетақымыздың жинақтаушы бөлiгiн құрайды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес Ұлттық Банк инвестициялайтын қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына табыс тұрақты түрде түсiп тұрады: күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейiн, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлi де түртiлмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле бередi. Осылайша, егер адам ұзақ уақыт бойы ешқандай аударымдар жасамаған болса, ол бәрiбiр инвестициялық табыс ала бередi.

БЖЗҚ осыған орай қызықты бiр оқиғамен бөлiстi: осыдан бiраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жiгiт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейiн екi жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесiнше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептерi бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек едi. Алайда үзiндi көшiрменi алған жас жiгiт бiршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар iшiнде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған.

Есептелген инвестициялық табыс туралы ақпаратты бiрнеше тәсiл арқылы алуға болады: яғни үзiндi көшiрменi Қорға келiп өтiнiш бiлдiре отырып немесе электрондық не кәдiмгi пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, электрондық үкiмет порталы арқылы да алуға болады.

Бұл жағдайда математиктердiң сөзiмен алатын болсақ инвестициялық табыстың мөлшерi тұрақты шама емес, ол тек бiрнеше ауысымға байланысты болады. Бiрiншiден, салымшылардың зейнетақы жинақтарына салған бағалы қағаздардың қалай iске асырылғанына байланысты болса, екiншiден, жинақтардың өз мөлшерiне байланысты болады, яғни жинақ неғұрлым көп болса, әрi оны толтыру кезеңдiлiгi тұрақты болса, соғұрлым есептелетiн инвестициялық табыс та жоғары болады.

Жыл басында отандық БАҚ-та кейбiр салымшылардың ЖЗШ-сында «инвестициялық табыс» бағанында терiс мәндердiң болғаны туралы ақпарат шыққан болатын. БЖЗҚ инвестициялық табыс қаржы нарығында сатып алынатын қаржы құралдарының нарықтық құнына, шетелдiк валюта бағамының құбылмалығына байланысты өзгередi деп хабарлады. Осылайша, инвестициялық табыс шамасы нарықтық жағдайға байланысты ұлғаю жағына, сондай-ақ азаю жағына қарай өзгертiлуi мүмкiн.

Мұндай құбылу әдетте қысқа мерзiмдi кезеңдерде байқалады, әрi ол уақытша болып тұратын жәйт. БЖЗҚ-да шоттарға қызмет көрсетiлген уақытта жиналған инвестициялық табыстың көлемi жақсы. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша (жыл басынан бастап) ол 10,79 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерi бойынша инвестициялық портфель осындай тәуекелдердi азайту үшiн түрлендiрiлген, яғни тәуекел мен табыстылықты есепке алғанда түрлi қаржы құралдарының көп мөлшерiнен құралған. «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметiнiң деректерi бойынша жыл басында валютаға бөлiнген зейнетақы активтерi: активтердiң 76,98%-ы теңгеге және шамамен 23%-ы шетелдiк валютаға үлестiрiлген. Бiрақ бұдан әрi сенiмгерлiк басқарушы ретiнде Ұлттық Банк зейнетақы жинақтары бiр ғана валютада тұрмау үшiн соңғының үлесiн 30%-ға дейiн көтерудi жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, кез келген инвестициялық сценарийде зейнетақы төлемдерiне құқық алу кезiндегi инфляция деңгейi ескерiле отырып, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттiң кепiлдiк беретiнiн еске сала кетейiк («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 5-бабы). Басқа сөзбен айтқанда төлем алуға құқығы туындаған кезде әрбiр алушыға жинақтаушы зейнеиақы жүйесiндегi бүкiл кезеңiндегi табыстылығы мен инфляция деңгейi есептелетiн болады, егер зейнеақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейiнен төмен болса, мемлекет осы айырманы өтейдi.

Қайта есеп алу үшiн тұрғылықты жерi бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕАҚ бөлiмшесi) барып өтiнiш және жеке басын куәландыратын құжатының көшiрмесiн, салыстырып тексеру үшiн оның түпнұсқасын, тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты, банк шотының нөмiрi туралы мәлiмет беру керек.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

17.02.2017

БЖЗҚ-ның әрбiр 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсiлiн таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенiн еске саламыз) электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған, олардың iшiнде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтiк сайты немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жеттi.

2017 жылғы 1 қаңтарда «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзiндi көшiрме берiлген.

Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлдерiнiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн таңдайды:

  • БЖЗҚ-ға өзi келiп өтiнiш жасайды;
  • электрондық пошта арқылы;
  • электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тiркелген логинiн және парольдi пайдалана отырып, БЖЗҚ сайты арқылы электрондық хабарлау тәсiлiн;
  • пошта байланысының қызметi арқылы.

Электрондық хабарлау тәсiлiнiң өте ыңғайлы екендiгiне баса назар аударамыз. Себебi әрбiр салымшы (алушы) өз жинақтары туралы ақпаратты дәл осы жерде және осы уақытта алады, тек online болса болғаны.

Электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған БЖЗҚ салымшы (алушы) өз зейнетақысын бақылауға, есептеуге және жоспарлауға мүмкiндiк беретiн серпiндi әрi заманауи құралдарға қол жеткiзiп қана қоймай, сонымен қатар планетамыздың жасыл қорына қомақты үлесiн қосады.

А4 форматында 11 500 парақ шығару үшiн бiр ағаш кесiледi. Бiз жылына үзiндi көшiрмелер салынған 2,2 миллион конверт жiберемiз, яғни ол үшiн 380-ге жуық ағашты пайдаланамыз.

Дәл осы кезде, электрондық поштасына үзiндi көшiрме алатын 206 349 салымшы жылына 36 ағашты сақтап қалады екен. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған 2,6 миллион адам жылына 450-ден астам ағашты сақтап қалады.

Анықтама:

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

06.02.2017

2017 жылы БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу тәртiбi мен мөлшерi туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейдi.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгiленген кесте бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне:

  • 63 жасқа толған ерлердiң, 58 жасқа толған әйелдердiң (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толған әйелдердiң);
  • егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң құқығы бар.

Жалпыға бiрдей белгiленген зейнет жасына толған кезде немесе бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген кезде зейнетақы төлемдерiн алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi ресiмдеу үшiн жақын маңда орналасқан БЖЗҚ кеңсесiне баруы керек. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және зейнетақы жинақтарын аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтердi алып келедi. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлға немесе пошта байланысы арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттар тапсырылғаннан кейiн, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда БЖЗҚ он жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады. Төлем кезеңдiлiгiн — жылына бiр рет, тоқсанына бiр рет немесе ай сайын — алушы өзi белгiлейдi.

Кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен құралатын зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 хаттамасымен бекiтiлген, 27.12.2016 жылғы редакциядағы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларына сәйкес есептеледi және:

  1. республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төменгi зейнетақы мөлшерi 28 148 теңгеге дейiн көбейтiлдi) және 844 440 теңгенi құрайды (30*28 148);
  2. зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 хаттамасымен бекiтiлген, 27.12.2016 жылғы редакциядағы Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы — ерлерде 8,067 млн. теңге және одан артық болған, ал 58 жастағы алушы — әйелдерде 8,963 млн. теңге және одан артық болған жағдайда осы есеп қолданылады.

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аз болса (2017 жылы — 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аз соманы құраса (2017 жылы — 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

БЖЗҚ белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын өз бетiнше Қағида ережелерiн ескере отырып, қайта есептейдi.

Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу мен төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ-ның меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi, бұған оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтерi қосылмайды.

БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерiн:

  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде тек ұлттық валютамен;
  2. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi шетел банктерiнде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублiмен аударады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзегеасырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

01.02.2017

2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау

«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшiн салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы мiндеттi хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйi туралы ақпарат ақысыз негiзде берiлетiнiн, ал ақпарат алу тәсiлiн салымшының (алушының) өзi белгiлейтiнiн естерiңiзге сала кетейiк.

2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзiндi көшiрме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның iшiнде 206 349 адам электрондық мекенжайына үзiндi көшiрме алады. Сонымен қатар әрбiр салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзi барып, өтiнiш жасай отырып алуына болады.

Үзiндi көшiрмелер ЖЗШ ашу туралы өтiнiште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы қосымша келiсiмде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның iшiнде электрондық мекенжайларға жiберiлетiнiн айта кетейiк.

Егер салымшы (алушы) тұрғылықты жерiн ауыстырса және өткен жылдың 31 желтоқсанына дейiн бұл туралы Қорға хабарламаса, онда пошта арқылы жiберiлген 2016 жылға арналған үзiндi көшiрмесi БЖЗҚ-ға қайтарылады. Мұндай жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес келесi жылға үзiндi көшiрменi жiбермеуге құқылы болады.

Салымшының (алушының) Қордың мiндеттемелерiн орындауына әсер ететiн барлық өзгерiстер туралы осындай өзгерiстер болған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде белгiленген тәртiппен БЖЗҚ-ға хабарлауға мiндеттi екенiн естерiңiзге сала кетейiк («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4-тармағының 1-тармақшасы). Егер тиiстi хабарлау тәсiлi таңдап алынған болса, оған электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгеруi жатады.

Егер ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-сында қаражаты жоқ болса немесе ол хабарлау тәсiлiн таңдамаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл үшiн зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат жiбермейдi. Бүгiнгi күнi 1,6 миллионға жуық салымшы (алушы) хабарлау тәсiлiн белгiлемегендiктен үзiндi көшiрме алмайды.

БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерiнiң дербес деректерiн өзектендiру және/немесе жаңа хабарлау тәсiлiн таңдау үшiн Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына барып өтiнiш бiлдiруге кеңес бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

12.12.2016

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкiмет порталында инвестициялық кiрiсi көрсетiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.

Анықтаманың жаңа түрiнде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бiрақ онда инвестициялық кiрiс көрсетiлмедi. БЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның iшiнде салымшы белгiлi уақыттың iшiнде қандай кiрiс немесе шығын алғандығын көрсетедi.

Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауы — «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

БЖЗҚ ақпараттық жүйелерi мен электрондық үкiмет порталын бiрiктiрудiң басты мақсаты — бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетiмдiлiкте алу мүмкiндiгi. Ендi әр салымшы өзiнiң зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады.

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкiмет арқылы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (инвестициялық табыс ескерiлген) ақпарат беру» қызметi қолданысқа енгiзiлген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзiндi көшiрме берiлдi. Салыстыру үшiн портал арқылы жыл басында 125 мың үзiндi көшiрме берiлген болатын.

Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесiн алу немесе салық декларациясын толтыру үшiн қолданыла алады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

2016 жылы мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi және оларды алу тәртiбi

23.11.2016

2016 жылы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 342-V заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiн алу тәртiбi өзгердi.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгiленген кесте бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiне құқығы бар тұлғалар:

- 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толғанда);

- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектер.

Зейнетақы төлемдерiн алушы жалпыға бiрдей белгiленген зейнет жасына толғанда МЗЖ және МКЗЖ есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi ресiмдеу үшiн БЖЗҚ-ның жақын кеңсесiне барып өтiнiш жасауға тиiс. Оның өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi, зейнетақы жинақтарын аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтер болу керек. Сонымен қатар, алушы зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн құжаттарды сенiм бiлдiрiлген адам не пошта байланысы арқылы да бере алады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн құжаттар берiлгеннен кейiн, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады. Төлемдер кезеңдiлiгiн алушының өзi белгiлейдi, мысалы: жылына бiр рет, тоқсан сайын бiр рет не ай сайын.

МЗЖ және МКЗЖ есебiнен кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы Қағидаларға сәйкес есептеледi және мынадай шамадан:

1)республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен тұрады (2016-2018 жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төменгi зейнетақы мөлшерi 2016 жылы 25 824 теңгеге ұлғайды) және 774 720 теңге (30*25 824) болады;

2)зейнетақы жинақтары сомасының Әдiстемеге1 сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан тұрады. Алушының зейнетақы жинақтарының сомасы 8,5 млн.теңге не одан артық болғанда осылай есептеледi.

Алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аз болған жағдайда,сол барлық соманы ала алады.

Егер төлем жасалғаннан кейiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аз соманы құраса, осы қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

БЖЗҚ Қағидалардың ережелерiн есепке ала отырып, белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын өз бетiнше қайта есептейдi.

Зейнетақы жинақтарын аударуға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтерiне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерiнде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншiктi қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

БЖЗҚ алушының өтiнiште көрсеткен банк шотына:

1)Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде — тек ұлттық валютамен;

2)Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi шетел банктерiнде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде — АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублiмен зейнетақы төлемдерiн аударады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрi акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттiк акциялар пакетiн сенiмгерлiкпен басқарады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық Қорды басқару жөнiндегi кеңеске берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

13 000-нан астам салымшы БЖЗҚ-ның «Мобильдiк кеңсе» қызметiн пайдаланды

27.10.2016

БЖЗҚ әрбiр салымшының қамын ойлап, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсiлдерiнiң бiрi — салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететiн «Мобильдiк кеңсе». Жобаның негiзгi мақсаты — халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарын қолдау, мүгедек адамдарға ақпараттық-кеңес бере отырып, көмек көрсету, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) зейнетақы қызметтерiн БЖЗҚ кеңселерiнен тыс жерлерде де барынша сапалы көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бiр себептермен, әсiресе денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын адамдарға Қор мамандары өздерi барып қызмет көрсетедi.

«Мобильдiк кеңсе» аясында барлық өңiрде БЖЗҚ-ның өздерi барып қызмет көрсететiн мамандарының командалары құрылды. БЖЗҚ қызметкерлерi салымшымен (алушымен) келiсе отырып, оған ыңғайлы уақыт пен кеңес беретiн орынды белгiлейдi, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға Қордың деректер базасына енгiзiп, тиiстi қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар топтамасын жинауға және оларды Қорға жеткiзуге көмектеседi.

2016 жылғы қаңтардан қазан айына дейiнгi аралықта Қор қызметкерлерi төлемдер алуға құқылы, бiрақ Қорға келiп өтiнiш жасамаған I және II топтағы мүгедек (мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген) 13 192 алушымен байланысқа шықты. Бұл тiзiмнiң iшiнен төлемдердi 10 788 адам алып үлгердi. Бұған қоса, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттардағы салымшылар деректемелерiн өзгерту, шарттардың телнұсқаларын беру, хабарлау тәсiлiн өзгерту секiлдi қосымша қызметтер де көрсетiлдi. Жасалған операциялардың жалпы саны 38 374-ке жеттi.

Статистика бойынша БЖЗҚ мамандарының мүмкiндiгi жоқ адамдарға барып қызмет көрсетуi өңiрлерге бөлiп қарастырған кезде «инфографикада» Zip (1,3 Mb) былай көрiнедi.

«12» тамыз 2016 жыл

Әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң 50% жарнасын аудару рәсiмi аяқталды Pdf (493 Kb)

«БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмiрiн iске қосты»

25.07.2016

Алматы, Казақстан, 2016 жылғы 7 шiлде — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетудi жетiлдiре отырып, салымшылар (алушылар) үшiн байланыс орталығына қоңырау шалатын 1418 — қысқа нөмiрiн iске қосты.

Ендi БЖЗҚ салымшылары (алушылары) күн сайын сағат 8:00-ден 20:00-ге дейiн қысқа әрi тез жатталатын нөмiрдi тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздерiне керектi барлық сұрақ бойынша кеңес алатын болады.

Осы нөмiрге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмiрiнен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегiн әрi қолжетiмдi.

1418 нөмiрi қалалық телефоннан тегiн қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмiрiмен қатар жұмыс iстейтiн болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрi акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық Қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ ұялы қосымшаны жаңартты»

25.07.2016

2016 жылдың шiлде айында БЖЗҚ ұялы қосымшасы жаңартылып, 2.0 нұсқада шықты, ол қосымшаның бiрiншi нұсқасына қатысты пайдаланушылардың тiлектерi мен пiкiрлерiн ескерген өзгерiстердi қамтиды. Қазiр жаңарту Android платформасына арналған Play Market iшiнде тұр. Жақын арада iOS пайдаланушылары үшiн де жаңарту шығады.

Екiншi нұсқаның жаңалығы неде? Ең бастысы, қосымшаның барлық бөлiмi авторланбаған пайдаланушылар үшiн қолжетiмдi болып отыр. Ендi байланыстар туралы ақпаратқа тез қол жеткiзiп, Қордың қаржылық көрсеткiштерi мен соңғы жаңалықтарын бiле аласыз. Сонымен қатар қосымшаны планшеттерде пайдалану мүмкiндiгi бар. Оның үстiне, қосымшадан бiр басу арқылы БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласа аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу үшiн логин мен пароль енгiзу қажет. Сол жерде көптеген пайдаланушылардың сұрауы бойынша ЭЦҚ арқылы авторлану қызметi пайда болды. «Интернет байланысы арқылы» немесе «электрондық пошта бойынша» хабарлау тәсiлiн таңдаған пайдаланушылар үшiн жеке кабинетте тiркеу және бiр реттiк пароль алу қызметi қолжетiмдi. Сондай-ақ, үзiндi көшiрмеден төлемдер талдамасын көру мүмкiндiгi қосылды, ол салымшының жеке шотына зейнетақы қаражатын аударатын агент (ұйым) туралы ақпарат алуға мүмкiндiк бередi.

Қосымшаның қызметiмен қатар дизайны да едәуiр пысықталды. БЖЗҚ мамандары қосымша iшiндегi навигацияны ыңғайлы және интуициялық түрде түсiнiктi етiп жасауға тырысты.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«БЖЗҚ әр салымшы үшiн қолжетiмдi»

25.07.2016

2016 жылдың басынан бастап «БЖЗҚ» АҚ мобильдi кеңсесi салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету бойынша 344 128 операцияны жүзеге асырды.

БЖЗҚ әрбiр салымшысынның (алушысының) қамын ойлайды, хабарлау арналарының ыңғайлы түрiн көбейтуге және қызмет көрсету сапасын жетiлдiруге ұмтылады.

Осыған байланысты БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететiн «Мобильдi кеңсе» жобасы жұмыс iстейдi. Жобаның басты мақсаты — халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау, мүгедектерге ақпараттық-кеңестiк көмек көрсету, салымшыларға зейнетақы қызметi бойынша БЖЗҚ кеңсесiнен тыс жерлерде тиiмдi қызмет көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бiр себеппен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын адамдарға Қор мамандарының өздерi барып қызмет көрсетедi.

«Мобильдi кеңсенiң» барлық аймақтарда жұмыс iстеуi үшiн БЖЗҚ-дан барып қызмет көрсететiн мамандар командасы құрылды. БЖЗҚ қызметкерлерi мүмкiндiгi шектеулi салымшы (алушы) үшiн кеңес беру мен қажеттi құжаттарды жинауға ыңғайлы уақыт пен орынды белгiлейдi, содан кейiн мүмкiндiгi шектеулi жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгiзу және қызмет көрсету үшiн құжаттар пакетiн жасауға (көшiрмелерiн және олардың растамасын жасаудан бастап оларды операциялық бөлiм мамандарына бергенге дейiн) және Қорға жеткiзуге көмектеседi.

«Мобильдi кеңсенiң» қызметiн БЖЗҚ-ның мүмкiндiгi шектеулi салымшылары және түзiмдiк және ерекше күзет объектiлерiндегi адамдар қолдана алады.

Бұған қоса, барып қызмет көрсететiн топ салымшылардың (алушылардың) жұмыс орнына барып (ол үшiн олардың жеткiлiктi саны болу керек) БЖЗҚ қызметтерiн көрсетедi, салымшыларды (алушыларды) электрондық хабарлау тәсiлiне ауыстыру шараларын өткiзедi, Тұжырымдама бойынша ҚР зейнетақы жүйесiн ары қарай жаңғырту, елiмiздегi зейнетақы жүйесiнiң мәселесi жөнiнде халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсiндiру жұмысын жүргiзедi.

Айта келгенде, қазiргi кезде жоба аясында бiрқатар қызметтер көрсетiлiп жатыр, олар:

ЖЗШ (жеке зейнетақы шотын) ашу;

деректердi өзгертуге өтiнiш ресiмдеу;

хабарлау тәсiлiн өзгертуге (белгiлеуге) келiсiм ресiмдеу;

ЖЗШ-дан үзiндi көшiрмелер беру;

шарттардың телнұсқаларын беру;

зейнетақыны жеке және корпоративтiк жоспарлау үлгiсiн (зейнетақы калькуляторын) пайдалана отырып, кеңес беру;

кеңес беру;

тұсаукесерлер өткiзу;

егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, I және II топтағы мүгедек алушылар бойынша зейнетақы жинақтарын аударуға немесе төлеуге арналған құжаттарды қабылдап-өткiзу;

Алдағы уақытта мамандардың барып қызмет көрсетуiне берiлетiн өтiнiмдер БЖЗҚ-ның сайты enpf.kz пен байланыс орталығы арқылы және 88000801177 телефоны бойынша қабылданатын болады.

Анықтама:

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрi акционерi болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық Қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

«Зейнетақы 5%-ға көбейедi»

25.07.2016

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарының қосымша 5%-ын белгiлеу есебiнен жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесiн (ШЖЖ) енгiзу қарастырылды. Анықтамасының өзi анықтап тұрғандай, бұл салымдарды жұмыс берушi енгiзедi, сондықтан олар азаматтардың меншiгi болмайды және мұраға қалдырылмайды.

Осыған байланысты соңғы кездерi халық арасында түсiнбеушiлiк, одан қала сенiмсiздiк орын алуда. Оның себебi де бар. Жұмыс iстейтiн азаматтардың көпшiлiгi 10% мiндеттi зейнетақы жарналары болғандықтан, ЖМЗЖ-ның не үшiн енгiзiлетiнiн бiлмей дал болуда. Олардың көпшiлiгiнде жаңа өзгерiстердiң енгiзiлуiне орай жұмыс берушiлер де жалақыны дәл сол 5%-ға азайтуы мүмкiн деген үрей бар.

Халықтың бұлай үрейленуi елiмiздегi азаматтардың қаржылық сауаттылығының әлi де болса төмен деңгейде болуына байланысты. Ақпараттың қолжетiмдiлiгiне қарамастан, елiмiзде салымшылардың инвестициялық табысын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алып отыр деп ойлайтын адамдар да кездеседi. Мұндай жаңсақ пiкiр қасақана ниеттен емес, зейнетақы мен қаржы жүйесiнiң жұмысын түсiнбегендiктен туындап отыр.

Ендi ШЖЖ енгiзу мәселесiн барынша қарапайым тiлмен түсiнiдiрiп көрейiк. Бүгiнгi таңда зейнетақы үш бөлiктен тұрады, олар — базалық, ортақ және жинақтаушы.

Базалық  — ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң (ЕТК) 52%-ы. Зейнетақының бұл бөлiгi еңбек өтiлiне қарамастан зейнеткерлердiң барлығына мемлекеттiк қазынадан төленедi.

Ортақ. Бұл зейнетақыны 1998 жылға дейiн аз дегенде жарты жыл еңбек өтiлi болған адамдар алады (оған ЖОО-да оқыған кезең де кiредi). Яғни зейнетақының бұл бөлiгiн 1979-1980 жылдары туылған азаматтар соңғы рет алатын болады. Зейнетақының бұл бөлiгi де бюджеттен берiледi.

Ендi жинақтаушы зейнетақы бөлiгiне тоқталайық. Бұл әлдеқайда жеңiл. Жинақтаушы жүйе дегенiмiз салымшының өзi аударатын жинақ бөлiгi, басқа сөзбен айтқанда 1998 жылдан бастап жалақыдан жеке зейнетақы шотына аударылып отыратын, дәулеттi кәрiлiктi қамтамасыз етуге арналған 10% зейнетақы.

Бұдан «зейнетақы бiр нәрседен болса да жиналуда, онда ШЖЖ не үшiн енгiзу керек?» — деген сұрақ туындайды.

Мұның сырын анықтау үшiн ортақ зейнетақыға оралайық. Сонау Кеңес одағы кезiнде бiр зейнеткер үшiн төрт адам жұмыс iстеген. Төрт еңбеккер тиiстi салығын төлеп отырса, бiр адам құрметтi демалысының рахатын көрiп отырған. Алайда, үкiмет құлап, дағдарыс орын алған кезде халықтың жұмыс iстейтiн бөлiгi айтарлықтай қысқарды, ал бұл мемлекет қазынасындағы түсiмге де әсерiн тигiздi. 1998 жылға қарай бiр зейнеткерге 1,8 жұмыскерден келiп отырды.

Бұған қоса, сұрапыл соғыстан кейiнгi 50-60 жылдары бала туу өте жоғары деңгейдi көрсеткен болса, 90-шы жылдары бала туу деңгейi өте төмен көрсеткiшке жеткен. Осыған орай, бүгiнгi жұмыс iстейтiн жастар (25-30 жас) зейнеткерлердi (65-75 жас) толық көлемде қамтамасыз ете алмайды, себебi жұмыс iстейтiн халық саны кеңес заманымен салыстырғанда екi есеге азайған. Бiрақ бүгiнде бiр зейнеткерге шаққанда жұмыс iстейтiн әрi зейнетақы жарналарын үздiксiз аударатын адамдар саны 90-жылдардың аяғына қарағанда бiраз болса да көбейген — 2,2. Осы деректердi және 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлiнiң барған сайын азайып келе жатқанын ескере келiп, ортақ зейнетақы бөлiгiн бiртiндеп ауыстыру қажеттiлiгiнiң туындағанын көремiз.

Қазақстан халқының белгiлi бiр бөлiгiнiң БЖЗҚ-ның үлгiлi салымшылары емес екенiн ұмытпаған жөн, олар зейнетақы аударымдарын өте сирек жасайды, не мүлде жасамайды. БЖЗҚ-дағы 10 миллион шоттың iшiндегi БЖЗҚ-ға үздiксiз жарналар аударатын салымшылар саны 6,4 миллион адамды немесе халықтың жұмыс iстейтiн бөлiгiнiң 75%-ын құрайды. Қалған белсендi, бiрақ жарна аудармайтын тұрғындар да (ал ол 3,5 миллионнан асады) зейнет жасына толғаннан кейiн «лайықты» зейнетақысын алғысы келедi.

Сондықтан жан-жақты есептеп, халықаралық тәжiрибенi игергеннен кейiн ғана заңнамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Оның iшiнде базалық зейнетақы да бар. 2018 жылдан бастап 10 жыл және одан аз өтiлi болған немесе өтiлi мүлдем болмаған жағдайда зейнетақы мөлшерi ЕТК-ның 50%-на тең болады. Ол әрбiр келесi толық жыл үшiн 2%-ға ұлғайып отырады. Яғни 20 жылдық өтiл болғанда, базалық зейнетақы 70%, 30 жыл болғанда — 90%, ал өтiл 35 жыл және одан да көп болғанда 100% ЕТК-ны құрайтын болады. Бұған қоса өтiл еңбек кiтапшасындағы жазбалармен ғана емес, БЖЗҚ-ға тұрақты аударылған зейнетақы жарналарымен де расталуы тиiс.

Зейнетақының жалпы сомасына жұмыс берушi есебiнен төленетiн жарналар да қосылуы тиiс. Жұмыс берушiнiң жаңа 5% мiндеттi зейнетақы жарналарының басты артықшылығы мынада: жұмыс берушi осы жарналарды аударатын зейнеткер (5 және одан да көп өтiлi болғанда) өзiнiң шартты зейнетақы шотындағы қаражаты таусылса да, осы құрамдауыштағы зейнетақыны өмiр бойы алатын болады. Жинақтар мұраға қалдырылмайтын болғандықтан, жүйеден кеткен (қайтыс болған/басқа жаққа кеткен) адамдардың жинақтары басқа пулға қатысушылардың шоттарына бөлiнедi.

ШЖЖ үлгiсi эксперимент үшiн жасалған жаңа үлгi емес. Бұл Швеция, Норвегия, Латвия секiлдi және т.б. батыс елдерiнде толыққанды жұмыс iстеп келе жатқан зейнетақы үлгiсi.

Зейнетақы жүйесi үздiксiз дамып отырады. Қазақстанның зейнетақы үлгiсiнде үш тараптың: мемлекеттiң, жұмыс берушi мен салымшының қатысуы және олардың мүдделi болуы көзделген. Мемлекет зейнетақының базалық деңгейiне, зейнетақы жинақтарының сақталу кепiлдiгiне және БЖЗҚ-ның қызметiне жауап бередi. Жұмыс берушiге және бәрiмiзге мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы әрi толық аудару мен қызметкердiң шартты-жинақтаушы шоттарын толықтыру жауапкершiлiгi жүктелген. Өйткенi бұл — БIЗДIҢ болашағымыз.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

«БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

04.09.2017

2017 жылғы 1 тамыздағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,27 трлн теңге болды. Жыл басынан бергi өсiм 588 млрд теңгенi (8%) құрады.

2017 жылғы 1 тамызда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,09 млн бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,62 млн бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 430,3 мың бiрлiктi, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39,83 мың бiрлiктi құрады.

2017 жылғы шiлдеде келiп түскен жарналардың жалпы сомасы 59,5 млрд теңгеге жетсе, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы 56,7 млрд теңгенi құрады.

2017 жылдың басынан берi салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 297,06 млрд теңге болды. Ағымдағы жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң табыстылығы жыл басынан берi 4,3 пайызды құрады. Осы кезеңде инфляция деңгейi 3,8 пайыз болды.

2017 жылдың басынан берi БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 134,31 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 16,13 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде БЖЗҚ-дан шамамен 106,58 млрд теңге төленген, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 10,95 млрд теңгенi құраған.

Салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (оның iшiнде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiнен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 769 мың адам зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi электрондық мекенжайына алады. Ал 3,5 миллионға жуық адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкiндiгiне ие. 2017 жылдың шiлдесiнде сайт немесе ұялы қосымшаны пайдаланушылардың қатарына шамамен 100 000 салымшы (алушы) қосылды. Олар бұл үшiн ақпарат алу тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қойған.

Бiр ай iшiнде ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 67,4 мыңға артып, барлығы 917,7 мың бiрлiктi құрады. Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл көрсеткiш 509,7 мың жүктеудi құраған болатын.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтiк сайтындағы «Керi байланыс» және «Онлайн-чат» нысаны арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзiн қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ әрбiр салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылады. Салымшылар мен алушыларға көшпелi қызмет көрсету бойынша «Мобильдiк агент» жобасы — Қор мен салымшылар арасында тиiмдi қарым-қатынас орнатудың қосымша тәсiлiне айналғандығын айта кеткен жөн. Осы жоба аясында Қазақстанның барлық өңiрiнде БЖЗҚ қызметкерлерiнен көшпелi командалар құрылған. Қор қызметкерлерi ақыл-кеңес беру үшiн салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгiзу және қызмет көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi жандарға қажеттi құжаттарды жинап Қорға жеткiзуге көмектеседi. Одан басқа БЖЗҚ мобильдi тобы таныстырылымдар өткiзу, зейнетақы заңнамасы және отандық зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерiн түсiндiру үшiн әр түрлi кәсiпорындар мен ұйымдарға барып тұрады. Барған жерлерiнде сондай-ақ зейнетақы қызметтерiнiң барлық түрiн көрсетедi. Олардың iшiнде салымшының деректемелерiн өзгерту/толықтыру туралы өтiнiштi рәсiмдеу, жаңа редакциядағы өтiнiштi ұсыну, ақпарат беру тәсiлi туралы келiсiм жасау және ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме беру секiлдi қызметтер бар. Жыл басынан берi мобильдiк агенттер 4 мыңнан астам рет көшпелi шара өткiзiп, осы шаралар барысында 113,2 мыңнан астам операция жасаған. Қор қызметкерлерi мүмкiндiгi шектеулi 7 120 адамға қызмет көрсете отырып, оларға төлемдер мен аударымдарды рәсiмдеу, зейнетақы шотының жай-күйi туралы үзiндi-көшiрме беру, деректемелердi және ақпарат беру тәсiлiн өзгерту бойынша 19,5 мың қызмет көрсеткен.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

26.05.2017

2017 жылғы 1 мамырдағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

2017 жылдың 4 айы iшiнде зейнетақы жинақтарының таза инвестициялық табысы 92,2 млрд теңгенi құрады.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,93 трлн. теңге болды және өткен жылмен салыстырғанда (2017 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,69 трлн теңге болған) 240 млрд теңгеге өстi.

2017 жылғы 1 мамырда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,05 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,58 млн. бiрлiк болды.

2017 жылғы 1 мамырда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 428 мың бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 39 мың бiрлiк болды. Ал ағымдағы жылдың 1 қаңтарында бұл көрсеткiштер сәйкесiнше 420 мың және 39 мың бiрлiктi құраған болатын.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес

зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлген.

2017 жылдың 4 айы iшiнде түсiмдердiң жалпы сомасы 240 млрд теңгенi құрады. Осы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 91,3 млрд теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,03 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылдың осы кезеңiнде түсiмдердiң жалпы сомасы 219,7 млрд теңге, ал төлемдер 73,23 млрд теңге болған едi.

2017 жылдан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi артып жатыр.

Егер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерi шамамен 844 мың теңгенi құраса, 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап оның мөлшерi 937 мың теңгенi құрайды, яғни 11 пайызға өсiп отыр.

Салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (оның iшiнде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiнен, сондай-ақ пошта байланысы, электрондық пошта, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2017 жылдың 4 айы iшiнде БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықтарында 1,9 млн. операция, оның iшiнде МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ бойынша ЖЗШ ашу үшiн шамамен 107 мың шарт жасалды, 300 мыңнан астам үзiндi-көшiрме берiлдi және басқа да операциялар жүзеге асырылды.

Соңғы уақытта адамдар ұтқырлығы, ыңғайлығы және уақытты үнемдеуге мүмкiндiк беретiндiгiнiң арқасында көбiнесе зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдап жатыр. Мысалы, 3,4 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған. 193 мыңға жуық адам өздерiнiң электрондық мекенжайына үзiндi-көшiрмелер алады, ал 3,2 миллион адам бұл үшiн Қордың ресми сайтын немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдаланады.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 743,6 мың болды. Осылайша, жыл басынан берi жүктеп алу саны 234 мыңға дерлiк көбейдi немесе 46 пайызға артты.

Одан басқа, 2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi арқылы электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 395 мың үзiндi-көшiрме берiлген. Салыстыратын болса, осы портал арқылы ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша 352 мың үзiндi-көшiрме берiлген едi.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, сондай-ақ қашықтықтан: Қордың корпоративтiк сайтындағы «Керi байланыс» нысаны, «онлайн-чат», «Төрайымның Блогы» және «Қоғамдық қабылдау» арқылы құпия ақпараттан басқа барлық өзiн қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

10.05.2017

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2016 жылғы және 2017 жылдың 1 ширегiндегi қызметiнiң қорытындылары

Алматы, Қазақстан — БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзiндiк активтерi бойынша қаржылық есептiлiгiне сыртқы аудит жүргiзiлдi. Тәуелсiз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептiлiк қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтерi бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептiлiк стандартына сәйкестiктi расталған. Бұл зейнетақы актвитерiнiң сақталуын, олардың есебiнiң дұрыстығын, зейнетақы активтерi инвестицияланған қаржылық құралдардың әдiл құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейдi.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн теңге болса, оның 20,2%-ын (1,35 трлн теңге) инвестициялық табыс құрады. Алдын ала мәлiметтер бойынша, БЖЗҚ-нда шоғырланған зейнетақы активтерi сомасының 2016 жылғы ҚР ЖIӨ сомасына қатынасы 15,1% құрайды.

2016 жылғы 1 қаңтар — 31 желтоқсан аралығында барлығы 399 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылды, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 354 813 бiрлiк, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен 37 778 бiрлiк және ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен 6 473 бiрлiк. Осылайша, шарттардың барлық түрi бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-тарының саны 10,04 млн бiрлiктi құраса, оның iшiнде МЗЖ есебiнен — 9,58 млн бiрлiк. Салымшылардың МКЗЖ бойынша ЖЗШ-тары саны 420 мың бiрлiктi құраса, ЕЗЖ бойынша олардың саны 39 мың бiрлiктi құрайды.

2016 жылы БЖЗҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 169,69 млрд теңге болса, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны — 22,69 млрд теңге. Салыстыру үшiн келтiрер болсақ, 2015 жылы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерi мен аударымдарының сомасы 141,12 млрд тенге болса, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны — 24,23 млрд тенге болған.

Аудиттен өткен қаржылық есептiлiкке сәйкес, «БЖЗҚ» АҚ өзiндiк капиталы 76,3 млрд теңгенi құрады және есептiк жылда 20,0 млрд теңгеге артқан. Бұл есептiк кезеңдегi бөлiнбеген пайданың артуына байланысты орын алған. Есептiк жылдағы салық салынғаннан кейiнгi таза пайда 21 млрд теңгенi құрады (2015 жыл қорытындысы бойынша «БЖЗҚ» АҚ пайдасы 27,6 млрд теңгенi құрады).

2017 жылғы 1 ширекте зейнетақы активтерi 153,6 млрд теңгеге өсiп, 2017 жылғы 1 сәуiрде 6,84 трлн теңгенi құрады. Барлық зейнетақы жинақтарының негiзгi үлесi — шамамен 98%-ы мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан. Есептiк ширек кезеңде 87,4 мың ЖЗШ ашылды.

2017 жылғы алғашқы үш айда таза инвестициялық табыстың сомасы 51,45 млрд теңгенi құрады.

2017 жылғы қаңтар-наурызда БЖЗҚ төлемдерiнiң сомасы 77,35 млрд теңгеге тең болды, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 6,04 млрд теңге.

2016 жылы ақпаратты автоматтандырылған қорғау бойынша жұмыстар күшейтiлдi. Қор Қазақстанда алғашқылардың бiрi болып Қордың есептiк мәлiметтер базасында сақталатын конфиденциалды ақпараттың шығып кетуiн болдырмауға арналған КриптоБД мәлiметтер базасын шифрлеу жүйесiн енгiздi. «Эрнст энд Янг — кеңес беру қызметтерi» ЖШС тәуелсiз халықаралық ұйымы жүргiзген техникалық аудит қауiпсiздiк жүйесiнiң халықаралық стандарттарға сәйкес келетiнiн растады. Британиялық стандарттар институтының (BSI) аудитiмен расталған «Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына жарналар аудару және табыстарды бөлу үдерiсi» әрекетi саласы бойынша ISO/IEC 27001:2013 халықаралық стандарты бойынша сертификаттау жүргiзiлдi.

2016 жылы БЖЗҚ корпоративтiк сайтында немесе ENPF ұялы қосымшасы арқылы салымшының жеке кабинетiне тек логин мен пароль арқылы ғана емес, сондай-ақ, электрондық-цифрлық қолтаңбаны да қолданып енуiне мүмкiндiк ашылды. Бұл жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты алуды айтарлықтай жеңiлдетедi. Сондай-ақ, Қордың байланыс орталығына 1418 қысқа номерi арқылы хабарласу мүмкiндiгi пайда болып, салымшылардың зейнетақы жүйесi туралы кез-келген мәселе бойынша кеңес алуын жеңiлдеттi. Бұдан бөлек, автоматты режимде жауаптар алуға болатын жиi қойылатын сұрақтарды қамтитын IVR-мәзiрi арқасында байланыс орталығының қызметтерi тәулiгiне 24 сағат қолжетiмдi болды. 2016 жылы зейнетақы жинақтарын алушыларға олардың зейнетақы төлемдерiнiң статусы туралы СМС-хабарламалар келе бастады.

Сонымен қатар, халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын қолдау үшiн, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға ақпараттық-кеңес беру көмегiн көрсету үшiн «Мобильдiк кеңсе» қызметi жетiлдiрiлдi. Тек 2016 жылы Қор филиалдары қызметкерлерi 15 673 алушымен байланыс орнатып, 2017 жылғы 1 ширек кезеңде Қор филиалдары 4 047 салымшыға (алушыға) қызмет көрсеттi.

2017 жылы Қор алдына жаңа мiндеттер қойылды. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Нұрбүбi Наурызбаева атап өткендей, БЖЗҚ жұмысының басты қағидалары Қор салымшылары мен зейнетақы төлемдерiн алушылардың көзқарастарын қорғау мен қамқор болу, қызмет ашықтығын арттыру және iшкi бақылау жүйесiн күшейту болып табылады.

2017 жылғы бiрiншi ширекте Қордың iшкi үдерiстерiн қайта қарау бойынша ауқымды жұмыс жүргiзiлiп, iшкi бақылау мен тәуекелдердi басқару үдерiстерi күшейтiлдi, Қордың барлық филиалдарында iшкi аудиторлар енгiзiлдi. Шығындарды қысқартып, қызмет тиiмдiлiгi мен көрсетiлетiн қызмет сапасын арттыру мақсатында Қордың құрылымы оңтайландырылды: тиiмсiз және бiр-бiрiн қайталайтын бизнес-үдерiстер алынып тасталды.

Қор қызметiнiң ашықтығын арттыру және халықпен өзара қызметтi жақсарту үшiн 2017 жылғы бiрiншi ширекте БЖЗҚ жанында Қоғамдық кеңес қалыптасып, жетекшi қаржыгерлер, журналистер, қоғамдық ұйымдар өкiлдерi, блогерлер мен қатардағы салымшылар (алушылар) оның мүшелерi болды. БЖЗҚ ресми сайтында ақпарат алудың қосымша арналары ашылып, кез-келген адамға өзiне қажеттi ақпаратты жекелей және топ iшiнде алуына мүмкiндiк беретiн «Басқарма Төрайымының блогi» және «Қоғамдық қабылдау» енгiзiлдi.

Бұдан бөлек, 2017 жылғы үш айда әлеуметтiк, зейнетақы және медициналық қамсыздандыру мәселелерi бойынша БЖЗҚ кәсiпорындар мен ұйымдарда 317 презентация өткiзiп, оларға 11 мыңнан астам адам қатысты.

2017 жылғы 31 наурызда БЖЗҚ тағы бiр бастаманы қолға алып, Ашық есiк күнiн өткiздi. 1,5 мыңнан астам адам қатысқан мұндай бiрiншi шара Қордың барлық филиалдарында 31 наурыз күнi өттi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есiк күнiн ширек жыл сайын өткiзудi жоспарлап отыр.

Айта кету керек, ақпарат алудың электрондық тәсiлiн қолданушылар саны жыл басынан берi 400 мың адамға артты. 2017 жылғы 1 сәуiрде 3,2 миллионнан астам адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде ақпараттанудың электрондық тәсiлiн таңдаған. Осылайша, 196 мыңға жуық адам электрондық мекен-жайына үзiндi-көшiрме алып, 3 миллионға жуық адам сайт және түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымша арқылы ақпарат алу мүмкiндiгiне ие.

Көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгi мен қолайлылығын арттыру үшiн 2017 жылғы 1 шiлдеге дейiн жаңа электрондық қызметтер енгiзiледi: зейнетақы жарналары есебi бойынша жеке зейнетақы шоттарын ашу және БЖЗҚ сайтында жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру. Бұл өтiнiштiң орындалу статусы туралы алушы СМС-хабарлама алу арқылы хабарланады. Ағымдағы жыл соңына дейiн аталған қызметтердi электрондық үкiмет порталы арқылы енгiзу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «Электрондық БЖЗҚ» жобасының аясында өз-өзiне қызмет көрсету терминалдары мен VTM-терминалдарын пайдалануға беру жоспарланған. VTM-терминалдар — салымшының Қор қызметкерлерiмен интерактивтi тiлдесу жүйесi болып табылады. Олар салымшыға түрлi ақпарат алуға, сондай-ақ, Қор қызметкерiнiң қашықтықтан көрсетiлетiн қызметi (қашықтықтан басқару операциялық орталығы) арқылы ЖЗШ ашуға өтiнiш беру, шоттың жай-күйiн бiлу, төлем алуға өтiнiш беру қызметтерiн қолдануына мүмкiндiк беретiн экраны бар аппараттан тұрады. БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтарында тәжiрибелiк пайдаланудан кейiн, салымшылар мен алушылар БЖЗҚ қызметтерiн оның кеңселерiнен тыс жерлерде қолдана алуы үшiн оларды қоғамдық орындарда — банктер, сауда үйлерiнде орналастыру жоспарлануда.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

01.03.2017

2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.

2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,58 млн. бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бiрлiк болды.

2017 жылғы қаңтарда түсiмдердiң жалпы сомасы 61,2 млрд. теңге болды. Әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 0,4 млрд. теңге болды.

2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 10,79 млрд. теңге болды.

2017 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 43,14 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2,09 млрд. теңге болды.

Салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (оның iшiнде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

3 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған. Мәселен, 202 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзiндi көшiрмелер алады, ал 2,8 миллион адам сайт немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады. 2017 жылғы қаңтарда соңғылардың қатарына хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қойған 134 110 салымшы (алушы) қосылды.

Ұялы қосымшаны жүктеп алу саны бiр ай iшiнде 65,4 мыңға дерлiк көбейiп, жүктеу саны 575,1 мың болды. 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткiштiң 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.

2017 жылғы 1 ақпанда «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 367 мың үзiндi көшiрме берiлген.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, «керi байланыс» нысаны және Қордың корпоративтiк сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзiн қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

БЖЗҚ әрбiр салымшының (алушысының) қамын ойлап, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын жақсартуға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсiлдерiнiң бiрi — салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететiн «Мобильдiк кеңсе» жобасы. Осы жобаның аясында барлық өңiрде БЖЗҚ мамандарынан өздерi барып қызмет көрсететiн топтар құрылды. Қор қызметкерлерi салымшы (алушы) үшiн ыңғайлы кеңес беру уақытын және орнын белгiлейдi, мүмкiндiгi шектеулi жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгiзу және Қор филиалдарының қызметкерлермен жұмыс бөлiмi қызметкерлерiнiң оларға қызмет көрсетуi үшiн қажеттi құжаттар топтамасын жинап, Қорға жеткiзуге көмектеседi.

2017 жылғы қаңтарда Қор қызметкерлерi төлемдер алуға құқылы, бiрақ БЖЗҚ-ға келiп өтiнiш жасамаған I, II топтардағы мүгедек (мүгедектiгi мерзiмсiз белгiленген) 1 554 алушымен байланысқа шықты. Олар бойынша 3 248 операция жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мобильдiк агент жиынтығын (ноутбук, модем, МФУ) пайдалана отырып, барып қызмет көрсету бойынша 466 iс-шара қолға алынып, 13 089 операция жасалды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

02.02.2017

2017 жылғы 1 қаңтардағы БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн. теңгенi құрады.

2017 жылғы 1 қаңтарда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен 9,58 млн. бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 420 мың бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 мың бiрлiк болды. Зейнетақы жинақтарының негiзгi үлесi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтардан тұрады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарымен бiрге ЖЗШ-ның жалпы саны бойынша бiрiншi орында Алматы (1 680 135 ЖЗШ), екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы (956 737 ЖЗШ), үшiншi орында Қарағанды облысы (823 897 ЖЗШ) тұр.

Зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 2016 жылғы 12 ай iшiнде 7,95% болды. Зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiктiң қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiн инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенiн айта кету керек.

Инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат пен инвестициялық қызметке шолу Қордың http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/dbb/dbbb912ab96bd9190aaa36a88d5f4df9.pdf

ресми сайтында жүйелi түрде орналастырылып тұрады.

2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы — 169,69 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымына аударымдар — 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиiсiнше 24,23 млрд. теңге болды.

Бүгiнгi күнi салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, БЖЗҚ сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,8 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдады. Мәселен, 206 мыңға жуық адам үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,6 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Бiр жыл iшiнде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 398 мыңға жуық көбейiп, 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеп алу саны 509,7 мың болды.

2015 жылдың ақпан айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табыс ескерiлген) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi iске қосылған сәттен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзiндi көшiрме берiлген.

БЖЗҚ мiндеттерiнiң бiрi — қор салымшылары мен алушылары үшiн сапалы кеңес беру қызметтерiн көрсету және ақпараттық арналарды дамыту. Мәселен 2016 жылы түрлi байланыс арналары арқылы Қорға азаматтардан 169 159 өтiнiш келiп түстi, оның iшiнде: 113 111 қоңырау Байланыс орталығы арқылы келiп түстi, 6 877 өтiнiш керi байланыс нысаны арқылы және 28 455 өтiнiш Қор сайтындағы онлайн чат арқылы, 1 277 өтiнiш әлеуметтiк желiлер арқылы келiп түстi, 10 765 және 8 674 өтiнiш «пiкiрлер мен ұсыныстар кiтабында» қалдырылып, тиiсiнше қағаз жеткiзгiшпен келiп түстi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

28.12.2016

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгенi құрады. 2016 жылдың басынан берi зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейдi (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгенi құраған).

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша табыстылық ұқсас кезең үшiн 7,5% құнсыздану деңгейiнде 8,15% құрады.

2016 жылдың басынан бергi салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгенi құрады.

2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсiмдердiң жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгенi құрады. Әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд. теңгенi құрады.

2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы — 156,1 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 19,8 млрд. теңге.

2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн. бiрлiктi, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен 9,62 млн. бiрлiктi құрады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады.

Бүгiнде салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,77 миллионнан аса адам хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдады. 208 мыңға жуық адам үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,57 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Ұялы қосымша шыққан сәттен бастап оны жүктеу саны 461,3 мыңға жеттi. Оның iшiнде қолданушылар Android платформасындағы қосымшаны 377,4 мың рет жүктеп алған, iOS — 77,3 мың, Windows Phone — 6,6 мың.

2015 жылдың ақпан айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметiн iске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 желтоқсанда электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сынан 346 мың үзiндi көшiрме берiлген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттiк топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

29.11.2016

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейдi.

2016 жылы 10 ай iшiнде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда. 2016 жылы 10 ай iшiнде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-ына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.

2016 жылғы 1 қаңтар — 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша кiрiстiлiк 6,2% құнсыздану кезiнде 7,7% болды.

БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 2016 жылы 10 айы бойы 142,6 млрд. теңгенi, оның iшiнде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгенi құрады.

Шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен 9,62 млн. бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.

Бүгiнде салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсететiн 232 орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,6 млн. астам адам электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған. 212 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзiндi көшiрме алады, ал 2,4 млн. адам сайт немесе түрлi операциялық жүйелерде қызмет ететiн смартфондар мен планшеттер үшiн «ENPF» ұялы қосымшасынан ақпарат алу мүмкiндiгiне ие болды. Ұялы қосымша шыққан кезден бастап оны жүктеу 408 мыңға жеттi. Оның iшiнде Android платформасындағы қосымша 331,8 мың рет, iOS — 70 мың рет, Windows Phone — 6,2 мың рет жүктелген.

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкiмет арқылы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (инвестициялық табыс ескерiлген) ақпарат беру» қызметi қолданысқа енгiзiлген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзiндi көшiрме берiлдi. Салыстыру үшiн портал арқылы жыл басында 125 мың үзiндi көшiрме берiлген болатын.

«БЖЗҚ» АҚ» 2013 тамызда 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрi акционерi болып табылады. «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттiк акциялар пакетi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiкпен басқаруында тұр. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық Қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн жүргiзудi, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

26.10.2016

2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi

БЖЗҚ-ның әрбiр 4-шi салымшысы зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты алу тәсiлi ретiнде хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдады.

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,5 трлн. теңгенi құрады. 2016 жылдың басынан берi зейнетақы жинақтары 668 млрд.теңгеге немесе 11,5% артты.

2016 жылдың 9 айында түскен зейнетақы жарналарының сомасы 510 млрд. теңгенi құрады. Бұл ретте, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару жүзеге асырылуда. Осылайша, 2016 жылдың тоғыз айында мұндай қайтарулардың жалпы сомасы 145,7 млрд.теңгенi құрады.

2016 жылдың тоғыз айында салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 432,57 млрд. теңге.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қыркүйек аралығында БЖЗҚ зейнетақы активтерi бойынша табыстылық құнсызданудың 5,6% деңгейiнде 7,3% құрады.

«БЖЗҚ» АҚ сайтына (www.enpf.kz) жүйелi түрде инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат орналастырылады және инвестициялық қызметке шолу жасалады.

2016 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы — 130,45 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 14,61 млрд. теңге.

Барлық шарттардың түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 10,11 млн.бiрлiктi, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен 9,66 млн. бiрлiктi құрады. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 411 мың, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 мыңды құрады.

Бүгiнде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбiр 4-шi салымшы зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдаған. Осылайша 214 мыңға жуық адам үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкiндiгi бар. Жыл басынан берi ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жеттi. Оның iшiнде Android платформасындағы қосымшаны 289,6 мың рет жүктеп алған, iOS — 62,2 мың, Windows Phone — 6,1 мың.

2015 жылдың ақпан айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметiн iске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 қазанға дейiн электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 330 мың үзiндi көшiрме берiлген. Салыстырып көрiңiз, жыл басында портал арқылы 125 мың үзiндi көшiрме берiлдi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

26.09.2016

«2016 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi»

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,41 трлн. теңгенi құрады. Шарттардың барлық түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны шамамен 10,10 млн. бiрлiктi құрады, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны шамамен 9,65 млн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны — 408 100 бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 38 949 бiрлiк.

Ағымдағы жылдың 1 тамыздағы жағдайы бойынша шарттардың барлық түрi бойынша ЖЗШ саны 10,15 млн. бiрлiктен асқанын естерiңiзге салайық. Техникалық шоттарды өңдеу бойынша бағдарламаның орындалу есебiнен бiр айда шарттар саны 50 мың бiрлiкке азайды. Басқаша айтқанда, 1998 жылдан 2003 жылға дейiн жинақтаушы зейнетақы жүйесi iске қосылғанда автоматты түрде ашылған шарттарсыз шоттар саны қысқарды. БЖЗҚ құрылған сәттен бастап қазiргi уақытқа дейiн техникалық шоттар санын қысқарту — Қор алдында тұрған стратегиялық мiндеттердiң бiрi. Қазiр мұндай шоттар шамамен 498,6 мың бiрлiк, барлық активтердi БЖЗҚ-ға бiрiктiрген уақытта олардың саны 700 мыңнан көп болды. Салымшылардың техникалық шоттары болса, Қор тұрақты түрде олардың дұрыс деректемелерi көрсетiлген шоттарындағы зейнетақы жинақтарын бiрiктiру бойынша iс-шараларды өткiзедi.

2016 жылғы 1 қыркүйектегi жағдай бойынша таза инвестициялық табыс сомасы 393,26 млрд. теңгенi құрады. БЖЗҚ салымшыларының жыл басынан бергi зейнетақы активтерi бойынша табыстылығы 6,6%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегi құнсыздану деңгейiнен (5,4%) 1,2%-ға жоғары.

Жыл басынан берi БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдерi мен аударымдары 118,54 млрд. теңге мөлшерiндегi соманы құрады, бұған 12,51 млрд. теңге мөлшерiндегi сақтандыру ұйымдарына аударымдар кiрдi.

Әрбiр салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы БЖЗҚ-ның 233 дербес қызмет көрсету орталықтарының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiнен немесе ұялы қосымша арқылы бiле алады. Шамамен 2,4 миллионға жуық адам хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдаған, оның 2,2 миллионы зейнетақы шотын Қордың корпоративтiк сайты немесе әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылай алады. 2016 жылғы 1 қыркүйекте ұялы қосымшаларды жүктеу саны 311,8 мыңға жеттi.

2015 жылдың ақпан айында «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметiн iске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейiн электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 323 мыңнан астам үзiндi көшiрме берiлген.

Салымшылар (алушылар) барлық қызықтыратын мәселелер бойынша БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, қашықтан: телефон, әлеуметтiк желiлер, «керi байланыс» нысаны және Қордың корпоративтiк сайтындағы онлайн чат арқылы кеңес ала алады. Осы арналар бойынша Қорға жыл басынан берi барлығы 90 037 өтiнiш келiп түстi, байланыс орталығына қоңырау шалу 86,5% болды. БЖЗҚ қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында салымшылар (алушылар) үшiн байланыс орталығына 1418 қысқа нөмiрi арқылы қоңырау шалу қызметiн қолданысқа енгiзгенiн естерiңiзге сала кетейiк. Осы нөмiрге ҚР кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмiрiнен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу тегiн әрi қолжетiмдi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

02.09.2016

«2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткiштерi»

Алматы, Қазақстан — 2016 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы шамамен 6,35 трлн. теңгенi құрады. Шарттардың барлық түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,15 млн. бiрлiктен асты, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны шамамен 9,7 млн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны — 405 713 бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39 075 бiрлiк.

Таза инвестициялық табыс сомасы — 378,82 млрд. теңге, бұл өткен жылғы ұқсас кезеңдегiден (156,63 млрд. теңге) 222,19 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтерi бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы шiлде — 2016 жылғы шiлде) 17,7% деңгейiндегi құнсызданудан асып, 19,1%-ды құрады. 2016 жыл басынан бергi табыстылық 6,4%-ды құрады, бұл ұқсас кезеңдегi құнсыздану деңгейiнен (5,2%) 1,2%-ға жоғары.

Жыл басынан берi БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдерi мен аударымдары 106,58 млрд. теңге мөлшерiндегi соманы құрады, бұған 10,95 млрд. теңге мөлшерiндегi сақтандыру ұйымдарына аударымдар кiрдi.

Әрбiр салымшы (алушы) кез келген күнге өз ЖЗШ-ындағы жинақтары туралы 236 БЖЗҚ бөлiмшесiнiң бiрiнен немесе Қор сайты арқылы «Интернет-үзiндi көшiрме» бөлiмiнен бiле алады. Сондай-ақ салымшыларда (алушыларда) өз зейнетақы шотын түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылау мүмкiндiгi бар. 2016 жылғы 1 тамызда ұялы қосымша жүктеп алуының жалпы саны 267,6 мыңға жеттi. Көшбасшы — Android, осы платформадағы қосымша 215,6 мың рет жүктеп алынған, бұл барлық жүктеудiң 80,6%-ын құрайды. Екiншi орында iOS: iPhone және iPad үшiн қосымшаны 47,1 мың рет жүктеп алған, үшiншi орында Windows Phone — 4,9 мың жүктеп алу.

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметi iске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 тамызға дейiн электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 315 мыңнан астам үзiндi көшiрме берiлген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

25.08.2016

«2016 жылғы 1 шiлдедегi БЖЗҚ қызметiнiң қорытындысы»

2016 жылдың бiрiншi жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы — 267, 21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда инвестициялық табыс екi есеге дерлiк артты. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы бұл көрсеткiштiң 141,41 млрд. теңге болғанын еске сала кетейiк.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша шарттардың барлық түрi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) — 10,15 млн. бiрлiк, олардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны — шамамен 9,7 млн. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша шарттар — 403 362 бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шарттар — 39 071 бiрлiк. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асты. Барлық зейнетақы жинақтарының 98,6% басым бөлiгiн мiндеттi зейнетақы жарналарының есебiнен жинақтар құрап отыр.

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша шарттардың барлық түрi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) — 352,5 мың. бiрлiк, олардың мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен жасалғаны — шамамен 344,7 мың. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша шарттар — 6 283 бiрлiк (Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша 132 мекеме), ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шарттар — 1 454 бiрлiк. Мiндеттi зейнетақы жарналар шарты бойынша зейнетақы жинағының сомасы — 162 млрд.теңге, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша — 993 млн. теңге.

Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны бойынша бiрiншi орында Алматы (1 775 256 ЖЗШ), екiншi орында Оңтүстiк Қазақстан облысы (1 026 266 ЖШС), үшiншi орында Қарағанды облысы (815 402 ЖЗШ). Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы бойынша да Алматы (1,2 трлн. теңге) көш бастап тұр, одан кейiн Астана (593,4 млрд. теңге), ал үшiншi орында Қарағанды облысы (546, 2 млрд. теңге).

2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң сомасы — 96,60 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 10,08 млрд. теңге.

Бүгiнде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Қордың 236 бөлiмшесiнiң бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады. 2,2 миллионға жуық адам хабарлаудың электрондық тәсiлiн таңдаған, оның 1,9 миллионы зейнетақы шотын Қор сайты немесе Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы бақылай алады. Жарты жыл iшiнде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 128 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша жүктеп алу 241,5 мыңға жеттi.

Электрондық үкiмет порталы арқылы «бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерiлген) беру» қызметi iске қосылған 2015 жылдың ақпан айынан бастап 2016 жылғы 1 шiлдеге дейiн салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 309 мың үзiндi көшiрме берiлген. Салыстырып көрiңiз, портал арқылы берiлген үзiндi көшiрме жыл басында 125 мың болған.

Электрондық хабарлау танымалдылығының бұлай артуы келешекте ол бiртiндеп хабарлаудың дәстүрлi тәсiлдерiнiң орнын басады деп топшылауға мүмкiндiк берiп отыр. Сондықтан Қор электрондық қызметтердiң мүмкiндiктерiн жетiлдiру үшiн үнемi жұмыс жасауда.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. «БЖЗҚ» АҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiк басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

13.12.2017 14:51

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Байланыс, ақпараты

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қ.
Парковая, 57 в, 226 каб
индекс: 150008
телефон: +7 7152 46-90-14
веб-сайты: ueikh.sko.gov.kz
e-mail: energetika@sko.kz
сенім телефоны: +7 7152 53-41-95

Яндекс.Метрика