Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Кері байланыс || Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақ: Кәсіпорынға жетіспей тұрған өндірістік инфрақұрылымды «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде салуға қалай болады?

Жауап: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі Қаулысына сәйкес жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:

  1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге (СҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы) жүгінеді.
  2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.
  3. ӨҮК Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкестігі мәніне өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
  4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Нақтырау ақпаратты басқарманың www.ueikh.sko.kz сайтында «Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру» бөлімінің «Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы» бөлімшесінде алуға болуда, сонымен бірге www.dkb2020.kz сайтында.


Сұрақ: 2012 жылда ТКШ жаңғырту бағдарламасына өзгерістер енгізген болған, енді үйлерді жөндеу қаржыландыру тетігі қалай асырылады?

Жауап: 2013 жылдан бастап кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу мынадай тетiктер бойынша жүргiзiледi.

Республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына нысаналы трансферттер бөлiнедi, олар мемлекеттiң қатысуымен мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға жұмсалатын болады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйымдарды капиталдандыруға арналған бюджеттiк өтiнiмдi қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысын қоса бере отырып, қаржы-экономикалық негiздеменiң (ҚЭН) және кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн техникалық тексеру актiлерiнiң негiзiнде жүргiзiледi.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары қажет болған жағдайда көрсетiлген тетiктi iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттiң қаражатын пайдаланады.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы, үй-жай (пәтер) иелерi мен бас мердiгер болып табылатын мамандандырылған уәкiлеттi ұйым арасында кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге шарт жасалады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгер ұйымды таңдаған кезде конкурстық комиссияның құрамына кондоминиумның жөнделетiн объектiлерiнiң үй-жай (пәтер) иелерiнiң өкiлдерiн қосады.

Мамандандырылған уәкiлеттi ұйым қосалқы мердiгерлердi тарту мүмкiндiгiмен ортақ мүлiктi жөндеудiң әрқилы түрлерiн жүргiзедi.

Кондоминиум объектiсiн басқару органы үй-жай (пәтер) иелерi бастапқы жарна жинақтауы үшiн кондоминиумның әрбiр объектiсiне екiншi деңгейдегi банкте жинақ шотын ашады.

Осы қаражатты кондоминиум объектiсiн басқару органы бастапқы жарна енгiзуге және мамандандырылған уәкiлеттi ұйым орындаған жөндеу жұмыстарына ақы төлеуге пайдаланады.

Шартта белгiленген мерзiм iшiнде үй-жай (пәтер) иелерi екiншi деңгейдегi банктердегi жинақ шотына ай сайынғы жарналарды жүргiзедi.

Күнкөрiсi төмен отбасылар (азаматтар) үшiн үй-жайдың (пәтердiң) пайдалы алаңының 1 шаршы метрi үшiн орындалған жұмыс төлемiнiң мөлшерi ай сайын АЕК-тiң 5 %-ынан артық болмауға тиiс.

Төлемнiң осы мөлшерiн негiзге ала отырып, үй-жай (пәтер) иелерiнiң шартты орындау мерзiмi белгiленедi.

Үй-жай (пәтер) иелерi жинаған бастапқы жарнаның мөлшерi мынадай тәртiппен белгiленедi:

  • 2013 жылдан бастап — 3 %;
  • 2014 жылдан бастап — 5 %;
  • 2015 жылдан бастап — кемiнде 7 %.

Бастапқы жарнаға ақшалай қаражаттан басқа кондоминиум объектiлерiн тiркеуге, техникалық аудит жүргiзуге және ақау ведомосiн әзiрлеуге, жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзiрлеу мен мемлекеттiк сараптама жүргiзуге арналған шығындар, сондай-ақ кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн жөндеуге байланысты өзге де шығындар жатады.

Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкiлеттi ұйым басқа кондоминиум объектiлерiн жөндеуге пайдаланады.

Перспективада мамандандырылған уәкiлеттi ұйымның рөлiн кәсiпкерлiк құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды — мамандандырылған қаржы институттары (агенттiктер) және екiншi деңгейдегi банктер алады.

Сіз бағдарламаның толық ақпараты «Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру» тарауының «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы» бөлігінде тауып және көшірмесін алуға болады


Сұрақ: ТҮКШ жаңғырту жаңа бағдарламасы қабылданды, ол көп қабатты үйлерді жөндеуге кредиттарды беру қарасырады. Осы жұмыстарды қаржыландыру механизмдары қалай іске асырады?

Жауап: Тұрғындар және ПИК-тер қолданылатын шаралар КТҮ-нің нормативтік пайдаланылатын қамтамасыз ете алмайды. Ортақ үй мүліктерін жөндеу мәселесі неғұрылым өткір тұр, олар: шатыр, іргетасы, қасбеті, лифтілер және инженерлік жүйе.

Ел басы тапсырмасын орындау үшін Үкімет ортақ үй мүліктерін жөндеу және қалпына келтіруге қаржы жинақтау мен бірлесіп қаржыландыруды ынталандыру тетіктерін жасады және оны іске қосып отыр. Ортақ үй мүлікін жөндеу екі тетік бойынша жүргізіледі, оның бірінші тетігі бойынша облысқа республикалық бюджеттен 120 миллион теңге қаржы бөлінсе, екіншісінде 400 миллион теңге бағыталады.

Бірінші тетікте облыстағы қаржыландыру көзінің оператор қызметін «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ (одан әрі - ӘКК) қамтамасыз ететін болады. ӘКК мердігерге жұмыс құнын төлейді де, соңғысы өз кезегінде үй жөндеуі бойынша барлық жұмыс көлемін атқарады. Шартта көрсетілген мерзімде пәтер иелері ай сайынғы жарналарын жинақ шотында өткізеді. Жинақталған қаржы жинақ шотынан атқарылған жұмыс төлемі ретінде ӘКК-ге аударылды. Тұрғындар қайтарған қаржыны ӘКК басқа үйлердің жөндеу жұмыстарына пайдаланады. Болашақта ӘКК рөлін тұғырнамасын бүгінде Бүкіләлемдік банк жасап жатқан екінші деңгейлі банктер, халықаралық қаржы институттары мен ТКШ-ны жаңғырту қоры өзіне алады.

Екінші тетігі бойынша республикалық бюджеттен облыс әкімдігіне 7 жылға 0,1 % жылдық сыйақымен қарыз бөлінеді. Облыс әкімдігі оны арнайы уәкілетті ұйым – «Тұрғын үй – пайдалану қызметі» МКК-ін (одан әрі – МКК) құрған Петропавл қаласы әкімдігіне береді. Бұл кәсіпорын бізде жұмысына кірісіп кетті. Тапсырыс беруші болып табылатын пәтер иелері кооперативтері (бұдан әрі – ПИК) мен МКК арасында шарт жасалады. Пәтер иелері жалпы жиналысының келісімі бойынша МКК жөндеу жұмыстарын орындау үшін қосалқы мердігерлерді таңдайды. МКК өз күшімен және қосалқы мердігерлерді тарта отырып, шартта белгіленген мерзім ішінде ортақ мүлік ортақ мүліктің әртүрлі жөндеу жұмыстарын жүргізеді, пәтер иелері ай сайынға жарналарын жинақ шотына салады.Жинақталған қаржы жинақ шотынан күні бұрын атқарылған жұмыстар төлемі ретінде МКК-ға аударылады. Тұрғындар қайтарған қаржыны МКК басқа үйлердің жөндеу жұмыстарына пайдаланады. Болашақта МКК рөлін кәсіпкерлік құрылымдар өздеріне алатын болады.

Ағымдағы жылы осы тетіктер пәтер иелерінің бастапқы жарнасынсыз жүзеге асырылады. 2012 жылдан бастап жалпы жөндеу құнының 15 пайызы көлеміндегі бастапқы жарна міндеттелетін болады. Тұрғын үйлерді жөндеу тетіктерін жүзеге асыруда аз қамтамасыз етілген азаматтарды атаулы қолдау қарастырылған. Оларға кондоминиум нысанының ортақ мүлкін жөндеу шығындарының төлемін төлеу және пәтер иелерінің жинағына жарна енгізу үшін тұрғын үй көмегі көрсетілетін болады.

Ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізудедің шарттарының бірі көпқабатты тұрғын үйлердің жылу-техникалық жағдайын жақсарту болып табылады. Петропавл қаласында тұрғын үй секторы Петропавл 2-ЖЭО сатылатын жылу қуатының 63 пайызын тұтынады, бұл ретте сараптамалық бағалау бойынша үйлердегі өндірістік емес шығын 40 пайызға жетеді. Қазақстанда алаң бірлігіне жұмсалатын жылу қуаты ортаеуропалық көрсеткіштен 2 еседен астам жоғары. Терможаңғырту бойынша шаралар жүргізу – еденді, қабырғаны, шатырды қымтау, автоматтандырылған есеп желісін қою және жылу тұтынуды реттеу жылу жылу тұтынуда 30 пайызға дейін үнем жасауға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға қол жеткізу үшін ПИК-ке немесе басқа кондоминиумның басқару органдарына мыналары тапсыру қажет:

  • кондоминиум нысанының тіркелген растайтын құжат;
  • жөндеу жүргізу туралы ғимарат (пәтер) иелері жалпы жиналысы шешімінің хаттамасы;
  • кондоминиум нысанының ортақ мүлкін техникалық зерттеу қорытындылары бойынша ақаулық актісі;
  • мемлекеттік сараптамамен келісілген жобалық-сметалық құжаттамалары;
  • жөндеу жұмыстары үшін ай сайынғы төлемдер аударып отыратын жинақ шотының ашылғанын растайтын құжат;
  • ғимарат (пәтер) иелермен жөндеу жұмыстарына жасалған шарт.

Сұрақ: электр және жылу энергияны қосуына техникалық шарттары қандай мерзімінде беріледі, және оларға төлеу керек пе?

Жауап: ҚР Энергетика және минералдық реурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген Жылу энергияны пайдалану ережеснің 10 тармағына сәйкес (одан әрі – Ереже), энергия тарату ұйымы тұтынушыдан мәлімдеме алғаннан кейін екі жұма мерзімде жаңадан салынған кәсіпорынға, ғимаратқа, имаратқа, олардың кезендерді және бөлек өндіру объектілеріне, бар кәсіпорындарының, ғимараттың, имараттың реконструкцияға, жылу тұтынатын қоңдырына және жылу желілерге жылу, энергияға қосуына техникалық шарттар береді.

Ереженің 17 тармаққа сәйкес техникалық шарттарын беруіне және қайта ресімдеуіне төлем алынбайды.

ҚР Энергетика және минералдық реурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген Электр энергияны пайдалану ережеснің 11 тармағына сәйкес (одан әрі – Ереже), энергия тарату ұйымы тұтынушыдан мәлімдеме алғаннан кейін бір айы мерзімде жаңадан салынған кәсіпорынға, ғимаратқа, имаратқа, олардың кезендерді және бөлек өндіру объектілеріне, бар кәсіпорындарының, ғимараттың, имараттың реконструкцияға, жылу тұтынатын қоңдырына және жылу желілерге жылу, энергияға қосуына техникалық шарттар және барлық қутымен 1000 кВт дейін объектілерде электр энергияның есеп ұйымдастыру бойынша рекомендация береді. Егер объектілердің барлық қуаты 1000 кВт-тан астам болса алғашқы техникалық шарттар береді.

Ереженің 17 тармаққа сәйкес, техникалық шарттар жаңадан құрылатын және қайта құрылатын ұйымдарға алу қажет. Техникалық шарттарын беруіне және қайта ресімдеуіне төлем алынбайды.


10.07.2013 09:43

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS

Байланыс, ақпараты

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қ.
Парковая, 57 в, 226 каб
индекс: 150008
телефон: +7 7152 46-90-14
веб-сайты: ueikh.sko.gov.kz
e-mail: energetika@sko.kz
сенім телефоны: +7 7152 53-41-95

Яндекс.Метрика